Урокимография — жоғарғы және төменгі несеп жолдарының жиырылу функциясы олардың уродинамикасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін рентгенодиагностикалық әдіс.
Урокимографияның принципі жоғарғы несеп жолдарының жиырылғыштық қабілетін зерттеу; ол үшін зерттелетін объект пенрентген пленкасының арасына салынған жылжымалы кимографиялықтор қолданылады.
Қазіргі уақытта үздіксіз рентгенокимография неғұрлым кеңтараған, өйткені онда баспалдақты рентгенокимографиядағыдай емес, бейнелердің формасы менөлшемдері бұзбай көрсетіледі.
Жоғарғы несеп жолдарының жиырылуларының толқыны тордың жылдамдығына (секөндіне 0,28-0,58 мм) қарағанда қуыққа үлкен жылдамдықпен (орта есеппен секөндіне 2 см) тарайды. Осының нәтижесінде жоғарғы несеп жолдарының жиырылуларының толқыны тордың барлық саңылауларын қиып өтеді. Әрбір саңылау арқылы өтетін сәулелер шумағы шүмекше мен несепағардың систоласы мен диастоласының кезеңдерін пленкаға тіркейді. Систологиялық фаза өтпе түрінде, ал диастолалықфаза дөңестер, тісшелер түрінде көрінеді.
Урокимография жоғарғы несеп жолдарының органикалық процестерден туындайтын әр түрлі моторлық кінәраттарын анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге бірқатар жағдайларда дискиноза деп аталатын функциялық ауруларды анықтауға жағдай жасайды, ал басқа ешқандай урологиялық зерттеу әдістері бұл ауруларды анықтап бере алмайды. Бүған қоса урокимография несеп жолдарының кеңеюі сипатын анықтауға мүмкіндік береді; мұнда шүмекше мен несепағар жиырылулары урокимограммада болмайтын (тісшелер мүлдем болмайтын) кездегі атонияны несеп жолдарының моторлық функциясы сақталатын, ал кейде обтурациялық фактор болғанда стеноздайтын сипатта болатын (уронимограммада биік тісшелерде көрінеді) тонустық дилятациядан ажыратылады.
Урокимография жоғарғы несеп жолдарының тонусы бұзылды деп болжанатын жағдайлардың бәрінде қолдануға келеді. Ол гидронефроз, гидроуретра, несепағарлардың халазиясы, қуық-несепағар рефлюксі және т.б. кезінде жедел жәрдемдесудің сипатытуралы мәселені шешуде ерекше маңызды рөл атқарады. Урокимограммада жоғарғы несеп жолдарының моторлық функциясы сақталғанын көрсететін деректердің болуы олардың функцияларын қалпына келтіру мағынасында табысқа жеткізетіндей пластикалық, органды сақтайтын операция жасауға мүмкіндік береді.
Пневморен, пневморетроперитонсеум, пневмопорицистография
Бұл әдістер бүйректердің, бүйрек үсті бездерінің, куықтың және қуықалды безінің сыртқы контурларын анықтау үшін қолданылады.
Пневморен 1921 ж. ұсынылған. Бұл әдістебел пункциясы арқылы бүйрек маңындағы кеңістікке оттегін не көмірқышқыл газын енгізеді,оның техникасы паранефралдық блокада кезіндегіге ұқсас. Бүйрек маңындағы клетчаткаға иненің бойымен 150текше см-ден (балаларда) 500 текше см-ге дейін (ересектерде) оттегі немесе көмірқышқыл газы ақырындап енгізіледі. Рентгенограммалар бұдан 15 мин. өткеннен соң орындалады.
Пресакральдық пневморетроперитонеум кезінде газ ретроперитоналдық кеңістіктің әр түрлі қабаттарымен байланысты борпылдақ прескаралдық клетчаткаға газ кіргізеді. Науқас тізесі мен шынтағына басып тұрғанқалпында тік ішекке сұғылған саусақпен бақылап шат аралығын қүйымшақтың шоқтығынан 1см қашықтағы нүктеде ұзын инемен пунктирлейді. Новокаин ертіндісін үзбей инъекциялап тұрып инені 10-15 см тереңдікке кіргізеді. Онымен оттегін 1-1,5 л мөлшерінде баяу енгізеді де, осыдан соңнауқасты ептеп көлбеу жағдайда етпетінен жаткызады. Рентгенографиялық зерттеуді оттегі инсуфляциясынан кейін 40-60 мин. өткеннен соңорындайды.
Зерттеудің жүргізілуіне мүлдем қарсы көрсеткіш – науқастық жалпы ауыр жағдайы, декомленсацияланған жүрек-тамыр жетімсіздігі, тік ішектің төменгі ұшы маңының, прескаралдық және ішперде сырты клетчаткасының жедел қабынба аурулары, капилляротоксикоз, қанныңұйығыштығының төмендігі, атеросклероздың ауыр формалары. Тік ішек пен жамбас веналарының варикоздық кеңуі, гипертониялық аурудың ауыр формалары салыстырмалы қарсы көрсеткіштер болып табылады.
Пневморетроперитонеум бүйрек пен бүйрек үсті бездерінің контурларының бейнелерін алуға мүмкіндік береді; бүйрекүсті бездері мен ішперде сырты кеңістігінің ісіктерін танып білуде бұл ерекше бағалы. Зерттеу әдісі экскреторлық урографиямен, ретроградтық уретропиелографиямен, ангиографиямен ұштастырылса көрнекілігі арта түседі.
Перицистография кезінде мелшері 500-600 см3 оттегі қасаға үсті немесе шатаралығы пункциясы жолымен қуықмаңы клетчаткасына енгізіледі. Перицистография оттегі цистографиясымен ұштастырылған болса қуық кабырғаларының анық бейнесі алынады.