Жемістердің құрылысы, классификациясы мен пісіп жетілуі. Салқым немесе шоқ жемістер деп гүлшоғырының құрамында болатын жеке гүлдерден өсіп шыққан жемістердің жиынтығын айтады. Өсімдік түрлеріне қарай салқым жемістердің өзара азды-көпті өзгешеліктері болады. Мысалы, тұт ағашының әрбір етженді жидектері жеке-жеке жалған жемісшелерден құралады да, олардың жеміс серіктері өзара кірігіп кетеді. Жүзімнің гүлшоғырынан пайда болған жидектері піскен кезде де дара-дара болып жатады. Ал ананастың гүлшоғырының негізгі өсі етженді болып келеді де, оған масақтанып орналасқан жеке гүлдер өзінше жидекке айналады.
Нағыз жеміс гүлдің тек түйінінен өсіп шығады. Мұнда гүл түйінінің қабырғасы (керегесі) қалындап барып етженді жеміс қабырғасына айналады, оны ботаникада жеміс серігі, жеміс еті немесе перикарпий деп атайды. Өсімдік түріне қарай жеміс серігінің құрылысы түрліше болады. Жеміс серігі — экзокарпий, эндокарпий және мезокарпий деп аталатын үш түрлі қабаттан тұрады. Бұлар әсіресе етті жемістерде (мысалы: шие, өрік, шабдал, алхоры және басқаларында) айқын көрінеді.
Экзокарпий — жеміс серігінің ең сыртын қаптап жатқан бөлімі. Бұл кейбір өсімдік жемісінде түрліше түсті, жылтыр, балауыз жүғыны бар (шомырт, алхоры, жүзім, т.б.), ал кейбіреулерінде түкті де (шабдалы) болады.
Эндокарпий — жеміс серігінің ішкі қабаты. Бұл да өсімдіктің түріне қарай әр қилы болады. Ол кейбір өсімдікте қатайып, сүйекке айналып кетеді (өрік, шие, алхоры, т.б.), қайсыбірінде жүп-жұқа ғана үлпек болып қалады (бұршақ тұқымдастардың жемісінде).
Мезокарпий — экзокарпий мен эндокарпийдің екі арасында орналасқан жеміс серігінің негізгі бөлімі. Бұл кейбір өсімдік жемісінде онша жақсы жетілмейді, жүқа ғана қабатқа айналып қалады (бұршақ тұқымдылар жемісінің ортаңғы қабаты), кейбір өсімдікте жақсы жетіледі, етженді және шырынды болады (өрік, шабдалы, алхоры, алша, шие, т.б.) Мұндай жемістерді көбінесе сүйекті жеміс немесе етті жеміс деп атайды.
Жеміс серігінің осы көрсетілген үш түрлі қабатының әрқилы болып келген қасиеттеріне — қаттылығына, жүмсақтығына, қүрғақтығына, шырындылығына қарай барлық жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды жеміс және қүрғақ жеміс деп екі топқа айырады: 1) Шырынды жемістердің денесіндегі етінің барлық бөлімі жұмсақ және шырынды болады немесе оның жарым-жартысы қатайып барып сүйектеніп кетеді. Шырынды жемістер тағы да өзінше: жидек жеміс (миуа), жидек тәрізді жеміс және сүйекті жеміс деп үшке бөлінеді. Жидек жемістің экзокарпиі жұқа, жұмсақ; тұқымдары көп, мезокарпиі мен эндокарпиі өте шырынды болып келеді. Бұан жататындар: қарлыған, түшала, помидор, жүзім, итбүлдірген (қызамық), т.б.
Жидек тәрізді жемістердің экзокарпиі қалың, қатайыңқы және көнтек болып келеді де, ол өзінің астындағы мезокарпийге тығыз жанаса жатады (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр) немесе оған жақындасып қана орналасады (лимон, апельсин). Сүйекті жемістердің экзокарпиі жұмсақ және жұқа, эндокарпиі қатты сүректенген (сүйек), көпшілігінің мезокарпиі шырынды және қалың (алхоры, өрік, шие, шабдалы, ал біразынікі шырынсыз және қүрғақ (бадам, жаңғақ), қайсыбірінікі талшықты (кокос пальмасы) болып келеді. Сүйекті жемістердің көпшілігінің түқымы біреу ғана (шие, өрік, алхоры, т.б.), кейбіреулерінде екеу немесе бірнешеу болып кездесе береді (долана). Әрбір сүйекті жемістің түқымы оның ішіндегі үясының санына сай келеді.
