Барлық веналық қан мүше денелерінен оң, веналық, жүрек жартысына екі ірі веналық сабау арқылы жоғарғы және төменгі қуыс веналарға барады. Тек жүректің меншікті веналары тікелей оң жақ жүрекшеге, қуысты веналарды жанай құйылады.
Жоғарғы қуыс венасы (vena cava superior; сурет 197) — қысқа тамыр, диаметрі 20-25 м, ұзындығы 5-8 см, 1-ші оң жақ және сол жақ иық бас веналарының қосылуынан пайда болады. Венада қақпақтар жоқ, екінші қабырғааралықтардың артымен төмен жүріп үшінші қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Венаның алдында қалқанша без бен — өкпеқаппен қапталған оң жақ өкпе бар. Оң жағында медиастеналді өкпеқап, сол жағында -қолқаның жоғары көтерілетін бөлімі орналасқан. Арт жағында оң жақ өкпенің түбірімен жанасады. Жоғарғы қуыс венасының негізгі сабауына көкірекаралықтың, жүрек жанындағы қапшығының, сонымен қатар тақ веналары құяды. Соңғысы оң жақ жоғарылайтын бел венасының (v.lumbalis ascendens) жалғасы болып табылады, ол сол жақ жоғарлайтын вена жартылай жұпсыз венаның түбірі болып табылады.
Жұпсыз вена төменгі көкірекаралыққа омыртқа жотасының көкірек бөлімінің оң жақ алдыңғы қабырға бетімен өтеді, өңештің артында IV-V көкірек омыртқалары деңгейінде жұпсыз оң жақ өкпенің түбірінің артынан бойлайды, төмен және тік бағытталып жоғарғы қуыс венаға келіп құяды. Жұпсыз венаға құяды: 1) өңеш веналары (w.esophageus); 2) бронхиалды веналар (w.bronchialis); 3) сырткы қабырғаралық веналар IV-XI (w.intercostales posteriores); 4) жартылай жұпсыз вена (v. hemiarygos).
Жартылай жұпсыз вена көкірек бөліміне келіп, омыртқа жотасының сол жақ қабырғалық беті бойымен жоғары көтеріліп, кейін кесіп өтіп және XIII көкірек омыртқасы деңгейінде жұпсыз венаға құяды. Жартылай жұпсыз вена қабылдайды: 1) көкірекаралық веналар (w.mediastinales); 2) өңеш веналары (w.oesophageales); 3) IV-VI артқы қабырғааралық веналар (w.intercostales posteriores); 4) қосымша жұпсыз вена (v. hemiarygos accessoria) соңғысы сол жақтың III-IV жоғарғы қабырғааралық веналардан құралады, сонымен қатар өңештік және көкірекаралық веналардан.
Артқы қабырғааралық веналар көкірек қуысының қабырғаларынан және бөлшектеп алдыңғы құрсақ қабырғасы бөлігінен қан жинайды: А) омыртқааралық вена (v.intervertebralis) сыртқы және ішкі омыртқалық веналық өрімнен құралады. Б) жұлын тармағы (r.dorsalis), арқа бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды. Омыртқааралық веналар омыртқа өзегінің ішіңде орналасады, үлкен шүйде тесігінен жоғары және сегізкөздің ұшынан төмен орналасады. Жұлыннан, оның түбіршектері мен омыртқаның кезекті затынан қан жинайды.
Жоғарғы қуыс вена жүйесі
Жоғарғы қуыс вена жүйесі тамырлар арқылы құралады, олар веналық қанды бастан, мойыннан, қол аймағынан, көкірек және іш қуыстарының мүшелері мен қабырғаларынан жинайды. Бас және мойын мүшелерінің негізгі веналық коллекторы болып ішкі мойындырық венасы және аздап сыртқы мойындырық венасы болып табылады.
Сыртқы мойыңдырық венасы (v.jugularis externa) төс — бұғана -емізіктәрізді бұлшықеттің алдыңғы жиегінде төменгі жақсүйектің бұрышы деңгейінде, құлақ қалқаны түбіңде, екі веналық сабаудын қосылуынан: артқы құлақ венасы (v.auricularis posterior) және сыртқы мойындырық венасы мен төменгі жақсүйек венасы (v.retromandibularis) арасындағы ірі анастомоздан құралады. Төменгі мойындырық венасы өзінің бастауынан төмен түсіп, теріасты мойын бұлшықеті астында орналасады. Бұғанадан жоғары өзінің мойын шандырынан өтіп бұғанаасты венасына құяды.
