Архив метки: Тұлғалар

Сəбит Дөнентайұлы өмірбаяны

Өмірі дегенде Сəбит Дөнентайұлының өмір тарихынан қолымызға керекті мəлімет түспеді. Əйткенмен оны аздап білетін Жаманқұлұлы сықылды жолдастардың берген қысқаша мəліметін жазуды мақұл көрдік. Сəбит Дөнентайұлы əлі тірі кісі болғандықтан оның өмірінде болған істерді кейін толықтырармыз дедік. Дөнентайұлы бұрынғы Кереку уезі, Аққу болысында (қазіргі Павлодар ауданы) 1884 жылы туған. Əкесі Дөнентай молдасымақтау кедей адам дейді. Жас… Читать далее »

Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірбаяны

Сұлтанмахмұт Семей губерниясы, Павлодар уезі, Шідерті ауданында 1983 жылы октябрьдің 15-інде туған. Өз əкесі – Шоқпыт. Торайғыр – жетінші атасы. Сұлтанмахмұт бір жасында шешесінен жетім қалады. 6 жасқа толғанда оны əкесі Шоқпыт ескіше «əліпбиге» үйретеді. Əкесінен «тіл сындырарлық» қана сабақ алып, əр молдадан тиіп-қашып сабақ оқып, недəуір жыл жүреді. 12-13 жасында Мұқан молда дегеннен оқиды.… Читать далее »

Мағжан Жұмабаев өмірбаяны

Мағжан Жұмабаев 1894 жылы қазіргі Бейнетқор ауданында (бұрынғы Сары айғыр болысы, Ақмола облысы, Қызылжар уезі) туған. Мағжанның өз əкесі Бекен деген адам (1867 жылы туған). Жұмабай Бекеннің əкесі (1827 жылы туған). Жұмабайдың əкесі Шонай. Оның əкесі Өтеген, оның əкесі Өтеміс. Қазір Өтеміс деген арғынның Атығай деген танабының бір руы. Шонай момын, жуас, шаруа адам болған.… Читать далее »

Омар Қарашұлы өмірбаяны

Омардың өмір тарихын білетін адамнан біздің қолымызға түскен, онымен елдес Қалел Есенбайұлы деген жолдас: ол жолдаспен сөйлескенде, Омардың жалпы өмір желісін білгенмен, басынан кешірген күндерінің мезгілдерін, əсіресе, туған жылын анықтап айта алмады. Сондықтан Омардың өмір тарихын біз бұл жазып отырған ақындарымыздың ішіндегі ең аз мəліметтісі деп санаймыз. Қалел айтқан мəлімет былай: Омар, шамасы, 1876 жылдары… Читать далее »

Міржақып Дулатұлы өмірбаяны

Міржақыптың өмір тарихы туралы толық мəлімет біздің қолымызға түспеді. Біздің қолымыздағы бар мəлімет, 1913 жылы Мəскеудегі Күншығыс институтының басқаруымен басылып шығатын «Ашшархият» дейтін кітап болды. Осы кітапта түрік елдерінің бірнеше ақын-жазушыларының шығармаларынан орыс тіліне аударма жасалған. Қазақ жазушыларынан ол жинаққа кіргендер: Абай Құнанбайұлы мен Міржақып Дулатұлы. Осы жинақтың басқарушыларына Міржақып қысқаша түрде өзінің өмір тарихын… Читать далее »

Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы январьдың жаңаша 28-інде, ескіше Торғай уезі, Торғай облысында туған. Руы қазақ ішінде арғын. Ахметтің əкесі Байтұрсын Шошақұлы, арғын ішінде беделді, аталықты, елдің бас адамы болған. Байтұрсынның Ақтас деген інісі болған. Байтұрсын, Ақтасты бұрынғы Ақмола, Торғай облысында білмейтін адам шамалы болуға тиіс. Байтұрсын, Ақтас атағын шығаруға зор себеп болған нəрсенің біреуі мынау:… Читать далее »

Сəбит Мұқанов өмірбаяны

Сəбит Мұқанов – қазақ даласына еңбекші таптың мүддесін қорғап келген ХХ ғасыр басындағы төңкеріс заманының аса көрнекті жазушысы. Оның шығармаларында қазақ халқының отаршылдық езгідегі өмірі мен азаттық жолындағы күресі, жаңа өмірі шежіредей сыр шертеді. Ол өз заманының есімі ел арасына кең жайылған жазушысы болды. Сонымен бірге елдің қоғамдық, əлеуметтік өміріне араласқан, дəуірдің жаңару идеясын қаламымен… Читать далее »

Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығы

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының… Читать далее »

Тахауи Ахтанов өмірбаяны мен шығармашылығы

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Тахауи Ахтанов 1923 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шетырғыз ауылында туған. Орта мектепті тамамдаған соң, 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына түседі. Осы институттың филология факультетінің екінші курсында оқып жүргенде, ел басына екіталай күн туғызған сұрапыл соғыс албырт, арманшыл жастың намысын оятып, қан майданға өзі сұранып аттанады. Сұрапылмен… Читать далее »