2) Құрғақ жемістің жеміс серігі құрғақ, сүректенген және көнтек болып келеді. Бұл қақырайтын және қақырамайтын кұрғақ жеміс деп екіге бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістердің жеміс серігі көбінесе сүректенген және көнтек болса, ал кейде жарғақ тәрізді болып та кездеседі. Оның ішіндегі түқымның саны бірнешеу немесе өте көп болуы да мүмкін. Қақырайтын құрғақ жемістер өздерінің қақырау жолына, ішіндегі үяларының санына қарай былай бөлінеді: Боб немесе бұршаққап — бір жеміс жапырақшадан пайда болған бір үялы қүрғақ жемістің бір түрі. Көптеген өсімдік бүршаққаптарының (бобының) ішінде тұқымдары көп, ал кейбіреулерінде бір-екіден ғана болады. Піскен кезде оның бауыр және арқа жағындағы жіктері бірдей қақырайды да, ішіндегі тұқымдары көрініп тұрады. Бұршаққап — бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жемісі. Бұлардың кейбір түрлерінде (мысалы, мия) бұршаққабының ішінде орналасқан жеке түқымдарының екі арасы кесе көлденеңінен бөлінеді де, мүндай жемісті бунақты бұршакқап деп атайды.
Бұршаққын — бір гүлдің қүрамында болатын екі жеміс жапырағынан пайда болған қос ұялы құрғақ жемістің бірі. Бұршаққынның іш жағында ұзынынан бойына тартыла біткен қалтарысы болады; осы қалтарыстың жиегіне жабысып, көптеген тұқымдар өсіп шығады. Бұршаққынының да арқа және бауыр жағында жіктері бар. Жеміс піскен кезде осы жіктері төменгі жағынан бастап жоғарыға қарай қақырап барып, түқымы түсіп қалады. Бұршаққынның үзындығы көлденеңіне (жалпақтығына) қарағанда 4 есе, кейде онан да артық болады. Бұршаққынды левкойдан, шалқаннан, рапстан, т.б. көруге болады. Егерде осы тәрізді жемістің үзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 еседен кем болса, оны бұршаққынша деп атайды, бұған мысал үшін жұмыршақтың, қанатжемістің жемістерін алуға болады.
Қорапша немесе қауашақ — кемінде екі не онан да көп жеміс жапырақтан пайда болған, көп тұқымды, бір немесе көп ұялы болатын құрғақ жемістің бір түрі. Қорапшаның немесе қауашақтың қақырау жолы өсімдік түріне қарай әрқилы болады: кейбір өсімдіктің қауашағының қақпақшасы (меңдуана, қараот, мыңтамыр), қайсыбірінің төбесіндегі тесіктері (қызғалдақ, есінек, қоңыраубас), ирекшелері (кейбір қалампырлар, наурызгүл) және бір тобының жоғарғы жағынан бастап, төменге қарай тартылған жіктері (сасық меңдуана, сүттіген, қоғажай) арқылы шытынап барып қақырайды.
Листовка — апокарпты бір жеміс жапырағынан пайда болған, бір үялы және көп түқымды болып келетін құрғақ жеміс. Бұл бауыр жағындағы жігінен ғана қақырайды. Листовканы сарғалдақтан, қара уқорғасыннан, тобылғыдан, қазотынан көруге болады. Қақырамайтын күрғақ жемістердің бір ғана түқымы болады. Бүған жататындар: дән (дәнек), жаңғақ, қанатты жеміс, шошқа жаңғақ.
Дән — бір тұқымды құрғақ жеміс, мүның жеміс серігі тұқымына кірігіп, кебекке немесе қауызға айналып кеткен, бұған астық тұқымдастардың дәндері жатады; жаңғақ — жеміс серігі қатайып, сүректеніп кеткен бір тұқымды құрғақ жеміс (жаңғақ). Қанатты жеміс — жеміс серігінің жарым-жартысы шілтерлене келіп, қанатқа айналып кеткен түқымша. Мүның қанаттарындағы жемістердің жел арқылы таралуында зор мән бар. Қанатты жемісті үйеңкіден, шегіршіннен, қайыңнан, шетеннен, тағы басқадан көруге болады. Шошқа жаңғақ — гүлжапырағы бірте-бірте қатайып барып тостаған тәрізді болады да, жемістің бір шетін бүркей жатқан негізгі жемісі үш жеміс жапырағынан пайда болған, жеміс серігі қатайып кеткен құрғақ жеміс (емендікі); тұқымша — екі жеміс жапырағынан пайда болып, қауыз тәрізденген жеміс серігі (кебегі) түқымымен кірікпеген қүрғақ жеміс. Кейбір өсімдік тұқымшасының бір шетінде айдарша тәрізді өскіншілері болады, олар жемістің жел арқылы таралуына себеп болады. Тұқымшаға күнбағыс, бетеге, бақ-бақ, кекіре, тағы басқа өсімдік жемістері жатады.