Әрбір қоғам көптеген адамдарды, партияларды, ұйымдарды, әлеуметтік топтарды біріктіретіндіктен, әр адамның, әр топтың өзіндік ерекшеліктерге ие мүдделері мен талаптары болады. Кейде осы мүдделер қақтығысып қалатын жағдайлар да орын алып отырады. Мәселен, белгілі бір аудан тұрғындары үйлеріне жақын жерден көлік гараждарын немесе жанармай станциясын салуға болмайды деп санайтын кезде, ал қала әкімдігі құрылыс жоспарын бекітіп қойған жағдайда қақтығыстың әбден орын алуы мүмкін екендігін сеніммен айтуға болады.
Қақтығыстар үлкен ауқымда да көрініс табуы мүмкін. Мәселен, оппозициялық партия кандидаттардан арнайы қорларға ақша төлеуді талап ететін сайлауалды заңнамасымен келіспей, заңның осы бабын қайта қарауды талап ететін жағдайда да қақтығыс орын алуы мүмкін. Біздің әрқайсысымыз осы тәрізді орын алуы мүмкін көптеген қақтығыстардың қатысушылары бола аламыз.
Әдетте, ең күрделі қақтығыстар тек шектеулі түрдегі заттар туралы егестердің төңірегінде орын алады. Мәселен, көрші елдердің арасында шекараларда орналасқан су ресурстарын бөлу бойынша пікір қайшылықтары көп орын алады. Осы ретте, болашақ астық пен өнімдер суарылатын жерлермен тікелей тәуелділікте көрінетін Орталық Азия елдері арасында өткір ахуалдардың орын алуы әбден мүмкін. Біздің еліміздегі көптеген экологиялық ұйымдар мен саясй қайраткерлер Ертіс өзенін бұру жолымен Қытайда салынып жатқан Ертіс — Қарамай каналына қатысты алаңдаушылық білдіруде, өйткені бұл жағдайда Қазақстанның едәуір аумағы қүрғақшылық тартатыны анық. Мұндай жағдайларда қақтығысты шешу үшін оған қатысушы тараптардың белгілі бір түрде шегіністер жасауы талап етіледі.
Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері
Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін әдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті және әлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап әлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тәрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге және өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дәл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға және оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нәтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады.
Өзіңнен қуатты бәсекелесті өзіңнің дұрыс екеніңе сендіру үшін салмақтырақ дәйектерді ұсына білу керек. Алайда, қақтығысты назарға алмау мүлдем дұрыс болмас еді. Егер біреудің мүдделері үнемі аяқасты бола беретін болса, бүл алдын ала біліп болмайтын салдарларға алып келуі мүмкін. Әдетте, қақтығыс жеке мәселелер бойынша туындайды. Алайда ұзақ уақыт бойы созылатын әрекетсіздік бұдан гөрі маңызды салаларға өтіп кетуі мүмкін. Мәселен, дастархан басындағы жүріс-тұрыстардан туындайтын егес уақыт өте келе «әкелер мен балалар» арасындағы қақтығыс оты тұтанатын шоққа айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда ескі көңіл толмаушылықтар мен наразылықтардың барлығы қайта еске түсіріліп, олардың арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай сызат түсері анық.
Қоғамдағы қақтығыстардың себептері айтарлықтай терең болуы және олар тым үлкен салдарларға алып келуі мүмкін. Олар көп жағдайда ондаған және жүздеген жылдар бойы созылады. Елдер арасындағы қайшылықтар соғыстарға ұласып кетуі де мүмкін. Әсіресе қоғамдағы әртүрлі этникалық топтардың мүдделері бір-біріне қарсы қойылғай жағдайлар тым қауіпті. Қарама-қайшылықтарға бірнеше күнде жол беріп қою мүмкін болғанымен, қақтығыс салдарын одан кейін ұзақ жылдар бойы түзеуге тура келеді.
