Архив метки: Дүниежүзі тарихы

Германия мен Еуропадағы реформациялар

Германияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары Өнеркәсіп пен сауда. XVI ғасырдың басында Германияның шаруашылығы дамып, өрлей түсті. Кен өнеркәсібі, әсіресе күміс өндіру мен металлургия жоғары дамыды. Рейн мен Дунай бойындағы қалаларда металлургия өнеркәсібі, атап айтқанда, қару-жарақ жасау едәуір дамыды. Бұл аудандарда сонымен қатар шұға, кендір, жібек, мақта-мата бұйымдарын шығаратын өнеркәсіптер жұмыс істеді. Елдің онтүстігінде де осындай… Читать далее »

XIV ғасырдағы Түркия

Осман мемлекетінің құрылуы. Орта Азиядан және Қара теңіз маңайынан X — ХIII ғасырдың орта шешінде Кіші Азияға қоныс аударған түрік-оғыз тайпаларының Кіші Азияның түрік-селжүқтарымен араласып, бірігуі нәтижесінде XIII ғасырдың аяғы — XIV ғасырдың бас кезінде, жаңа мемлекет пайда болды. Бұл мемлекетті басқарғандар көшпелі оғыздар мен қыпшақтар еді. Бұлардың тұңғыш көсемі Эртогрул, ал оның баласы Осман… Читать далее »

Ұлы географиялық ашылулар және олардың нәтижелері

Христофор Колумбтың Американы ашуы. XV ғасырда португалдық теңізшілер алтын іздеп Африкаға аттанды. Олар Африканың солтүстік жағалауындағы маңызды сауда жолын басып алды. Бұл жолмен алтын тасылатын еді. Бұл Португалияның отарлық экспедициясының бастамасы болатын. Португалдықтар 30 жыл ішінде Африканың батыс жағалауына дейін жетті. XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар тәрізді деген болжамдары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар… Читать далее »

Халықаралық саяхаттар

Чжэн Хэ саяхаты. Шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы негізгі екі тармақтан тұрады. Оңтүстік тармақ Солтүстік Қытайдан Орта Азия арқылы Таяу Шығысқа және Солтүстік Үндістанға бағытталды. Ал солтүстік тармақ Солтүстік Қытайдан Памир және Арал бойы арқылы төменгі Еділге, одан әрі Қара теңізге дейін созылды. Бұған қоса бірнеше қосымша тармақтары да болды. Жібек жолы арқылы… Читать далее »

Англия мен Ресейдегі абсолютизм

Англияда абсолютизмнің қалыптасуы. Англияда 1343 жылдан бастап Парламент екі палатадан тұратын болды. Жоғарғы палата — лордтар палатасы деп аталып архиепископтардан, епископтардан, ірі барондардан құрылды. Төменгі палата — қауымдар палатасы аталды. Оған рыцарьлар мен қала өкілдері қатынасты. Кейін XIV ғасырда Парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент… Читать далее »

Франциядағы абсолютизмнің қалыптасуы

Француз абсолютизмі мен экономикасының даму ерекшеліктері. Францияны біріктіру XI Людовиктің тұсында (1461-1483) аяқталды. XVI ғасырда ірі герцогтік Бретань Францияға қосылғаннан кейін Франция өзінің аумағын қалыптастырып, Батыс Еуропадағы орталықтандырылған аграрлы ірі мемлекетке айналды. Франция — Лангедок, Прованс, Дофинэ, Бургундия, Бретань және Нормандия провинцияларынан тұрды. XVI ғасырдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер Францияда абсолюттік монархияны қалыптастырды. Басқа Еуропа елдеріндегі абсолютизммен… Читать далее »

Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі

«Қара өлім». Қалалардың ластығынан жұқпалы аурулар жиі тарап, адам өлімі көбейді. Жұқпалы ауруларды Еуропа елдеріне кемелер арқылы жеткен егеуқұйрықтар арқылы таратты. Індет қалаларда қатты болып, Еуропа тұрғындарының үштен бірі қазаға ұшырады. Бұл қорқынышты оба індеті XIV ғасырда «Қара өлім» деп аталынды. Көптеген елді мекендер қаңырап бос қалды, қалаларда адамдарды жерлейтін зираттар жетіспеді. Франция мен Англияда, осылайша,… Читать далее »

Феодалдық қоғам. Феодализм түсінігі

Феодализм түсінігі. Орта ғасырлардың негізгі белгісінің бірі жерге жеке феодалдық меншіктің орнауы. «Феод» атауы «жерге мұрагерлік иелік ету» деген латынша ұғымды білдіреді. Ал бұл жердің иесін «феодал» деп атаған. Феодализмнің мәні — жер кімнің иелігінде болса, биліктің де соның қолында болуы. XVII ғасырдағы француз тілінің түсіндірме сөздігінде «феодализмге» берілген тұңғыш анықтамада «феодтың иесіне берілетін заңдық… Читать далее »

Киев Русінің құрылуы

Шығыс славян тайпалары. VI ғасырда Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабын шығыс славян тайпалары мекендеген. Шығыс славян тайпаларының жерінде құрылған мемлекет «Русь» деп аталды. IX ғасырдың басында шығыс славян тайпалары екі мемлекеттік одақ құрды. Біріншісі — полян тайпаларының одағы, астанасы Киев қаласы, екіншісі — солтүстікте Ильмен көлінің маңындағы кривич және басқа тайпалар одағы. Шығыс славян шаруашылығының… Читать далее »