Жүрек (cor; сурет 175) — қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250-350 г, көкірекаралығында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырғааралыққа жетеді, жүректің негізі (basis cordis) жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/ 3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасады. Жүректің алдыңғы және төс-қабырғалық беті (fades sternocostalis) дөңестеу келген, төстің денесі мен қабырғалар шеміршектерінің артында орналасқан, жүректің төменгі немесе көкеттік беті (facies diaphragmatica) көкетке жанасып жатады. Жүректің бүйір беттері өкпеге бағытталған.
Жүрек бетінде екі бойлық жүлге көрінеді: алдыңғы қарыншааралық (sulcus interventricularis anterior) және артқы қарыншааралық (sulcus interventricularis posterior) жүлгелер, олар жүректі алдынан да, артынан да қоршап сақинатәрізді орналасқан жүректің көлденең жүретін тәждік жүлге (sulcus coronarius) арқылы жүректің өзіндік артерия мен веналары өтеді. Бұл жүлгелерге жүректі 4 бөлімге бөлетін қалқалар сәйкес келеді: бойлық жүрекшеаралық және қарыншааралық төмпешіктер екі бөліктерге бөледі — оң және сол жақ жүрек, ал жүрекше-қарыншалы қалқалары бұлардың әрқайсысын жоғарғы камераға — жүрекше (atrium) және төменгі камераға — жүректің қарыншасына (ventriculus) бөледі. Әрбір жүрекше сәйкес қарыншамен жүрекше — қарынша тесігі арқылы байланысады.
Жүректің жоғарғы шекарасы III оң және сол қабырғалар шеміршектерінің деңгейінде орналасқан, оң шекарасы III оң шеміршекті қабырғаның жоғарғы жиегінен бастап, оң жақ қабырғааралықтан 1-2 см артта 5 оң шеміршекті қабырғаға дейін вертикаль орналасқан, сол шекарасы III сол қабырғаларының жоғарғы жиегінен, жүрек ұшына жетіп, төстің сол жиегі мен сол ортаңғы бұғаналық сызықпен шектелген. Жүрек ұшы ортаңғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қарай бесінші сол қабырғааралық кеңістікте орналасқан. Жүректің төменгі бөлігі V оң қабырғалық шеміршектен жүрек ұшына дейін созылады. Жүрек мөлшері адамның жас, жыныс, дене бітіміне байланысты әр түрлі болады. Ересек адамда жүрек ұзындығы 8,7-14 см, ең жоғарғы ені 5-8 см, алды-артқы бөлігі 6-8 см.
Оң жақ жүрекше (atrium dextnim; сурет 176, А) жүрек негізінен, қолқа мен өкпелік сабаудың оң және артынан қоршап жатады, оған жоғарғы және төменгі веналар, жүректің вена қойнауы мен жүректің меншікті ұсақ веналары келіп құяды. Оның жоғарғы бөлігін оң құлақша (auricula atrialis) құрайды. Құлақшалардың ішкі бетінде орналасқан қырлы бұлшықеттер (mm. pectinati) көрінеді. Сол жақ жүрекшеден жүрекшеаралық қалқамен (septum interatriale) бөлініп тұрады, онда сопақша шұңқыр (fossa ovalis) анық көрінеді.
Артқы кеңейген қабырғалары — қуысты вена қойнауы (sinus venarum cavarum) болып табылады. Ол жоғарғы және төменгі веналар — ірі веналық тамырлар құятын орын. Төменгі бөлігі оң жақ қарыншамен оң жүрекше — қарынша тесігі (ostium atrioventriculare dextrum) арқылы байланысады. Ал жүрекше-қарынша тесігі алдыңғы, артқы және медиалді жармақтары бар, 3 жармақты немесе жүрекше — қарынша қақпағымен (valva atrioventricularis dextra) жабылады (сурет 177). Қақпақша мен төменгі вена құятын орын арасында тәждік қойнау тесігі, ал жанында ең ұсақ жүрек веналарының нүктелі арналары орналасқан.
Оң қарынша (ventriculus dexter; сурет 176, Б) пирамида пішіндес, оның төменге қараған ұшы болады, жүректің алдыңғы бетінде, сол қарыншаның алды мен артында орналасады. Қарынша қабырғасы екі тесікке бөлінеді: артында — оң жүрекше-қарыншалық, ал алдында өкпе сабауы тесігі (ostium trunci pulmonaris). Қарыншаның шығыңқы құйғыштәрізді бөлігі осы жерде артериалді конус деп аталады. Алдыңғы, оң және сол жиегінде жартыайлы жапқыштан тұратын өкпе сабауының жапқышы (valva trunci pulmonaris) өкпе сабау тесігінің жоғарғысында орналасады. Әр жапқышқа бос жиегінде жартыайлы жапқыштары тығыз жабылуын қамтамасыз ететін түйіндер болады. Оң жақ қарыншаның қабырғасы тегіс, ал қалқан жерінде ішкі бетінде қалқалар (trabeculae carneae) мен конустәрізді емізікті бұлшықеттер (mm. papillares) көрінеді. Қарынша бұлшықеттері жиырылып, оң жүрекшеге қайта қан жібермеуі сіңірлі жіпшелер мен жиырылған емізікті бұлшықеттер арқылы іске асады.
