Жылылықтың әсері. Тыныштық күйдегі өсімдік мүшелері температураның төмендеуіне немесе жоғарылауына шыдамды келеді. Суық ауа температурасына дейін мүздатылған тұқымдар тіршілігін жоғалтпайтын болса, өсімдіктің өсуіне қолайлы температура шектері онша қашық болмайды. Өсудің төменгі температуралық шегі клетка сөлінің қату температурасына, яғни 1гЗ°С-қа тура келеді. Ең жоғарғы температуралық шек протоплазма белоктарының коагуляциялану нүктесіне, яғни 50-60°С-қа жақын болады. Бактериялар мен балдырлардың біршама түрлері +70°С немесе одан да жоғары ыстықта тіршілік ете береді.
Шындап келгенде, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуының температуралық шектерінің аралығы онша қашық болмайды. Оны 8.1. кестеде келтірілген мысалдардан анық байқауға болады. Өсімдіктердің өсуінде күндізгі мен түнгі температура айырмашылығының да үлкен маңызы бар. Түнгі температура күндізгіге қарағанда төмендеу болса, өсімдік қарқындылау өседі. Өсімдік дамуының соңғы кезеңдерінде бұл айырмашылықтың көбірек болғаны қолайлы келеді. Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде түнгі температураның қалыпты деңгейі күндізгіге байланысты болатындығы байқалды. Мысалы, үрме бұршақ күндізгі жылылық +26°С жэне түнгі температура +20°С болған жағдайда өте жоғары түсім берген. Ал температура 14-17°С болғанда түсімі біршама азайған.
Өсімдік тамырлары өсетін топырақ жылылығы, әдетте, ауамен салыстырғанда біраз төмен болады. Арнайы тәжірибелердің нәтижесінде зығыр, қарақұмық, бидай, арпа, сұлы шалған, қияр, пияз өсімдіктері үшін ауа температурасы 20°С шамасында, топырақ жылылығы 8-10°С төмен болғаны қолайлы екендігі анықталды. Аталған өсімдіктердің жылы топырақта (20-24°С) өсуі салқын топырақтағы (10-12°С) өсуінен баяулау бол атындығы байқалды. Бірақ, қызанақ және мақта өсімдіктерінің өсуіне топырақ жылылығының жоғары болғаны жөн.
Өсімдіктердің өсіп-дамуының эртүрлі кезеңдерінде түрлі органдарының қалыпты өсуі үшін температура деңгейі біркелкі бола бермейді. Мысалы, өркендердің жедел өсуі 10°-тан 20°С аралығында байқалады. Қоңыржай аймақтарда өсімдік өркенінің үзарып өсуі 15° С-пен 25°С аралығында қалыпты болса, тропикалық жэне субтропикалық аймақтарда 30°С мен 40°С аралығында байқалады. Ауа райы салқын және таулы аймақтарда өсімдіктердің өсуі 0°С шамасында да байқала береді. Клеткалардың бөлінуі және жіктелу процестері, аз да болса, қыс айларында — өте төмен температуралық жағдайларда да жүзеге аса береді. Тропикалық өсімдіктердің тұқымдары 15-30°С аралығында ғана жақсы өнсе, қоңыржай аймақтағы өсімдік тұқымдары 8-25°С аралығында қалыпты өне береді. Жемістердің жэне тұқымдардың (дәндердің) пісіп жетілуі үшін, температура вегетативтік органдарға қарағанда, біршама жоғары болғаны қолайлы болады.