Тұқымның өнуі кезінде ондағы қор заттарының айналысы күрделі заттардың, мысалы: күрделі көмірсулар — қарапайым қантқа, майлар — май қышқылы мен глицеринге, белоктар — амин қышқылы мен аммиакқа гидролизденуімен аяқталмайды. Бұл заттардың бәрі қарапайым заттарға айналуынан кейін күрделі синтездік процеске ұшырайды. Бұлай болу себебі — түқымның өнуі тек қор заттарының кемуі, жүмсалуы ғана емес, сонымен қатар жас өркеннің мүшелерінің қалыптасуы үшін ол заттар қайта синтезделуі керек. Сонымен тұқымның өнуі нәтижесінде тұқым құрамындағы қоймадағы заттардың ыдырап, одан кету нәтижесінде эндосперм мен жарнақтың көлемі кеміп, оның орнына жас өркеннің жаңа мүшелері құралып, оның көлемі артады. Тұқымның өнуінде жүретін гидролиз процесін бақылау онша қиынға түспейді, ол үшін өнген түқымды езіп, онда микроорганизмдер түспеу үшін хлороформ немесе толуолмен ептеп өңдеп, ферменттердің қызмет бағытын бақылауға болады, бүл кезде синтездік процесті тұқымды езу арқылы толық тоқтатуға болады. Ал түқым өну кезінде синтездік процесті бақылау қиынға түседі, оның себебі синтез процесі жүрген кезде гидролиз процесі қабат өтеді. Сол себепті синтез процесін тұқым құрамындағы заттардың өзгерісіне қарай бақылаймыз.
Тұқым құрамындағы көмірсу заттарының ыдырауында синтез процесі басқа заттармен салыстырғанда жақсы анықталған. Глюкоза — күрделі көмірсу заттарынан түзілетін клеткалардың тыныс алуына жұмсалатын негізгі зат. Егер өсімдік тұқымын қараңғы жерде өсірсек, қоректік жалпы қант заттарының мөлшері кемігендігін бақылауға болады. Мысалы: бидай тұқымының өнгеннен 2 күннен кейін құрамындағы 20%-қант заты, 6 күннен кейін-35%, 9 күннен кейін-63%, 12 күннен кейін 81% кднт затының мөлшері кеміген. Көмірсу заттарының ішінде әсіресе, крахмал дәндерінің ыдырауы тездеп, оның орнына қарапайым қант мөлшері уақытша артып, біраз күннен кейін бұл зат та кемиді. Оның орнына клетчатка мөлшері өне бойы артып отырады. Бұлай болу себебі жаңа мүшелердің түзілуіне байланысты клетка саны көбейіп, клетка қабықтары түзіледі.
Май заттарының айналысы көмірсу заттарының айналысынан күрделірек. Майлардың тез гидролизденуінен түзілетін зат — май қышқылдары мен глицерин мөлшері көмірсулар сияқты ешуақытта артпайды. Сөйтіп үрықтың өну кезеңіндегі қор заттардың айналуы тек олардың гидролизденіп, ыдыраудың аяққы өнімдерінің пайда болуымен ғана тынбайды. Ұрық өнуінің өзі — тек заттарды жұмсау болып қана қоймай, заттарды құру — синтездеу де. Өнудің заттарды жаратумен қабат, оларды құраудан тұратындығын мынадан да байқауға болады. Ұрыкты қараңғы жердің өзінде өндіргенде де оның қор зат жиналатын мүшелерінің кішірейіп, құрғап, ал жас жаңа мүшелерінің ұлғайғаны байқалады.
Қор заттары ретінде крахмалы мол ұрықтар өне бастаған кезде крахмал гидролизденіп, оның мөлшері азаяды. Оның азаюына қарай глюкоза көп жиналады. Кейіннен өніп келе жатқан ұрық өте екпінді тыныс алатындықтан, глюкоза да өте тез кемиді. Бірақ оның есесіне клетка қабығын құратын клетчатканың мөлшері аса түседі. Ұрық өніп келе жатқан кезде қор заты майдың айналуы көмірсуларға /крахмалға/ қарағанда күрделірек жүреді. Майлы заттардың тез гидролизденуі нәтижесінде глицерин мен май қышқылдарының мол жиналуы байқалмайды, майлы заттардың бұл ыдырау өнімдері тез өзгерістерге ұшырап, олардың орнына қант заттары пайда болады.
Мысалы, күнбағар тұқымының өнуі кезінде оның құрамындағы заттар мына төмендегідей өзгерген: Өсімдікте май қышқылдардың үрықтың өну кезінде қантқа айналуы және пісіп келе жатқан /ұрықта/ жапырақтан ағып келген көмірсулардың майлы заттарға айналуы оңай жүреді. Бірақ бұл айналыстарды жай химиялық жолмен жүргізу осы уақытқа дейін мүмкін болмай келеді. Бұл айналыстардың химиялық табиғаты да әлі толық мәлім емес. Ұрық өнген кездегі белокты заттардың ыдырауының физиологиялық маңызы — белокты жылжымалы формаға / түрге/ айналдырып, оны қор зат қоймасынан жаңа пайда болып келе жатқан жас мүшелерге көшіру. Сонымен бірге белок әртүрі өзіне тән амин қышқылдарының комбинациясынан тұрады. Ал қорлы белок ыдырап, одан қайта түрлі белок молекулалары синтезделуге мүмкіндік туады. Майдың гидролиздік өнімдері тез биохимиялық өзгерістен қант заттарына айналады.
Алғашқы кезде қант затының тез кемігенін, оның жылдам жұмсалатынын байқауға болады. Ал кейінірек қант затының мөлшері май затының мөлшері кему себепті артады. Соңғы кезінде майдың 80% дерлік жойылумен қатар, қант затының да мөлшері кеміген. Өсімдік түқымында глицеринді табуға болмайды, ол тез қант затына айналады. Өсімдік денесінде май заттарының қант заттарына көшуі немесе майлы дәндердің пісіп толуы кезінде, керісінше қант заттарынан май заттарының түзілуі өте жеңіл өтеді. Бұл процесті қолда жүргізу әлі күнге дейін іске асқан жоқ, әрі өсімдік денесінде өту химиясы толық шешілмеген.