Сыртқы мойындырық венасының қақпақтары бар сыртқы мойындырық веналарына келесі веналар құяды: 1. артқы құлақ венасы (v.auricularis posterior) құлақ қалқанының артында орналасқан беткей өрімінен қан жинайды; 2. жауырынүсті венасы (v. suprascapularis) аттас артериясын екі сабау ретінде жанында жүреді, кейін қосылып бір сабауға айналып сыртқы мойындырық венасының соңғы бөліміне барып құяды. Мойын аймағының аттас бөліміне теріден қан қабылдайды; 3) мойынның көлденең веналары (w.transversea cervicis) мойының бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды; 4) аддыңғы мойындырық венасы (v.jugularis anterior) жұп венасының тері веналарынан құралады, сол жерден төмендеп мойынның ортаңғы сызығы жанына барады.
Көкіректің мойындырық тілігі үстінде мойындырық веналары әдетте бір-бірімен жақсы дамыған анастамоз — мойындырық вена доғасы (arcus venosus jugularis) арқылы байланысады. Кейін алдыңғы мойындырық венасы сыртқа қарай ауытқып және төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеттің артынан өтіп, сыртқы мойындырық венасы бұғанаастылық венасына құйылады. Кейде алдыңғы мойындырық веналары қосылып мойынның ортаңғы венасын құрайды.
Ішкі мойыңдырық венасы (vena jugularis interna) бассүйектің мойындырық тесігінен төмен түсіп, жалпы ұйқы артериясымен бірге шығады. Оның барлық тармақтары бассүйек сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Бассүйекішілік веналарына (сурет 199, А): 1. ми веналары (w. cerebri) үлкен ми сыңарларынан қан жинайды. Олар беткі және терең болып бөлінеді. Мидың беткі веналары дорсо-латералді, медиалді және базалді бетімен үлкен ми сыңарларынан және мишықтан қан жинайды. Олар мидың төменгі және жоғарғы веналары (vena cerebri media superficiales) мишықтың жоғарғы және төменгі веналары (w. сегеЬеШ). Мидың терең веналары жарты шарларының ақ затынан миды құраушы ядроларынан, қарынша қабырғалары мен мидың тамырлары түйінінен қан жинайды. Оларға негізгі қалаушы венасы (vena basilaris), мидың алдыңғы веналары (w.anteriores cerebri) көру төмпешігінің ішкі және жолақты дененің веналары (w.thalamastriate superiores et inferiores), мидың ішкі ееналары (w.internae cerebri), мидың үлкен венасы (vena cerebri magna), мидың жұлын бөлігінің веналары (w. pontis) сопақша мидың веналары (vv.medulla oblangata); 2. менингеалді веналар (vv. miningeae) мидың қабықтарынан; 3. сүйекішілік немесе бассүйектің диплоидты веналары (w. diploicae) бас сүйектен, осы кезде сүйекішкі веналарының бір бөлігі мидың қатты қабығының қойнауына құяды, келесісі — веналық түтіктері арқылы бастың сыртқы жамылғысының веналарымен байланысады; 4. көз веналары (w. ophtalmicae) көз шарасынан, көзжас безінен, қабақтан, мұрын қуысынан, маңдай бөлігі мен сыртқы мұрыннан өтеді; 5. ішкі құлақ веналары, ұлудан қан жинайды.
Төменгі қуыс вена жүйесі
Төменгі қуыс вена жүйесі аяқтан, жамбас астауы мен құрсақ қуысы мүшелері мен қабырғаларынан қан жинайтын қан тамырлардан түзіледі. Төменгі қуыс венасы (v. cava inferior; сурет 203) IV-V бел омыртқалары деңгейінде оң және сол жақ жалпы мықын артерияларының қосылуынан пайда болған. Венаның сол жағында қолқаның іштік бөлігі орналасқан, өзінің бастауынан төменгі қуыс венасы жоғары көтеріліп, омыртқалардың денесінің оң жақ бүйір бетін бойлай, кейін көкеттің аттас тесігі арқылы өтіп, жүрекаралық қалта қуысына келіп, бірден оң жақ жүрекшеге құяды. Төменгі қуыс венасы жүрер жолында бірқатар тармақтарды қабылдайды, олардың ішінен қабырғаішілік және ішкі мүшелік веналық тамырлар ерекшеленеді. Қабырғаішілік тармақтар тобын құрайды: 1) бел веналары (w. lumbales) әр жағынан төрт-төрттен құрсақ қабырғасы бұлшықеттер арасымен бел артерияларымен қатарласа жүріп, омыртқа бағанасының веналық өрімінен, арқаның бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды. Олар омыртқаның бүйірлерінен вертикалді орналасқан аностомоздармен қосылады, олар оң және сол жақ жоғары көтерілетін бел веналарын құрайды. Бел артерияларының қақпақтары болады; 2) төменгі көкет веналары (w. phrenicae inferiores) көкеттің төменгі бетінен қан жинап, көкеттің төменінде орналасқан төменгі қуыс венасына барып құяды.