Әдетте, ірі қоғамдық және халықаралық қақтығыстар туындайтын жағдайда, ондағы тараптарда одан шығудың бірнеше жолы болады. Олардың ішінде төмендегілерді айта кетуге болады:
— Қарулану жолы, яғни бұл жағдайда күш қолдануда өз басымдығын көрсеткен тарап жеңіске жетеді. Негізінен әскері жақсы дайындалған және қаруланған тарап бар кезде басқаларды жеңіп отырады.
— Келіссөздер жолы. Тараптар бірқатар шегіністер жасауға келісе отырып, келісімге келетін жолдарды іздейді. Келіссөздер тараптардың мүдделерінің заңдылығы өзара қүрметтелетін және, мойындалатын жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Консенсусқа, яғни тараптардың жалпы және толық келіеіміне қол жеткізу..- келіссөздердің ең ұтымды нәтижесі деп айтуға болады. Тек компромисс ғана қақтығыстың барлық қатысушыларының мүдделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
— Қақтығысқа түсіп отырған тараптардың сенімі мен құрметіне ие адамдар мен ұйымдардың делдалдығы. Делдалдың егестерді бітімге келтіруде біршама тәжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек, олардың қолдарында қақтығыстарды шешу тетіктері болған жағдайда делдалдардың әрекеттері пәрменді болады.
Қарулану жолы міндетті түрде адамдардың өліміне, шаруашылықтардың күйреуіне, қоныс аударуға мәжбүр болатын басқа да салдарларға алып келеді. Көптеген құрбандықтар мен зардаптарға алып келгендіктен, мұндай жолмен қол жеткізілген жеңіс иллюзиялық сипатта болатыны айтпаса да түсінікті.
Мәселен, Ресей мен Жапония Куриль аралдарының кімге тиесілі туралы мәселеде ұзақ уақыттар бойы егеске түсіп келеді. 1904-1905 жылдары орын алған соғыста Жапонияның жеңіске жетуімен Куриль аралдары мен Сахалин жапондықтардың қолында қалды. 1945 жылы Жапониямен болған соғыста кеңес әскерлерінің жеңіске жетуі бұл аралдардың Кеңестер Одағына өтуіне алып келді. Кеңес өкіметі, одан кейінгі бүгінгі Ресей басшылығы қақтығыстың шешілгені туралы жариялағанымен, Жапония мұндай нәтижеге көңілі толмайтынын білдіріп келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде Жапония үкіметі бұл аралдарды (жер аумағын) қайтаруды бірнеше рет талап етті. Осы мысал екі тараптың пікірлерін ескерместен қақтығысты тек күш қолдану әдістерімен шешу — қақтығыстың созыла түсуіне және оның жасырын түрге өтуіне алып келетіндігін көрсетеді. Жер дауы осы ел арасындағы бірқалыпты саяси және экономикалық қатынастардың дамуына ұзақ уақыт бойы кедергі келтіріп отырғанын айта кету керек.
Жалпы, қарулы әрекеттерге ұласып кеткен қақтығыстар көбінесе келіссөздермен аяқталады. Бұған мысал ретінде Таулы Қарабақ пен Приднестровьені, Босния мен Герцоговинаны айтуға болады. Келіссөздер тым шеткері шараларға бармай-ақ, мәселені қол жетімді шегіністермен тоқтата тұруға мүмкіндік береді. Алайда, мұның кемшіліктері де бар. Тараптардың ұстанымдарын келістіру үдерісі ұзап кеткен жағдайда олар өзара компромисске келуге дайын болмай шығады. Қақтығысқа қатысушылар тығырықтан шығудың әдеттен тыс жолдары мен әдістерін ұсына алады деген сеніммен делдалдарға жүтінеді. Мемлекетаралық қақтығыстарда БҰҰ және аймақтық ұйымдар делдалдық атқарады. Босния мен Герцоговинада және басқа аймақтарда осындай жолмен қақтығысушы тараптарды татуластыру мүмкін болды.
Жекелеген елдер өріс алып келе жатқан қақтығысты тоқтатуға, оның көрініс беруіне жол бермеуге ұмтылады. Алайда қандай да бір әлеуметтік топтың көңіл толмаушылығының себебі жойылмағандықтан, бұл жерде қақтығыстың аяқ астынан қайта пайда болу қаупі туындайды.
