Заратуштра туралы мәлімет

Заратуштра — тарихтағы ең алғаш пайғамбарлардың бірі, ойшыл ғұлама. Заратуштра бұдан үш мың жылдай бұрын Ұлы Тұран жазығында дүниеге келген. Ол әлемді Жаратушы Ахура-Мазданың аян беруімен отыз жасынан бастап Ұлы Шындықты насихаттай бастайды. Заратуштраның уағыздарын дала көшпелілері қабылдамай, өзін қуғынға ұшыратады. Еділ бойынан бас сауғалай қашқан дала пайғамбары Бактрия (қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспаға барып паналайды. Патшаның қолдауымен Заратуштра ілімі танылып, бірте-бірте ежелгі Иранға таралады. Заратұштраның діни уағыздары бірнеше ғасырдан соң ғана ескі парсы тіліне аударылыл, «Авеста» атты кітап болып жинақталады.

ЗаратуштраҚазіргі діни тәрбие тұрғысынан Заратуштра ілімінің бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ол әр құдайға табынатын жекелеген тайпаларды Жаратушы бір құдайға иландыруды көздеді. Бұл — бір. Екінші — барлық және әрбір пендеге бұ дүниедегі тіршілігі үшіп Жаратушы алдында жеке-дара жауапқа тартылатыны ескерілді. Үшінші — билік, мансабына қарамай (оның ішінде абыздардың да), Жаратушы алдындағы жауанкерлік құқы тең болды. Төртінші — ақырғы Сот күнінің болатындығы даусыз деп танылды. Бесінші — Ахура Мазда мен Анхра Манью бейнелері кейінгі діндердегі Періште мен Шайтан ұғымына сай келеді. Сондай-ақ, осы күштерге әр адамның қатынасы арқылы о дүниеде оның жақсылық, жамандық әрекеттері таразыланатын болды. Және оның қайсысы басым болатындығы іс иесінің бұ дүниедегі іс-әрекетіне тікелей байланысты. Сөйтіп, алтыншыдан, тайпа ішіндегі әр адамның ісие (субъект) ретіндегі қызметі айқындалды. Жетіншіден, Заратуштра ұсынған осы идеялар тұтасымен өзінен кейінгі ірі діндердің бәріне ортақ негіз болып табылатынын аңғарамыз. Яғни ол жеке арийлер тайпасына ғана емес, неше мың жыл бойы бүкіл адамзаттық тәрбиеге өзіндік үлесін қосты.

Қарапайым да күрделі діни ұғымдарға бастайтын діни тәрбиенің нәзік те қуатты ерекшелігі осыдан байқалады. Жақсылықпен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық, сарандық пен жомарттық, ерлік пен ездік т.б. сондай сан алуан қайшылықты касиеттері бар адамның өзіндік санасы мен қоғамдық сана белсенділігін оятуда, ұрпақты имандылыкқа тәрбиелеуде аталған ілімнің атқарар қызметі аз емес. Заратуштра ілімі бізге үндіеуропа дәуірінен жеткен сирек те бағалы көне жазбалардың қатарынан саналады.

Заратуштра ілімі иран, тұран халықтарына ортақ мұра болғандықтан, оған қазақ халқы да еншілес деп білеміз. Заратуштра еңбегіне тек соңғы жылдары ғана назар аудара бастадық. Заратуштра — ұлттық тәлім тарихының төрінен тиіс орнын алуға лайық тұлға.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *