Жаппай зақымдау қаруынан қорғану құралдары жеке және ұжымдық қорғану құралдары болып бөлінеді.
Жеке қорғандару құралы
Жеке қорғану құралдары ағзаның ішіне, тері жабындарына және киімге радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғауға арналған.
Жеке қорғану құралдары тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ТАОҚҚ), теріні қорғау құралдары және медициналық қорғаныс құралдары болып жіктеледі.
Қорғау тәсілі бойыніпа ТАОҚҚ сүзгілік жәнө оқшаулаушы деген екі түрге бөлінеді. Қандай да бір қорғану құралын таңдау олардың қызметін, қорғаныстық қасиеттерін, мән-жайлардың сипатын (немен және қандай мөлшерде) есепке ала отырып анықталады. Пайдалану үшін сүзгілік үлгідегі ТАОҚҚ (газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар) неғұрлым қолжетімді, қарапайым және сенімді болады.
Қазіргі уақытта халықты қорғау үшін пайдаланылатын газтұмылдырықтардың неғүрлым кең тараған моделі — ГП-7 (ГП-7В. ГП-7ВМ) газтұмылдырығы.
Сүзгілік газтұмылдырықтарда (7-сурет) тыныс алу органдарына келіп түсетін ауа сүзгілеу әдісімен тазартылады. Газтұмылдырықтар тыныс алу органдарын, көз бен теріге уландырушы, радиоактивті заттар мен бірқатар басқа да зиянды заттардың түсуінен қорғау үшін арналған.
Газтұмылдырық беттік бөлім мен тікелей жалғастыру түтікшесімен біріктірілген сүзгілік-сіңіруші қораптан құралады. Газтұмылдырық жиынтығына сақтауға және тасымалдауға арналған сөмке мен терлетпейтін үлдірлер, сондай-ақ газтұмылдырық үлгісіне қарай сүзгілік-сіңіру материалынан жасалған күлпара (капюшон), көзді қорғайтын үлдірлер жиынтығы, сөйлесу құралының мембраналары, қорапқа арналған тоқыма гидрофобты (ылғал сіңірмейтін) қаптама, салынбалы жылытқыш манжеттер, су өткізбейтін қапшық, клапаны және затбелгісі бар торсық қақпақ кіреді.
Сүзгілік-сіңіру қорабы дем алатын ауаны аэрозольдардан және уландырушы заттардың буынан, радиоактивті шаң мен биологиялық құралдардан тазартуға арналған. Ауаны аэрозольдан (уытты түтіндер мен тұмандардан, радиоактивті шаң мен биологиялық құралдардан) тазарту аэрозольға қарсы сүзгімен, ал будан тазарту көмір-катализатордың сіңіру қабатымен жүзеге асады.
Беттік бөлім — (шлем-маска немесе маска) бет пен көзді уландырушы заттардан, радиоактивті шаңдар мен биологиялық құралдардан қорғау, тыныс алу органдарына тазаланған ауаны жеткізу мен көмірқышқыл газын (демді) сыртқа шығару қызметін атқарады.
Газтұмылдырықты пайдалану үшін беттік бөлімнің мөлшерін дұрыс таңдап алған жөн. Бұл үшін екі түрлі өлшеу жасалынады: иек, самай және бастың ең жоғарғы нүктесі арқылы өтетін шеңбер сызығының ұзындығы және бір құлақтың тесігінен екінші құлақтың тесігіне дейін маңдаймен қас доғалары арқылы өтетін жарты шеңберлік ұзындық. Екі өлшеудің нәтижелерін қосады және 3-кестедегі мөліметтерді басшылыққа ала отырып, беттік бөлімнің қажетті мөлшерін анықтайды. Газтұмылдырықты, әдетте, сөмкеде, сол жақ бүйірге (8-сурет) асып жүреді. Газтұмылдырықты кию үшін тыныс алуды кідірте тұрып, көзді жұму, баскиімді алу, беттік бөлімді шығару және екі қолмен оны төменгі бөлігінен бас бармақ сыртында, ал қалған саусақтар ішінде болатындай етіп ұстау керек (9-сурет). Одан кейін беттік бөлімнің төменгі бөлігін иекке әкелу және екі қолдың жоғары қарай жылдам қозғалысымен, көзілдірік торабы көзге тура келетіндей тартып кию керек. Осыдан кейін демді толық шығарып, көзді ашып, тыныс алуды қалпына келтіру қажет. Бұдан әрі баскиімді киюге және газтұмылдырықты бүйірге бекітуге болады.
Балалардың тыныс алу органдарын қорғау үшін ПДФ-Д(2Д), ПДФ-ІЩ2Ш) газтұмылдырықтары пайдаланылады. 1, 5 жасқа дейінгі балаларды қорғауға арналған негізгі құрал — КЗД-4 және КЗД-6 балалар қорғаныс камералары.
Тыныс алу органдарын көміртек оксидінен (СО) қорғау үшін ГП-5 газтұмылдырығының беттік бөліміне қосымша патрон жинақталымы немесе ДП-1 гепколитті патрон қолданылады. Газтұмылдырықтардың беттік бөлімдері бес өлшемді: 0,1,2,3,4-болып дайындалады. Беттік бөлім өлшемін анықтау ГП-5 газтұмылдырығындағы өлшемді анықтауға ұқсас.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік газтұмылдырықтардан бөлек, Р-2, РПГ-67, РУ-60М, РУ-60МУ тұмылдырықтары пайдаланылады. Олар жартылай маскадан, сүзгілік-сіңіруші патрондардан, дем алу мен дем шығару клапандары бар пластмасса манжеттерден, тоқыма обтюратор мен бас қаптамасынан құралады.