Сол жүрекше (atrium sinistrum; сурет 176, 177) пішіні дұрыс емес текшетәрізді оң жақтан тегіс жүрекшеаралық қалқа арқылы бөлініп тұрады. Жүрекшенің алдыңғы қабырғасында алға қараған конустәрізді жалпақтану — сол жүрекше құлақшасы (auricula sinistra) орналасқан. Сол жақ жүрекше қабырғасы тегіс, себебі қырлы бұлшықеттер құлақша аймағында ғана орналасады. Жоғарғы қабырғасының артқы бөлігінде өкпе веналарының 4 тесігі (ostia venarum pulmonarium) орналасқан. Өкпе веналарында қақпақтар болмайды. Жүрекше сол жақ қарыншамен сол жүрекше-қарыншалық сопақша тесігі (ostium atrioventricular sinistrum) арқылы байланысады. Тесікте алдыңғы (cuspis anterior) және артқы (cuspis posterior) үшбұрыштәрізді екі қақпақтардан тұратын митралді (valva atrioventricularis sinistra) немесе сол жақ жүрекше — қарынша қақпағы орналасқан.
Сол қарынша (ventriculus sinister; сурет 176, 177) негізгі жоғарыға қараған, пішіні конустәрізді. Ол оңжақ қарыншамен қарыншааралық қалқа (septum interventriculare) арқылы бөлінеді. Оның үлкен (төменгі) бөлігі бұлшықетті (pars muscularis), кіші бөлігі (жоғарғы) жарғақты (pars membranacea) болады. Оң жақ қарынша қабырғасынан сол қарынша қалыңдығы 2-3 есе тығыз (10-15 мм қарсы 5-8 мм-ге), себебі сол жақ қарынша жұмысы (үлкен қанайналым щеңбері) оң жақ қарынша жұмысына қарағанда (кіші қанайналым щеңбері) көп, бұлшықет қабаттарьша байланысты. Оның алдыңғы жоғарғы бөлігінде қолқа тесігі (ostium aortae), ал алды және оң жағында жүрекше-қарынша тесіктері орналасқан. Оң, сол және артқы жартылай қақпақтардан (valvulae semilunares) тұратын қолқа қақпақшасы (valva aortae) сол жақ қарынша кеудесінде орналасады. Әр қалқаның әр қақпағы мен қабырғасы арасында қолқа қойнауы (sinus aortae) орналасқан. Қалқа қақпақтары тығыздау, ал бос жиектерінде орналасқан түйіндер өкпелік сабауларға қарағанда ірілеу келеді. Олар жүрекше-қарынша (митральді) қақпақтарының кіреберісіне бекінген. Ірі сіңір жіпшелері бар 2 (алдыңғы, артқы) емізікті бұлшықеттер мен көкетті қалқалар қарыншаның ішкі бетінде, әсіресе, төбе бөлігінде орналасады.
Қарыншаның беті қолқалық тесіктің кіреберісінде тегіс болады. Жүрек қабырғалары 3 қабаттан тұрады: ішкі — эндокард (endocardium), ортаңғы — миокард (miocardium) және сыртқы — эпикард (epicardium). Эндокард жүректің барлық бөлігін алып жатады: жүрекке қатысты бұлшықетті қабықпен тығыз бітісіп, жүрек денесі жағынан эндотелиймен жабылған. Эндокардтың қалыңдығы әр түрлі: өкпелік сабау мен қолқа саңылауларында, қарыншааралық төмпешіктерде сол жақ жүрек камерасында қалыңдау болады. Эндокард жүрекше-қарынша, өкпе сабауы мен қолқа қақпақтарын құрайды.
Миокард — функциональді қатысында жүрек қабырғасының ең күшті бөлігі болып табылады. Жүрекше қабырғасының бұлшықетті қабаты жіңішке, екі жүрекшеге ортақ, әрқайсысын бөліп тұратын терең беткей қабаттан тұрады. Жүрекшелерде беткей және терең қабаттардағы бұлшықеттерді ажыратады: беткі бұлшықет көлденең орналасқан, тереңдегісі — бірыңғай салалы талшықтардан тұрады. Қарыншалардың бұлшықеттері 3 қабаттан тұрады: беткі қабат -бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады, олар оң жақтағы жарғақты сақинадан басталып, сол қарыншаға келіп, жүрек ұшында бұрама түзеді де, ішкі бірыңғай салалы қабатқа өтеді. Сыртқы және ішкі қабаттардың арасында орналасқан ортаңғы қабаттың талшықтары азды — көпті циркулярлы жүреді, соның өзінде беткі қабат секілді емес, бір қарыншадан екінші қарыншаға өтпейді, әр қарынша үшін дербес болып үлкен орын алады. Сол жақ қарыншаның бұлшықетті қабаты ең қалың болып табылады.
