Архив метки: Вирусология

Бактериялар туралы мәлімет

Бұл мәлімет бактериялар туралы жалпы ақпаратты қамтиды. Бактериялар — прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі — 2-6 мкм. Белгілі бір түрге қатысты микроағзаларға тән болатын бактериялар жасушаларының көлемі мен пішіні түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін (бактериялдық дақылдың жасына, тіршілік ортасына және сол сияқтыларға байланысты). Бұл құбылысты полиморфизм деп атайды. Пішіні жағынан бактериялардың жасушалары үш… Читать далее »

Микроағзалардың генетикасы

Микроағзалардың белгілі сипаттарын көптеген ұрпақ бойында сақтау қабілетін тұқым куалау деп атайды. Тұқым куалау құбылысын зерттеу барысында түрлі факторлардың әсерінен әр келесі ұрпақ алдыңғы ұрпактан оны ерекшелендіретін сипаттарды қабылдай алатыны анықталған. Бұл қасиетті өзгергіштік деп атайды. Осылайша тұқым қуалау мен өзгергіштік өзара тығыз байланыста болады. Микроағзалардың тұқым қуалауын және өзгергіштігін зерттейтін гылымды генетика деп атайды (грек тіліндегі… Читать далее »

Бактериофагтардың морфологиясы және ультрақұрылысы

Фагтар — бактериялар және бірқатар басқа да микроағзалардың вирустары. Белгілі жағдайларда олар өз қожайындарының лизисін (еруін) туындатады. Фаггардың әсері табиғатта байқалады және тәжірибеде қолданыс тапқан. Фагтарды ашу және зерттеу тарихы. 1898 жылы Н.Ф.Гамалея сібір күйдіргісі бациллаларының фильтраты осы микроағзалардың жаңадан егілген дақылдарының лизисін туындататынын көрсеткен. Ф. Туорт стафилококктардың ақ, мөлдір емес колониялары мөлдірленіп, жойылатынын және стафилококктарды… Читать далее »

Вирустардың морфологиясы және ультрақұрылыстары

Вирусты аурулар ежелден-ақ белгілі болғанымен, вирусология ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғында дами бастады. 1892 жылы орыстың ғалым — ботанигі Д.И.Ивановский темекі жапырағының мозаикалы ауруын зерттеу барысында, өте майда микроағзаларды аныктаған, олар майда тесікті бактериялды сүзгілерден өтетіндігі белгілі болған. Бұл микроағзаларды «сүзгіден өтетін вирустар»-(virus, латын тілінен аударғанда -«у» деген мағынаны білдіреді) деп атаған. Кейіннен бұлардың сүзгіден өтпейтіндері… Читать далее »