ХХ ғасырдың соңына қарай адамзат өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басты, мұнда біреу өткенді қанша қадір тұтса да, артқа қарайлаудың берері аз болды. Рим клубының негізін қалаушы жəне тұңғыш президенті Аурелио Печчеидің «Человеческие качества» (1985 г.) кітабында жазғанындай, кез келген мəселелерді шешетін кезде адамға əрдайым ғаламшардың «сыртқы шектерімен», адамның «ішкі шектерімен», өзі алған жəне өзінен кейінгілерге қалдыруы тиіс мəдени мұрамен, өзі орнатуға міндетті əлемдік қоғамдастықпен, қайткен күнде де қорғалуы тиіс экоортамен, жəне де соңында өзіне қайта ұйымдастыруға кірісетін уақыт жеткен күрделі жəне кешенді өндірістік жүйемен санасуына тура келеді. Адамға ХХІ ғасырда əрекет етуге тура келетін объективті шарттар ойлаудың жаңа нысандарын, адамдардың мінез-құлқы мен ынтымақтастығын талап етеді. Осыған орай, субъективті фактор да жаңаша дамыған жəне ұйымдастырылған болуы тиіс. Осының барлығы да, əр мемлекеттің ішкі мемлекеттік басқаруы дамығанда жəне мемлекет қызметі халықаралық аренада тең құқылы үйлестірілгенде ғана мүмкін болып табылады. Ал бұл мемлекеттік басқарудың заманауи болмысын алдын ала анықтайтын қоғамдық көздер мен факторларды мұқият зерттеуді жəне тəжірибелік игеруді талап етеді.
Басқару дегеніміз не?
Г.В.Атаманчук өзінің « Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекций» кітабында: «Басқару» деген ұғым қандай да бір өзара байланыстарда, қарым-қатынастарда, құбылыстарда, үдерістерде саналы бастау, адамның қызығушылығы мен білімі, мақсаттары мен еркі, жігері мен əркеті болғанда басталады» деп жазған. Басқаруды адамдар өздерінің тіршілік əрекеттерін өздігінен реттеу үшін қалыптастырды жəне олардың жанұя мен меншік, мораль мен құқық, өндіріс тəсілі мен мемлекет, білім мен ақпарат жəне де басқа қоғамдық институттар сияқты маңызды қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз етеді. Басқарудың субъектісі мен объектісі адам болып табылады.
Мемлекеттік басқару дегеніміз не?
Г.В. Атаманчуктің анықтамасы бойынша: Мемлекетттік басқару – мемлекеттің өзінің билік күшіне сүйенетін адамдардың қоғамдық өміріне оны реттеу, сақтау немесе түрлендіру мақсатында практикалық, ұйымдастырушылық жəне реттеуші ықпалы. Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет ішінде белгілі аумақтармен шектелген мемлекеттік басқарудың бір бөлігі болып табылады. Басқару міндеті бір ғана орталықтың орындауы үшін тым жоғары жəне де адамның өміріне қатысты шешімдер халыққа барынша жақын деңгейде, мұндай шешімдер қауымдастықтың белсенді қатысуымен қабылданса, басқару жақсы жүзеге асырылады.
Көптеген дамыған елдерде басқарудың орталықсыздандырылған əр түрлі нысандары бар. Мұндай жүйелер АҚШ, Канада, Австрия, Германия сияқты федеративтік мемлекеттер мен унитарлы мемлекеттерде (Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Скандинавия елдері) бар. Мемлекеттік автономияны пайдаланушы федерация мен басқа өңірлердің субъектілері сияқты унитарлы мемлекеттерге мемлекет аумағын əкімшілік-аумақтық бірліктерге – өңірлерге (облыстар), қалаларға, қала аудандарына, ауылдық аудандарға, өзге елді мекендерге бөлу тəн болып келеді. Жергілікті басқаруды ұйымдастырудың екі нысаны бар (көптеген мемлекеттерде – биліктер): Жергілікті (мемлекеттік) басқару – орталық билікпен немесе басқарудың жоғары тұратын аумақтық деңгейдегі əкімшілігімен жүзеге асырылатын жергілікті аумақтық бірліктегі басқарушылық қызмет.
Мұндай жергілікті басқару, əдетте жоғары билікпен тағайындалатын əкімшілік органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда жəне астанада қызметке ҚР Президенті лауазымға тағайындайтын жəне лауазымнан босататын əкімдермен, ал өзге əкімшілік- аумақтық бірліктерде – ҚР Президенті белгілеген тəртіпте тағайындалатын немесе сайланатын əкімдермен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабы бойынша республикада жергілікті маңызы бар мəселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ету жергілікті өзін-өзі басқару деп танылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті аумақтық бірліктің тұрғындарының – аумақтық ұжымның (қоғамдастықтың) жəне оның істерін басқару жөніндегі сайланбалы органдарының қызметі. Томас Джефферсонның пікірі өзін өзі басқарудың мəнін толығырақ ашады: «Жерді мекендеген əр адам мен əр адамдар қауымдастығы өзін-өзі басқару құқығына ие. Олар оны өмірмен бірге табиғаттан алады. Тұлға бұл құқықты өзінің жеке ерік-жігері арқылы жүзеге асырады, адамдар қауымдастығы…» (Лидер и человек). Көне заманда туындаған халықтың аумақтық өзін өзі басқаруы саяси шығармаларда əр түрлі бағыттарда эмоциялық жəне ғылыми зерттемелерге ие болды: утопияшылдардың, либералдардың, марксистердің.
«Жергілікті өзін-өзі басқару» ұғымына анықтама беру бойынша əр алуан көзқарастар бар. Кең мағынасында ол əлеуметтік саланы өзара реттеумен теңестіріледі. Бұл халықтың өзін өзі басқаруы сияқты болып табылады. «Өзін-өзі басқаруды» сондай-ақ, аумақтың орталықтан белгіленген тəуелсіздігі деп те түсіндіреді, өзі үшін өзінің ішкі міндеттерін өздігімен шешу мүмкіндігі. Бұл ретте жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті тұрғындармен сайланған билік органдарының берілген аумақ пен тұрғындардың мүдделерін қанағаттандыру мен қорғауға бағытталған қызметі ретінде ұғынылады.
Ресей саясатшысы Г.Н. Дыльнов «жергілікті өзін өзі басқару жергілікті билік органдарының ағымдағы əкімшілік, шаруашылық, кадр жəне өзге де мəселелерді сайлау негізінде, оның ұжым мүшелеріне есеп берушілігі негізінде басшылықтың сайламалығы мен ауыспалылығы демократиялық қағидаттарына сүйенетін мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдармен шешу жөніндегі қызметі» деп анықтама береді (Вопросы развития местного самоуправления // Право. №11, 2001 ж.).
Алайда, барлық анықтамаларда жергілікті өзін-өзі басқару – ағымдағы мəселелерді шешу үшін жергілікті билік органдарына дербестік беру, бұл жергілікті билік органдарының жергілікті халықтың мүддесіне сай аумақтық басқаруды ұйымдастыру негізгі мақсаты болып табылатын жергілікті билік органдарының қызметі деген ой көрінеді.