Келіссөздер жағдайында қақтығыстан шығу келесі түрде ғана мүмкін:
- Қақтығыс көзін жою. Мәселен, әлеуметтік топты шеттетуді заң түрінде жою қоғамдағы осы қайшылықты шеше алады.
- Тараптар арасындағы егес көзін бөлу. Мәселен, екі ел арасындағы егес көзі болып отырған жер аумағын бөлуге болады. Алайда бұл жол бар кезде пәрменді емес, өйткені бар кезде мұндай шешімге қол жеткізу мүмкін емес.
- Егес көзі болып отырған нысанды пайдалану тәртібінің кезектілігін бекіту. Сайлауалды кампаниялары кезінде теледидардағы эфир уақытын кандидаттар арасында теңдей бөлінуі талап етіледі. Көңіл толмаушылықтар орын алған жағдайда басқа тәртіпке келісуге болады.
- Егес көзі болып отырған нысанды бір тарапқа беру. Бұл жағдайда екінші тарап қанағаттанбайды. Мұндай жағдайдан бас тарту үшін ол тарапқа белгілі бір түрде өтемақы беру мүмкіндігін қарастыруды ескеру керек. мәселен, жекелеген мемлекеттердің экономикалық жеңілдіктер үшін саяси шегіністер жасауына қол жеткізуге ұмтылады.
- Қатынастарды басқа салаға көшіру. Мәселен, мектеп әкімшілігі тым кешке дискотека өткізуге рұқсат бермеуі мүмкін, алайда ол оның орнына оқушылардың демалыс күндері қала сыртына сапарын ұйымдастырады.
Адамдар пікірлер мен көзқарастар қақтығысьш қалған жағдайда ғана дәл осы жағдайда өздеріне не керек екендігін түсінеді. Мұндай жағдайда екінші кезектегі және мардымсыз талаптар соңғы қатарға ығысады, ал ел басшылығы халыққа не керек екендігін анық түсінеді. Айталық, 1989 жылғы ереуілдер кезінде КСРО шахтерлері бастапқыда жалақыны көтеру, еңбек ету жағдайын өзгерту, қалаларды қаматамасыз ету тәрізді таза экономикалық талаптар қойған болатын. Алайда осы мәселелердің артынан тұрғындардың бүкіл қоғамда қалыпастып отырған қолайсыз ахуалға көңіл толмаушылықтары, адамдардың жергілікті басшыларға сенбеушілігі көріне бастады. Бүл, өз кезегінде, ел өкіметіне тек экономиканы ғана емес, сонымен бірге саяси жүйені де реформалауды бастау қажеттігін білдірген белгі болды.
б) Қақтығыстар қоғамдағы әртурлі күштердің ықпал етуінің қайта бөлінісіне алып келеді. Қақтығыс әдетте бір тараптың жеңісімең шешімін табады, ол көп жағдайда құрылымдық өзгеріетердің нәтижесінде туындаған қоғамдағы жаңа күштер болады. Мәселен, XIX ғасырдағы демократиялық революциялар қоғамдағы буржуазия мен пролетариат тәрізді топтардың күштері мен ықпалын көрсетті. XX ғасырдың 40-50 жылдары жұмысшы тап өз құқықтары туралы кеңінен жариялады. Еуропа мен азияның көптеген елдерінде либералдық сипаттағы еңбек заңнамасы қабылданды, ал әлеуметтік-экономикалық құқықтар бірқатар конституциялардың мәтіндерінде көрініс тапты.
Демек, мүдделер қақтығысында жаңа қүндылықтардың, көзқарастар мен институттардың орнығуы жүреді, ал өз күнін тауысқан ескі көзқарастар мен институттар жойылып кетеді.