Ішкі ағзалар венасы тармақтарына жатады: 1) атабез веналары (w. testiculares), әйелдерде — анабез веналары (w. ovaricae), анабез паренхималарынан қан жинайды. Оң атабез төменгі қуыс венаға, ал сол атабез бүйрек венасына құйылады; 2) бүйрек веналары (w. renales), бүйрек қақпасынан медиалді жүріп және тік бұрыш жасап төменгі қуыс венаға I және II бел омыртқалары арасындағы омыртқаларалық шеміршек деңгейінде құяды. Бүйрек веналары бүйректен, оның майлы қабығынан және несепағардан қан жинайды; 3) бүйрекүстівеналары (w.suprarenales), бүйрекүсті безінен қанды жинап, бүйрекүсті бездерінің веналары сол бүйрек венасына, оң жағы көбінесе төменгі қуыс венаға құйылады; 4) бауыр веналары (w. hepaticae) бауыр артериясының қылтамыр жүйесі мен бауыр қалыңында қақпалық венадан жинайды. Олар бауыр аумағының артқы жиегінен шығып, бірден төменгі қуыс венасына құйылады.
Құрсақ қуысының сыңарсыз мүшелерінен қан алдымен қақпа венасы жүйесіне құяды, ал оны бауырға, кейін бауыр веналары арқылы төменгі қуыс венасына апарады.
Бауырдың қақпа венасы (v. portae hepatis; сурет 204) ұйқы безі басының артында төменгі шажырқай (v. mesenterica inferior), жоғарғы шажырқай (v. mesenterica superior) және көкбауыр (v. splenica) веналарының қосылуынан пайда болған. Кейін ол жоғары және оң жаққа бағытталып он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінің артында бауыр — он екі елі ішек байламы табақшалары арасымен жүріп, бауыр қақпасына жетіп, мүшенің ішіне енгізіліп тұрған оң және сол жақ тармақтарына бөлінеді. Қақпалық венаға өт веналары (v. cystica), оң және сол жақ асқазан веналары (w. gacstricae), қақпа (v. prepylorica), он екі елі ішектік және ұйқы безінің веналары (w. pancreaticoduodenal) құйылады.
Төменгі шажырқай венасы тік ішектің жоғарғы бөлігі қабырғаларынан сигматәрізді (w. sigmoideae) және төмендеген жиек ішектің қабырғаларынан қан жинайды. Ол кіші жамбас астауында жоғарғы тік ішек венасымен (v. rectalis superior) басталады. Кейін жоғары көтеріліп сигматәрізді ішектің қабырғаларынан келетін веналарды қабылдайды. Төменгі шажырқай венасы іш артында орналасып, кейін жоғары көтеріліп сол жиек-ішектік венасын (v.colica sinistra) қабылдап, содан соң оң жаққа ауысып, ұйқы безінің арты арқылы қақпа венасына құйылады (немесе өт венасымен бірігеді).
Жоғарғы шажырқай венасы мықын — жиек ішек бұрышынан мықын — жиек ішек венасы (v.ileocolica) болып басталады. Мықын ішектің соңғы бөлімінен, құрттәрізді өсіндіден және соқыр ішектен қан жинайды. Кейін жоғары және оң жаққа қарай бағытталып, аш ішектің шажырқай түбінде орналасып бірқатар веналарды қабылдайды: а) 16-20 аш және шажырқай ішектердің веналарын; б) оң жиек ішек еенасын (v. colica dextra) — жиек ішектің жоғарылаған бөлігінен; в) ортаңғы жиек ішек венасын (v. colica media) — бауыр иілуінен және көлденең жиек ішектен; г) оң жақ асқазан-шарбы венасын (v. gastromentalis dextra) — асқазаннан, үлкен шарбыдан, он екі елі ішектен және ұйқы безінен, сонымен қатар ұйқы безі мен он екі елі ішек веналарын (w. pancreaticoduodenals).
Көкбауыр венасы көкбауыр қақпасы аймағында көкбауыр денесінен шығатын веналық тамырлардан құралады. Осы жерде көкбауыр венасы: 1) асқазаннан, үлкен шарбыдан қан жинайтын сол жақ асқазан-шарбы венасын (v. gastromentalis sinistra); 2) асқазанның қысқа веналарын (w. gastricae breves) — асқазанның түбі аймағынан; ұйқы безі веналары (w. pancreaticae) — ұйқы безі паренхимасынан қабылдайды. Көкбауыр қақпасынан көкбауыр венасы үйқы безінің артқы жиегі бойымен оң жаққа қарай бағыттальт, кейін жоғарғы шажырқай венасымен бірігіп қақпа венасын құрайды.
Аяқ веналары бір-бірімен аностомозданатьш беткейлік және терең веналық тамырлар ретінде көрсетілген. Аяқ ұшы аймағында теріасты веналары аяқ ұшының табан және табан сырты веналық торларын құрайды, оған бақай веналары құяды.