Тіл — «адам катынасының аса маңызды кұралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісуіне, пікірлесуіне жол ашады. Сонымсн катар ол ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға тікелей әсер ететіп, әр алуан әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайтын, бірлесіп еңбек етуге дәнекер болатын, адамнын логикалык ойлау қабілеті мен керкемдік, танымдық, талғампаздық сипаттарының калыптасуына ықпал ететін, қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне мүмкіндік беретін қайталанбайтын ғажайып қатынас құралы.
Түптеп келгенде тілдің осынау күрделі де іргелі қызметі — тілдік коммуникация (языковая коммуникация) процесінін іс жүзіндегі көрінісі. Тілдің қоғамдағы орны тілдік коммуникация мәселесіне қатысты басты тұжырымдарды анықтап алуды қажет етеді. Бұл жерде тілдік коммуникация термині жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлесу құралдарының қызметі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдықәлеуметтік мәні бар ұғымды білдіретінін баса айтқымыз келеді.
Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы карым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыста болу секілді мағыналарды білдіреді. Айтулы ұғым адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесінде болатын тілдесу ерекшеліктерін айғақтай отырып, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдык қызметін жан-жақты аңғартады. Осыдан келіп «коммуникабелді» — тез тіл табысатын, түсінісуге, сөйлесуге, бейім, «коммуникабельдік» — түсінушілік т.б. деген сияқты сөздер пайда болған.
Тілдік коммуиикация сөйлесу арқылы ұғынысу, түсінісу, карым-қатынас жасау дегенді білдіреді де адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейді. Қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттарды әрекетке қосу аркылы ол адамдардың бір-бірімен пікір алмасуына, бірін-бірі байытуына мүмкіндік тудырып, карым-қатынастың сөйлеу, ойлау, түсінісу кеңістігін қалыптастырады.
Қазақ тілінің коммуникативтік ерекшелігін зерттеуде адамның дүниетанымы мен қазақ тілінің коғамдық мәнін жете түсінудің маңызы зор. Бұл жалпы дүниеге деген коғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде калыптасады. Сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік кеністіктегі қатынас кұралы ретіндегі міндетін анықтайды. Тілдің коммуникативтік қасиеті — оның барлық ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысы әрі бастысы деп айтуға болады.
Мысалы, лингвист-ғалым В.М.Солнцев тілдің аныктамасын әр түрлі кырынан тұжырымдай отырып, оның қасиеті мен ерекшелігін карастыру үшін әуелі аныктаманы да сол тілдің өзгешелігіне қарай корыту керек деген пікір айтады. Ол: «а/ с точки зрения функции языка: язык есть средство общения людей и, как таковое, есть средство формирования, выражения и сообщения мысли; б/ с точки зрения устроиства /механизма/ языка: язык есть иабор некоторых единиц и правил использоваиия этих единиц, т.е. комбинирования единиц; эти единицы «использования этих единиц, т.е. комбинирования единиц; эти единицы «делаются» говорящими в данный момент; в/ с точки зрения существования языка; язык есть результат социального, коллективного навыка «деления» единиц из звуковой материи путем сопрежения некоторых звуков с некоторым смыслом; г/с семиотической точки зрения: язык есть система знаков, т.е. материалъных предметов /звуков/, наделенных свойством обозначать того, существующее вне их самих; д/ с точки зрения информации: язык есть код, с помощью которого кодируется семантическая информация»,- дейді.
Бұл анықтамаяардың кай-қайсысы да тілдің нактылы ерекшеліктерін корытындылауға, оның /тілдің/ жан-жақты, әрі күрделі құбылыс екенін айкындауға көмектеседі. Бұл анықтамалардың арасынан әсіресе тілге ақпараттық, яғни хабарлау ойды жеткізу құралы ретінде беретін анықтамасы тілдік қатынастың қоғам, орта, адам өміріндегі айрықша рөлі мен орнын аныктауға көмектеседі.