Тыныс алу органдарын оқшаулаушы құралдарға оқшаулаушы тыныс алу аппараттары жатады. Бұл қорғаныс құралдары тобының өкілдері:
— автономды тыныс алу аппараттары (ATA) адамның тыныс алу органдарын сығылған ауасы немесе оттегі бар баллон ішіндегі тыныс алу қоспасымен не құрамында оттек бар өнімдерден оттекті қайта өндіру есебінен зардап шегушіні оттекпен қамтамасыз етеді;
— шлангалы тыныс алу аппараттарының көмегімен таза ауа тыныс алу органдарына шланга арқылы ауа-үрлегіштен немесе шланга бойымен компрессорлық тораптан беріледі.
АТА ретінде ИП-4, ИП-5, ИП-46 (46М), КИП-8 оқшаулаушы газтұмылдырықтары, ВПАДА және АСВ-2 тыныс алу аппараттары және басқалар пайдаланылуы мүмкін.
Теріні қорғау құралдары ретінде резеңке материалдардан жасалған оқшаулаушы жамылғылар мен костюмдер, арнаулы химиялық ерітінділер сіңген кәдімгі материалдан жасалған костюм немесе сүзгілік құралдар болып табылатын комбинезон пайдаланылады.
Теріні қорғайтын сүзгілік және оқшаулаушы үлгідегі қорғаныс құралдары 10-суретте көрсетілген. Теріні қорғайтын оқшаулаушы үлгідегі қүралдарға жалпы әскери қорғаныс жинақталымы (ЖҚЖ) мен Л-1 жеңіл қорғаныс костюмі жатады. Ал теріні қорғайтын сүзгілік үлгідегі құралдарға жалпы әскери кешенді қорғаныс костюмі (ЖӘКҚК) және корғаныстық сүзгілік киім (ҚСК) жатады. ЖҚЖ ОП -1М қорғаныс жамылғысынан, қорғаныс шұлыгынан, қорғаныстық қолғаптардан (жазғы немесе қысқы), қорғаныс жамылғысына арналған тыстан, қорғаныстық, шұлықтар мен қолғаптарға арналған тыстан құралады. Жинақталым жеңге кигізілетін жамылғы түрінде немесе комбинезон түрінде қолданылуы мүмкін. Қорғаныс жамылғыларын таңдау бой бойынша жүргізіледі: бірінші бой (өлшем) — 166 см-ге дейінгі, екінші — 166-дан 172см-гедейін, үшінші— 172-ден 178см-ге дейін; төртінші — 178-ден 184 см-ге және одан жоғары бой.
Қорғаныс шұлықтарын таңдау аяқкиім өлшемі бойынша жүргізіледі: бірінші — 40-өлшемге дейінгі аяқкиім үшін; екінші — 40-42-өлшем, үшінші — 43-өлшем мен одан жоғарылар үшін.
Л-1 жеңіл қорғаныс костюмі резеңкеленген матадан жасалады және күлпарасы бар көйлектен, шұлығы бар шалбардан, екі саусақты қолғаптар мен маскаастылық астардан тұрады, сондай-ақ костюмді тасымалдауға арналған сөмке де болады. Костюмдер үш өлшемде дайындалады: бірінші — 165 см-ге дейінгі, екінші — 165-тен 172 см-ге дейінгі, үшінші — 172 см-ден жоғары бой.
ҚСК ерекше пішінделген мақта маталық комбинезоннан, ішкі киім мен екі жұп мақта маталы шұлғаудан тұрады. Комбинезон үш өлшеммен тігіледі: бірінші 160 см-ге дейінгі, екінші 160-тан 170 см-ге дейінгі, үшіншісі 170 см-ден жоғары бой.
Медициналық жеке қорғану құралдарына жеке таңу пакеті, жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) мен химияға қарсы дербес пакет (ИПП-8, ИПП-9, ИПП-10, ИПП-11) жатады. Жеке таңу пакеті жарақатты бастапқы таңу кезінде қолданылады. Ол бинттен (ені — 10 см, ұзындығы — 7 м) және екі мақта-дәкелік жастықшалардан тұрады. Жастықшалардың біреуі бинттің соңына қарай бекітіледі және қозғалмайды, ал екіншісін бинт бойымен қозғауға болады. Әдетте, жастықшалар мен бинт балауызданған қағазға оралып, резеңкеленген матадан, целлофаннан немесе пергаментті қағаздан жасалған материалға қымталып салынады. Пакеттің ішінде түйреуіш болады, ал тысында пакетті пайдалану ережелері көрсетіледі.
АИ-2 (11-сурет) жеке дәрі қобдишасы жаралану мен күйік кезінде санитарлық көмек пен жалпы көмек көрсетуге, радиоактивті, уландырушы немесе күшті әсер ететін улы заттармен (КӘУЗ) зақымданудан кррғауға немесе олардың әсерін әлсіретуге, сондай-ақ жұқпалы аурулармен аурудан сақтандыруға арналған. Қобдишада үяшықтар мен пластмасса қорапшаға бөлінген медициналық заттар жиыны орналастырылған. Қобдишаның өлшемі 90x100x20 мм, массасы — 130 г. Кобдишаның мөлшері мен формасы оны қалтада алып жүруге, өзіңмен үнемі бірге ұстауға мүмкіндік береді.
Химияға қарсы дербес пакет (ИПП-8, ИПП-9, ИПП-10 (12-сурет), ИПП-11) адамденесі мен киіміне, жеке қорғану құралдары мен аспапқа түскен тамшылы-сұйық уландырушы заттар мен бірқатар КӘУЗ-дан залалсыздандыруға арналған.