Вирусты аурулар ежелден-ақ белгілі болғанымен, вирусология ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғында дами бастады. 1892 жылы орыстың ғалым — ботанигі Д.И.Ивановский темекі жапырағының мозаикалы ауруын зерттеу барысында, өте майда микроағзаларды аныктаған, олар майда тесікті бактериялды сүзгілерден өтетіндігі белгілі болған. Бұл микроағзаларды «сүзгіден өтетін вирустар»-(virus, латын тілінен аударғанда -«у» деген мағынаны білдіреді) деп атаған. Кейіннен бұлардың сүзгіден өтпейтіндері де бар екендігі анықталған, содан кейін оларды вирустар деп атаған.
Вирустардың табиғатын анықтау үшін көптеген зерттеулер жүргізілген, қағидалар айтылған. Бір ғалымдар вирустар жасушалы емес тірі паразитарлық микроағзалардан туындаған десе, біреулері регрессивті эволюңия нәтижесінде бір жасушалы микроағзалардан пайда болған деген, ал үшіншілері автономды жүйе болған жасуша элементтерінен туындаған деген пікір айтқан.
Вирустарды зерттеуде өз еңбектерін қосқан Совет Одағының ғалымдарына мына вирусологтарды жатқызуға болады: Морозов М.А, Гамалея Н.Ф, Зильбер Л.А, Чумаков Н.П, Смородинцев А.А, Жданов В.М және т.б. Вирустар — тірі материяның жасушалы емес түрінің тіршілігі. Олар өте майда. Жданов В.М «вирустардың үлкендігі орташа бактериялармен салыстырғанда піл мен тышқанның үлкендігіндей» — деп анықтама берген. Вирустарды көзбен көру тек электронды микроскоп ашылғаннан кейін ғана мүмкін болған.
Қазіргі таңда вирустарды зерттеу үшін көптеген әдістер қолданылады: химиялық, физикалық, молекулярлы-биологиялық, иммунобиологиялық және генетикалық. Барлық вирустар: адамдарды, жануарларды, жәндіктерді, бактерияларды және өсімдіктерді зақымдайтын болып жіктеледі.
Вирустардың пішіні және биологиялық қасиеті әр түрлі болады, бірақ олардың бәрінің құрылысы бірдей. Вирустың ересек бөлшектері вириондар деп атайды. Олардың құрамында ДНҚ немесе РНҚ болады. Вирустардың құрамындағы нуклеин қышқылдары бір жіпті немесе екі жіпті болуы мүмкін. Құрамында РНҚ-сы бар барлық вирустардың өздерінің геномендерінде бір жіпті РНҚ болады, ал геномендерінде ДНҚ-сы барларында екі жіпті ДНҚ-сы болады. Вирус құрамындағы генетикалық заттың екі түрлі болуына байланысты вирустар құрамында РНҚ-сы бар және күрамында ДНҚ-сы бар болып жіктеледі. Құрамында ДНҚ-сы барлары 5 топқа, ал құрамында РНҚ-сы барлары 10 топқа жіктеледі.
Вирион құрылысы. Вирионның тура ортасында нуклеин қышқылы болады, ол капсидпеи (гректің «капса» сөзінен аударғанда — жәшік дегенді білдіреді) қоршалған. Капсид — ақуызды бөліктерден тұрады, оларды капсомерлер деп атайды. Ересек вирустар химиялық құрылысы жағынан нуклеокапсид болып саналады. Капсомерлердің саны, орналасуы вирустың түріне байланысты және қатаң тұрақты болады.
Мысалы, полиомиелит вирусы 32 капсомерден, ал аденовирус — 252 капсомерден тұрады. Вирустың құрамындағы нуклеин қышқылы тұқым қуалаушылық қасиетті тасымалдаушы қызметін, ал капсид пен сыртқы қабықша қорғау қызметін атқарады, яғни нуклеин қышқылын қорғайды, сонымен қатар олар вирустың жасушаға енуіне көмектеседі.
Вирустардың көбеюі. Вирустардың көбеюі қожайын жасушасында нуклеин қышқылдарының екі еселенуі арқылы іске асады. Бұл процестерді репродукция деп атайды. Ол бірнеше сатыдан тұрады:
- Жасушаның бетінде вириондардың адсорбциялануы.
- Вирустардың жасушаға енуі
- Вирустық геномның босап шығуы
- Вирустың компоненттерінің биосинтезі
- Вирустың қалыптасуы
- Вириондардың жасушадан шығуы
Вирустың өлшемдері. Вирустар нанометрмен (нм) өлшенеді. Вирустардың өлшемдері кең диапозонда өзгеріп тұрады, 15-20 нм — ден 350-400нм — ге дейін.
Вирустарды өлшеу әдістері.
- Тесіктерінің өлшемі белгілі бактериялды сүзгілер арқылы сүзу.
- Ультрацентрифугирлеу — бұл кезде ірі вирустар тез тұнады.
- Электронды микроскопта вирустарды суретке түсіру. Вирустардың химиялық құрамы. Вирустардың қүрамындағы ДНҚ
жэне РНҚ мөлшері мен қүрамы эр түрлі. Вириондар құрамында ақуыздар аз мөлшерде кездеседі, олар 16-20 аминқышқьшдарынан тұрады. Капсидік ақуыздардан басқа, нуклеин қышқьшдарымен байланысқан ішкі ақуыздар да болады. Акуыздар вирустардың антигендік қасиетін анықтайды, сонымен қатар вирустарды қожайынының жасушаларының ферменттерініц эсерінен қорғайды.
Вирустардың ферменттері. Вирустардың жеке метаболизмі болмайды, сондықтан олар зат алмасу ферменттерін қажет етпейді. Кейбір вирустардың құрамында фермент бар екені анықталған, ол ферменттер вирустың иесінің жасушасына енуге көмектеседі. Мысалы, А тұмауының вирусының құрамында нейраминді қышқылды ыдыратып шығаратын нейраминидаза табылған, ол жануарлар жасушаларыныц қабықшаларында болады. Фагтардың құрамында — лизоцим болады, ол жасуша қабықшасын зақымдайды.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Жоғары температураның әсерінен көптеген вирустар жойылады. Гепатит вирусы температураға төзімді. Төменгі температураға вирустар сезімтал емес. Ультракүлгін сәулесі, қышқьшдар, сілтілер, залалсыздандыру ертінділері вирустарға теріс әсер етеді. Вирустар глицеринге төзімді, сондыктан оларды глицеринде ұзақ сақтауға болады. Олар антибиотиктерге төзімді.
Жануарлардың қабылдағыштығы. Кейбір вирустар үшін қабылдағыштығы жоғары жануарлар көп, мысалы, кұтыру вирусына көптеген жануарлар сезімтал. Кейбір вирустар жануардың белгілі бір түрін ғана зақымдайды, мысалы, иттің құтыру вирусы тек иттерді зақымдайды. Кейбір вирустарға жануарлар мүлдем сезімтал емес, мысалы, қызылша вирусына.
Вирустардың органотроптығы. Вирустар белгілі бір мүшені, жүйені немесе ұлпаны зақымдайтьш қасиеті бар, мысалы, құтыру вирусы тек жүйке жүйесін зақымдайды.
Вирустардың қоршаға ортаға бөлінуі. Науқастың нәжісімен, мысалы, полиомиелит вирусы және басқа да энтеровирустар бөлінеді. Құтыру вирусы сілекеймен, тұмау вирусы ауыз, мұрын қуысы жолдарынан, сөйлегенде, түшкіргенде қоршаған ортаға бөлінеді.