ТАМЫР ТРОПИЗМДЕРІ. Негізгі тамыр ұшындағы оймақшасының ішкі жағында жатқан клеткаларында крахмал дәндері клетканың астыңғы жағына жиналады. Егер тік өсіп тұрған негізгі жас тамырды қисайтып, жер бетімен жарыстыра қоятын болса, клетканың астыңғы жағында жиналған крахмал дәндері, көлбеп жатқан оймақша клеткаларының астына, төселе жатқан бүйіріне жиналады, яғни тамырдың үш жағынан бүйір жағындағы қабырғасына ауысады. Орын ауыстырған крахмал дәндері протоплазманы тітіркендіре бастайды. Бұл тітіркеніс жас тамырдың мөлдір аймағына орналасқан өсу бөліміне әсер етеді. Соның салдарынан өсіп келе жатқан тамыр ұшы крахмал дәндері жиналған бүйіріне қарай майысады. Сөйтіп, негізгі тамыр өзіне тән баяғы болымды (оң) геотропизм күйіне қайта келеді. Сонымен қатар, тропизм қасиетінің пайда болуы өсу гормоны деп аталатын химиялық заттың біркелкі таралмағандығынан екені дәлелденген.
Өсімдікке әсер ететін факторлар — жарық, химиялық зат, су, жердің орталыққа (центріне) тартылу күші және т.б. Бұл сияқты әсерлер өсімдік органдарына оң және теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Сырттан тиген бірбеткей әсердің ықпалынан өсімдік мүшелерінің белгілі бағытқа қарай қозғалуын немесе майысуын тропизм дейміз. Өсімдіктің мүшелерінің бірнеше тропизмдері болады.
ГЕОТРОПИЗМ — өсімдік тамырының жер салмағы бағытымен жарыса немесе оған кері не көлбеп өсуі. Геотропизм құбылысын ХІХ-ғасырдың бас кезінде ағылшын оқымыстысы Найт зерттеген. Найт жердің тарту күшін орталық тарту күшімен ауыстырып, өсімдіктің өсуін бақылайды, ол үшін су диірмен доңғалағын пайдаланады. Одан кейін неміс физиологы Сакс осы қүбылысты зерттейтін клиностат қүралын ойлап табады. Олар геотропизмді өсімдік тамырының төмен иілуі, ал жер бетінде өсімдік мүшелерінің жоғары иілуі деп қарастырады. Үш түрлі геотропизм түрлері кездеседі: оң геотропизм, теріс геотропизм және плагиогеотропизм (трансверзальдық) геотропизм.
а) Оң геотропизм — өсімдік тамырының жер салмағы бағытымен жарыса өсуі — қағылған қазық сияқты жер центріне қарай тік енуі. Тропизмнің бүл түрі көптеген шөптесін өсімдіктердің негізгі тамырына ғана тән. Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бірін-бедені алайық. Оның негізгі тамыры жерге қарай қүлдилап тік өседі де, жарық сәулесінен кері қашады. Сондықтан да тамырдың мүндай қасиеті теріс фототропизм болып есептелінеді. Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің тамыры күн сәулесінің нүрына қарай өседі де, теріс геотропизмге немесе оң фототропизмге ие болады; мысалы: саз сауырағашының ауа тамыры, т.б.
ә) Теріс геотропизм — өсімдік тамырының жер астына емес, үстіне қарай өсуі. Бұған кейбір өсімдіктің ауа тамыры мысал болады: орхидея сияқты эпифиттік өсімдіктердің жанама тамырлары топырақтан шығып, күн сәулесіне қарай өседі. Сондықтан да ондай тамырлар оң фототропизмге ие.
б) Плагиогеотропизм — өсімдік тамырларының жерге көлбей немесе жантая өсуі. Плагиотропизм түріне жататын тамырлардың өсімдік үшін маңызы өте зор. Мысалы, көбінесе Қазақстандағы шөлдерде өсетін екі түрлі өсімдікті:
1) Сексеуілдің тік өскен кіндік тамырының бойында екі деңгей болып орналасқан жанама тамырлары болады. Оның біріжердің бетін ала орналасатын болса, екіншісі — 3-4,5 м тереңдікте. Жердің бетін ала орналасқан жанама тамырлары анда-санда жауған болар-болмас жаңбыр суын сорып алатын болса, екінші деңгейінде жатқан тамырларымен тереңдегі ыза суын немесе капиллярлық суды қабылдайды.