Қақтығыстарды зерттеу тарихы
Қоғамдық дамудың бірқатар теориялары қақтығыстарға тарихтан маңызды орын береді. Маркстік теория революцияны тарихтың қозғаушысы деп атайды. Сондықтан марксизмді қолдаушылар таптық күреске үлкен мән береді және қарулы көтеріліс пен билікті басып алуды өздерінің басты мақсаты деп санайды. Яғни, қақтығыстардың мәні тым абсолюттендіріледі, ал одан шығудың жолы — тек бір таптың жеңісі деп түсіндіріледі. Алайда мұндай теориялардың соғыстар мен апаттардың көзіне айналатындығын айта кеткен жөн. Қақтығыстарға қатынастағы басқа жол — оларды күшпен емес, келіссөздер арқылы шешуге талпыну. Мұндай жағдайда тек бір тараптың пікірі ғана ескерілмейді. Бұл көзқарас қақтығыстар туралы айтпауды немесе оны басып тастауды емес, керісінше оларды сұхбаттасу жолымен, әртүрлі пікірлер мен сұраныстарды ескере отырып шешімін табуға негізделеді.
Саяси қақтығыстар теориясы XX ғасырда белсенді дамып, тіпті конфликтология деп аталатын өзінің көптеген аспектілерден тұратын зерттеу нысаны бар жаңа пән қалыптасты. Олардың ішінде заң, әлеуметтік, саяси және психологиялық аспеткілер маңызды болып табылады. Қақтығыстар қоғамдық құбылыс ретінде көптеген саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың көзқарастарына ілікті. Бастапқыда көптеген зерттеушілер (М. Дойч, А.Бернард және т.б.) қақтығыстарды кел-еңсіз және қажетсіз құбылыс ретінде қарастырғандықтан, олар қақтығыстардың пайда болуының алдын алу мен одан шығу әдістерін іздестіруге басымдық берді.
Біздің күнімізде (Л.Понди, Р.Дарендорф және т.б.) қақтығыстар әртүрлі мүдделі топтардың арасында міндетті түрде пайда болатын заңды құбылыс ретінде қарастырады. Жалпы, қақтығыстардың туындау мүмкіндігі негізінең құрылымдық қатынастардан келіп шығады. Қазіргі күнде қақтығыстар оған жол бермеуге болатын және басқаруға болатын үдеріс ретінде түсініледі.
Л.Понди қақтығыстың бастауы ресурстардың, лауазымның немесе биліктің жетіспеушілігінен жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе саяси институттар арасында бәсекелестіктен туындайды деп санайды. Зерттеуші қақтығысты ұйымдастырушылық міндеттерді шешу құралы ретінде қарастыруға болады деп есептейді. Қақтығыстың өзін алып қарар болсақ — ол жаман да, жақсы да емес. Оны тек алға қойған мақсаттарға қол жеткізу жоспарында ғана бағалауға болады. Жекелеген ғалымдар ара қарқынды емес қақтығыстарды жүйенің немесе жеке ұйымның эволюциялық қайта өзеріп отыруы үшін тіпті пайдалы деп есептейді.
М.Дюверже саяси қақтығыстарды оған қатысып отырған қоғамдық қүрылымдар мен топтардың қатысып отырғанына қарай тік және белдеулік деп бөліп қарастырады. Мәселен, саяси қақтығыс басқарушы элита мен қарапайым сайлаушылардың, билік басындағы элита ішіндегі жекелеген топтардың, беделі мен салмағы тұрғысынан тең келетін саяси партиялардың, үкімет пен ықпалды экономикалық күштердің арасында туындауы мүмкін. Р.Дарендорфтың пікірі бойынша, қақтығысты да интеграцияны өмірге алып келген құрылымдар туындатады. Интеграция -оның нәтижесінде қоғамдық күштер тұтастық ретінде көрінетін, ал қоғам ауызбіршілік пен келісім негізінде өздері таңдаған бағытта қозғалатын әртүрлі мүдделерді үйлестіру үдерісі болып табылады. Осы ретте, интеграция, бір жағынан, қақтығыстық жағдайларды шешуге мүмкіндік береді, және, екінші жағынан, барлық қоғамдық топтардың келісімдерін қалыптастырады.
