Әмір Темір және оның жорықтары

Әмір Темір моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан болатын. Ол Орта Азияда 1370-1405 жылдары билік құрды. Замандастарының айтуы бойынша басшылық қабілет Әмір Темір бойынан ерте байқалған. Ол өжет те батыл болып өсті. Әмір Темір өзінің саяси өсу жолын XIV ғасырдың 60-жылдарының басында барлас тайпасына билігін орнатудан бастады. Жарақат алу нәтижесінде оның оң аяғы сол аяғынан қысқа болып, Ақсақ Темір атанды. Оны еуропалықтар Темірлан деп атаған.

Мемлекет билеушісіне айналған Темір әмір атағын қабылдады. Алғашында ол хан тағына Шыңғысхан ұрпақтарын отырғызып, «өзін тақ иесінің өкілімін» деп атады. Дәстүр бойынша мемлекет билеушісіне көрсетілетін құрметтерді Әмір Темір үнемі өзі қабылдады. Әскер байқауында Әмір Темір өзі жүргізді.

Әмір Темірдің ұраны «әділдік және күш» деп айтылды. Ұран мөрге және Әмір Темірдің сақинасына бедерленді. Шағатай ұлысының батыс бөлігі — Мауараннахрда XVI ғасырдың басына дейін Әмір Темір ұрпақтарының әулеті билік құрды.

Мемлекеттің саяси жүйесі. Әмір Темір бұрынғы саяси жүйені өзгертті. Билік басындағыларды Әмір Темірдің жақын серіктері мен оның отбасы мүшелері құрады. Ол бұрынғы рулық-тайпалық ақсүйек қауымын биліктен ығыстырды. Әмір Темір арнайы мақсаттағы тұрақты әскер жасақтады.

Әмір Темір әулеттік, діни, әскери ұстанымдарға сүйенді. Әулеттік ұстанымның ерекшелігі сонда, Әмір Темірдің ұрпақтары мен жақын туыстарының өміріне ешкім қол сұға алмады. Діни сенімі жағынан Әмір Темір ислам діні мен оның өкілдеріне құрметпен қарады. Әскери ұстанымы бойынша оның әскерінде монғол тәртібі үстемдік етті. Әмір Темір өзін Шыңғысхан империясының дәстүрін қалпына келтіруші ретінде есептеп, соның нәтижесінде жеңіске жеткенін мойындады.

Әмір Темірдің жорықтары. XIV ғасырдың 70-жылдары ол әскери ұрыс қимылдарын бастады. Әмір Темір жорықтарының ауқымы Ертістен Делиге дейінгі, Рязань жерлерінен Жерорта

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *