Архив метки: Тұлғалар

Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылығы

Зейнолла Қабдолов Атырау облысында 1927 жылы 12 желтоқсанда мұнайшы отбасында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін) бітірген. 1950 жылдан дүниеден өткенше осы университетте ұстаздық қызмет атқарды, ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізді, әдеби шығармашылық еңбекпен айналысты. Ұстаздықта — профессор, ғылымда -академик, көркем шығармашылықта Халық жазушысы деген биік белестерге шықты. Зейнолла Қабдолов шығармашылық жолын… Читать далее »

Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы

Ғабиден Мұстафин Қарағанды облысының қазіргі Теміртау қаласына жақын жердегі Жауыртау — Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген жерде 1902 жылы қараша айында туған. Жасында ауыл молдасынан оқып хат таниды. Болашақ жазушының адамшылық, имандылық тәрбиесіне отбасынан, әсіресе әкесі Мұстафадан алған тағылымы айрықша ықпал еткен. Мұстафа қажы әділдігімен, шариғат жолдарын таза ұстайтындығымен аулында ғана емес, аймағында да беделді… Читать далее »

Мұқан Иманжанов өмірі мен шығармашылығы

Балалар әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан жазушы Мұқан Иманжановтың дүниеге келген жері — Қарағанды облысы, Жезді ауданы. Халқымыздың тарихындағы қасіретті жылдар болашақ жазушының балалық шағына, келешек өміріне өшпес әсер етті. 1935-1938 жылдары Алматыдағы есеп-санақ техникумында экономикалық білім алады. Әдебиетке деген құштарлықтың әсерімен журналистика, әдебиет айдынында құлаш сермейді. Республикалық теле-радио хабарлар тарату комитетінде (1938-1941), «Социалистік Қазақстан»… Читать далее »

Тахауи Ахтанов өмірбаяны

Шығармашылық кемел жасқа жеткен, қазақ прозасының майталман шебері, Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тахауи Ахтанов, қаламдастар тілімен айтқанда «біздің Тахаң» Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданында 1924 жылы дүниеге келген. Әйтсе де жасынан от боп жанып өскен баланы жұрт ерте көзге іліп «райком болатын бала» деп мақтап, ауызға ала бастаған. Сол дем берумен комсомолға өтемін… Читать далее »

Абылай хан өмірбаяны

Халық аңыздары бойынша, ата-анадан айырылып, қазақ даласына сырт өлкеден (Үргеніштен) келген, әбден арып-ашыған жас жетім бала Абылай хан өзінің атын да білмейтін болып шығады. Ол Төле би не айтса, соған көнеді: «… — Кімсің? — десе: — Білмеймін, — деп; — Атың кім? — десе: — Сіз қойған ат атым болсын, — деген соң, шашы… Читать далее »

Сәбит Мұқанов туралы реферат

Қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы, ақын, драматург, қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқановтың есімі XX ғасырдағы әдебиет әлемінің көрнекті тұлғалары қатарында құрметпен аталады. Сәбит Мұқановтың балалық шағы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өңірінде өтті. Жастық шағында Омбыдағы мұғалімдер курсында, Орынбордағы жұмысшылар факультетінде, Мәскеудегі қызыл профессура институтында білім алған. Бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1936-1937, 1943-1951), Дүниежүзілік Бейбітшілікті… Читать далее »

Әлия Молдағұлова өмірбаяны

Әлия (Ылия) Нұрмұханбетқызы Молдағұлова (Сарқұлова болуға тиіс) Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында 1925 жылғы маусымның 15-інде дүниеге келген. Елдің айтуынша, әкесі Нұрмұханбет — «үстем тап өкілі, бай баласы» делініп, қызыл үкіметтен қуғын, тобырдан түрткі көрген кісі. Қобданың НКВД-сының түрмесіне қамалып, әрең құтылған кездері болған. Беріде сол атақтан қорқып, коммунистер қатарына кірген деседі. Нұрмұханбет жаны… Читать далее »

Құрманғазы Сағырбайұлы өмірбаяны

Ұлттык саз өнерінің жарық жұлдызы Құрманғазы Сағырбайұлы өмірбаяны, асқақ рухты күйлері бүткіл рухани өмірімізбен біте қайнасып, ажырамас бөлшегіне айналып кеткелі қашан! Қай кезден болсын үлкенді-кішілі сахналардағы қандай да бір концерт бағдарламаларын Құрман бабаның құдіретті күйлерінсіз көзге елестету де, көңілге тоқ санауда қиын. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы сарқылмас рухани мұрасы жанымызға қаншалықты жақын болса, оның қилы-қилы кезеңдегі… Читать далее »

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 июль күні дүниеге келеді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен… Читать далее »