Жалпақ құрттар типінің жалпы сипаттамасы (Plathelmintes). Бұл слайд көптеген нақты мәліметтермен жалпақ құрттар типін ашады. Жалпақ құрттардың 7300 жуық түрлері белгілі. Олар теңіз және тұщы суларда, топырақта кездеседі, көпшілігі паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Жалпақ құрттарға тән белгілер: 1) үшқабаттылық: ұрығында экто, -эндо және мезодерманың дамуы; 2) тері-бұлшық ет жамылғысының болуы; 3) денесі билатеральды симметриялы; 4) дене куысының болмауы, ішкі мүшелері борпылдақ паренхимадан тұратын дәнекер ұлпаның арасында орналасқан.
Адамның гельминтоздармен аурушылық кұрылымында (гельменттер қоздыратын аурулар) ерекше орынды трематодоздар, Сорғыштар класының паразиттік өкілдері қоздыратын аурулар алады. Олардың бір бөлігі табиғи — ошақты аурулар болып табылады және Қазақстан территориясында кездеседі, сондықтан ауруларға дер кезінде диагноз қою және алдын — алу шараларына жүргізу үшін болашак дәрігерлер осы ауруларды білуі қажет.