Жүректің автоматты жиырылуын қамтамасыз ететін жүректің өткізу жүйесін құрайтын типтік жиыратын бұлшықетті жасушалар — кардиомиоциттер мен атиптік жүректік миоциттер көлденең жолақты бұлшықеттің құрамына кіреді. Жүректің өткізгіш жүйелерінің орталығы 2 түйіндер болып табылады (сурет 178, Б): 1) қойнау-жүрекше түйіні (nodus sinuatrialis) — оң жақ жүрекше қабырғасының жоғарғы қуыс вена мен оң жақ құлақша арасында орналасқан; 2) жүрекше-қарынша түйіні (nodus atrioventricularis) -жүрекшеаралық қалқаның төменгі бөлімінің қалыңдығында жатады. Бұл түйіннен жүрекшелер миокардтың қарыншалар миокардымен байланыстыратын жүрекше-қарыншалық түйін (Гисс түйіні) шығады. Қарыншааралық қалқада бұл түйін оң және сол аяқшаға бөлінеді.
Эпикард сырт жағынан миокардты жауып тұрады және бос бетінде мезотелиймен астарланған кәдімгі сіңірлі қабық. Ол өз кезегінде көптеген серпімді талшықтарымен бірыңғай салалы қақпақтары бар дәнекер тін қабатынан бірыңғай серпімді талшықтар қоспасы бар беткі жағьша жақын орналасқан тағы да бір дәнекер қабатынан және ішкі эндотелий қабатынан тұрады.
Жүрек артериялары оң және сол жақ тәждік артериялары жартылай айшықты қақпақтардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Жүректі қанмен қамтамасыз ету тәждік артерия көмегімен жүреді.
Оң тәждік артерия (a.coronaria dextra) — қолқадан оң жақ жартылай айшықты қақпақшаға сәйкес шығып, қолқа мен оң жақ жүрекшенің құлақшасы арасына, оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жүректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетінен ауысады. Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасын, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекшеаралық қалқаны, жүрекшеаралық қалқаның 1/3-ін, оң жақ және сол жақ қарыншаның артқы емізіктік бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді. Артқы қарыншааралық тармақ — ең ірі аттас жүлгемен жүректің жоғарғы ұшына баратын тармақ.
Сол жақ тәждік артерия (a.coronaria sinistra) — қолқаның сол жақ жартылай айшықты қақпағының жанынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдындағы тәждік жүлгеде орналасады. Ол өкпе сабауы мен сол жақ кіттткене құлақшаның арасында екі тармақ береді: жіңішкелеу, алдынғы, қарыншаралық тармақ және ірілеу, сол жақты айналып өтетін тармақ. Бірінші тармақ алдыңғы қарыншааралық жүлгемен жүректің ұшына дейін түсіп, сол жерде оң жақ тәждік артерияның тармағымен анастамозданады. Екінші тармақ сол жақ тәждік артериямен жалғасы ретінде жүрек жүлгесінен жүректің сол жағынан орап өтіп, оң жақ тәждік артериямен қосылады. Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасын және артқы қабырғасының бір бөлігін, қарыншааралық перденің 2/3 бөлігін және сол жақ қарыншаның алдыңғы емізікше бұлшықетін қан тамырларымен жабдықтайды.
Жүректің веналары (сурет 179) артерияларға қарағанда көп. Көптеген ірі жүрек веналары бір жалпы веналық тамырға — тәждік қойнауға (sinus coronarius) жиналады. Тәждік қойнауға құятындар: v. cordis magna — жүрек ұшынан басталып, оның алдыңғы қарыншааралық жүлгесі бойымен көтеріліп, солға бұрылып және жүректің сол жағын орап өтіп, sinus coronarius-ке айналып жалғасады, v. posterior ventriculi sinistri — сол жақ қарыншаның артқы бетіндегі sinus coronarius немесе cordis magna — ға құятын бір немесе бірнеше вена сабаушалары, v. obliqua atrii sinistri — сол жақ құлақшаның артқы бетінде орналасқан кішкене тармақ, v. cordis parva — жүректің көлденең жүлгесінің оң жақ жартысында орналасқан және v. cordis media-ның көлденең жүлгеге жеткен жерінде осы венаға келіп құятын жіңішке тармақ. Жүректің алдыңғы веналары — yv. cordis anteriores — кішкене веналар, оң жақ қарыншаның алдыңғы бетінде орналасқан және тікелей оң жақ жүрекше қуысына құяды.