Үлкен тарауға жататын слайд құрылымы ұлпалар туралы. Құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалардың жиынтығы ұлпа деп аталады. Біздің денеміздегі ұлпаларды үлкен-үлкен төрт топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке.
Эпителий ұлпасы — жамылғы іспетті. Осы слайд тарауында келтірілгендей, ол бір-бірімен тығыз жанасқан жасушалардан құралып, терінің сыртқы қабатын (эпидермис) түзеді, кейбір ішкі мүшелерге — ішекке, асқазанға, аңқаға төселіп тұрады. Эпителий ұлпасының басты қызметі — ағзаны зиянды әсерлерден қорғау. Әртүрлі заттарды бөліп шығаратын сілекейдің, көз жасының, тердің бездері де эпителий ұлпасынан құралады. Эпителий ұлпасының бұл түрі безді эпителий деп аталады.
Дәнекер ұлпасы өте көп түрлі. Слайд беттерінде сүйектер, сіңірлер, шеміршектер, май жасұнықтары (клетчатка) осындай ұлпадан тұратыны келтірілген. Дәнекер ұлпасының жасушалары босаң орналасады, ал араларындағы саңылауларды, жасушааралық зат толтырады. Денеміздің қаңқасын құрайтын сүйек ұлпасындағы жасушалар жасушааралық қатты затпен бейне бір бітеп, сылап тасталғандай,
Сондыктан да сүйек ұлпасының түрі жұмсақ ысқышқа (губка) немесе пенопластқа қатты ұқсайды, Қан — дәнекер ұлпасының ерекше түрі. Басқа ұлпалардан айырмашылығы, ол сұйықтықта жүзіп жүретін жасушалардан құралады.
Адам денесінің салмағының жартысына жуығын бұлшықеттер құрайды. Слайдта қарастырылатын бұлшықет ұлпасы жиырыла алатын талшықтардан тұрады. Қаңқа бұлшықеттері біздің дене мүшелерімізді қозғалысқа келтіреді. Микроскоппен қарағанда мұндай бұлшықет талшықтары көлденең жолақ сызықтарға толы сияқты көрінеді (сондықтан да оларды көлденең-жолақты деп атайды). Басқа талшықтар қан тамырларының, тыныс жолдарының, ішектің қабырғаларында бар. Оларда жолақтар байқалмайтындықтан, бірыңғай салалы деп атайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасы біздің қалауымызша жиырылады, ал бірыңғай салалы бұлшықеттердің қозғалысы өзімізге көбінесе сезіле бермейді. Жүрек бұлшықет ұлпасының ерекше түрінен құралған.
Жүйке ұлпасы слайд беттерінде көрсетілгендей жүйке жасушаларынан (нейрондар) құралған. Нейрон көптеген өсінділері бар денеден тұрады, сол өсінділері арқылы нейрондар өзара байланысады. Нейрон денелерінің топтасуынан мидың және жұлынның сұр заты түзіледі. Өсінділер тобы мидың ақ затын және әртүрлі мүшелерге тарайтын жүйкелерді түзеді.