2) Құмда өсетін жүзген мен қандымның негізгі тамырлары небары 1,5-2 м тереңдейтін болса, олардың көлбеп өскен жанама тамырлары 20 метрге дейін барады. Сондықтан жүзген мен қандым сусып жүретін шағыл қүмдарда да, бір орында түрып та өсе береді.
ГИДРОТРОПИЗМ — өсімдік тамырларының құрғақтан топырақтың ылғалды жағына қарай өсуі. Тамыр бұрылған жағындағы ылғалды және ондағы еріген минерал тұздарын қабылдап, өсімдік әрқилы қоректік заттармен өзін қамтамасыз етеді.
АЭРОТРОПИЗМ — өсімдік тамырының топырақта болатын оттегінің көп жағына қарай қисая өсуі. Соның арқасында тамырдың топырақтағы тыныс алуы жақсарып, өсімдік жақсы өседі.
ТЕРМОТРОПИЗМ — тамыр ұшының өз тіршілігіне қолайлы жылуға қарай өсуі. Бұл — оң термотропизм. Егер топырақтың жылуы қалыпты жағдайдан асып немесе төмендеп кетсе, ондай жағдайларда тамыр ұшы ол бағыттан кері қайтып, өзіне қолайлы жаққа қарай бүрылады; бұл — теріс термотропизм. Осы қасиеттің нәтижесінде тамыр өзіне су және ондағы еріген минерал тұздарының сіңуіне қолайлы температуралық жағдай табады, яғни тіршілік процесін қамтамасыз етеді.
ХЕМОТРОПИЗМ — өсімдік тамырының бір бағытта әсер ететін химиялық затқа қарай немесе одан кері майысып өсуі. Мұның біріншісі — оң хемотропизм, екіншісі — теріс хемотропизм. Өсімдік тамыры әрқашанда өзіне керекті концентрациясы бар минерал заттарына (тыңайтқыш затқа) қарай бұрылады. Соның нәтижесінде өзінің тіршілігіне кджетті әрқилы қоректік заттарды қабылдап өсе алады. Ал, хемотаксис — барлық денесі арқылы жылжуы: балдырларда. Хемотаксис деп, сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің аналық мойнына тозаң түсіп өсуін де атауға болады.
ФОТОТРОПИЗМ — өсімдіктің жер үсті өркендерінің жарыққа қарай иілуі. Жарық жаққа қарай өсімдік мүшелерінің иілу, өсімдік мүшесінің біркелкі өспеуінен де болады. Өсімдіктің жарық жағындағы клеткалары әлсіз өседі де, ал жарық түспейтін жағы жылдам өседі. Бұл құбылысты байқау үшін мектеп жағдайында мынандай тәжірибе жүргізуге болады. Бидай немесе бұршақты терезе алдында өсіру, Өсіп шыққан өркендер терезе жаққа, жарық бар жаққа қарай иіледі.
Настилер — өсімдіктің өсу қозғалысының бірі, бүл кезде өсімдікке әсер бір жақты болмай, барлық жағынан (қоршаған орта) диффузданып әсер етуінен болатын қозғалыс. Настилер жеке фактордың әсер ету бағытына қарай жеке мүшелердің емес, өсімдіктің жалпы қимыл жағдайы өзгереді. Әдетте өсімдіктің қозғалысы өсуге , байланысты. Настикалық қозғалыстардың кейбіреулері (мысалы, мимоза) тургорлық жағдайға байланысты екені белгілі.
Эпинастий — жапырақтың, күлтенің үстіңгі жағы тез өсіп, жапырақ алақанының және күлте жиектерінің төмен қарай ашылуы. Гипонастии бұған керісінше болады. Настиге, сондай-ақ, гүлдердің түнде немесе күндіз ашылулары жатады, мұндағы негізінен қимыл туғызушы температуралық жағдай. Сейсмонастииге тургор қозғалыстарын айтуға болады. Бұны мимоза жапырақтарынан, насекоммен қоректенетін өсімдіктерден, қымыздық, шыбын жұты немесе дионадан байқауға болады Қимылдың бұл түрі мимоза өсімдігінде жақсы зерттелген, Сілкінудің немесе басқа жолмен тітіркенудің әсеріне мимоза жапырағының негізгі сағағы төмен қарай иіліп, екінші реттегі сағақтары жақындасып, жапырақтары қосарланып жинақталады. Механикалық әсерге жауап ретінде мимоза клеткалары өте тез тургорлық күйін жойып, жапырақтар салбырап қалады.