Қақтығыстан сұхбаттасу арқылы шығу жолдарын іздестіру
Молдова өкіметі қазіргі күнде Приднестровья мәселесін шешуге ұмтылып отыр. Бұл аймақ бірнеше жыл бүрын тұрғылықты емес халықтың (негізінен орыс ұлтының өкілдерінің) құқықтарының шектелуіне байланысты ел құрамынан бөлінетіндігін мәлімдеді. Нәтижесінде, егемендігін жариялаған, алайда әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалмаған Приднестровиялық Молдова Республикасы құрылды. 90 жылдары Кишинев пен Тирасполь арасында қарулы қатығыстар орын алды. Молдова билігі біртүтас мемлекет шеңберінде Приднестровьеге өзін-өзі басқаруда кең өкілеттілікке ие автономия мәртебесін ұсынды. Ол үшін республиканың әкімшілік-аумақтық реформасы туралы заңын қабылдау үсынылды. Өзара қарсы тараптар арасында ауыр өткен келіссөздер мәселені толық шеше алмаса да, қарулы қақтығыстарды тоқтатуға қол жеткізілді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары Тәжікстандағы ішкі ахуал қауырт шиеленісіп кетті. Ел қоғамдық жүйені өзгерту мен дамытуға қатысты өз жолдары мен нүсқаларын ұсынып отырған бірнеше топтарға бөлініп кетті. Қарама-қарсы тұрушылық мыңдаған адамдардың өліміне алып келген азаматтық соғыс басталған 1993 жылы өз шыңына жетті. Осыдан кейін қоғамдағы алшақтық одан сайын күшейе түсті. Мыңдаған босқындар көрші елдерден пана іздеуге мәжбүр болды (негізінен Ауғанстанда). Тек халықаралық қауымдастықтың дипломатиялық күш салуы бірнеше жылға созылған келіссөз үдерісін бастауға мүмкіндік берді. 1997 жылы ғана ел өкіметі және бірлескен тәжік оппозициясы келісімге қол жеткізуге мүмкіндік алды. Осыдан соң босқындардың елге қайта оралуы басталып, бірқатар өнеркәсіптердің жұмыстары қайта жандандырылды. Қазіргі күнде бұл елдегі ахуал қальіпқа түскенімен, 90 жылдарда орын алған азаматтық соғыстың салдары әлі де байқалады. Тәжікстан ТМД мемлекеттері ішінде жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі сақталып отырған ең кедей елдердің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде ел тұрғындарының көпшілігі табыс табу үшін шетелдерге кетуге мәжбүр.
Қақтығыстардан келіссөздер мен шегініс жасау жолымен шығу жолдарын іздестірудің басқа да мысалдары көп. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер орын алуы мүмкін қақтығыстарды күш қолданбай және бейбіт жолдармен шешуге келісім береді, ал халықаралық қоғамдастық бейбітшілік пен келісім кепілі ретінде әрекет етеді. Осы ретте, мемлекеттер қақтығыстарды шешуде негізінен бейбіт әдістерді басшылыққа алатын болса, қазіргі күнде өз мақсаттарына террор мен күш көрсетумен қол жеткізуге ұмтылатын ұйымдар көптеп пайда бола бастады. Оларды ешқандай кінәлары жоқ бейбіт тұрғындардың өлімдері де тоқтата алмайды. Өкінішке орай, террорлық әрекеттер заманауи әлем елдері өмірлерінің шынайылығына айналды. Бір сөзбен айтқанда, экстремистік топтар заманауи әлем қауіпсіздігіне төніп тұрған басты қауіп-қатерлердің біріне айналды.
Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттердің үкіметтері террористік қозғалыстардың таралуына жол бермеуге ұмтылады. Ол үшін саяси әдістер де, күштік қүрылымдардың ынтымақтасуы да, заңнамалық шаралар да кеңінен пайдаланылады. Жекелеген мемлекет басшылары террорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында ауқымды қаржылар бөлуде.
Егер, жалпы тұрғыда саяси және әлеуметтік қақтығыстар туралы айтар болсақ, қақтығыстарды шешу пәрменділігі еол қоғамның саяси мәдениетіне, діліне және мемлекеттің тарихи тәжірибесіне тікелей тәуелді деп айтуға болады. Осы ретте, өткір қарсы тұрушылықтарды жоятын әртүрлі жағдайларда уақыт тезінен өткен тәсілдер жеткілікті.