Сүт ыдыстары мен жабдықтарына қойылатын талаптар

Сүт ыдыстары мен жабдықтарына, сауу аппараттарына қойылатын талаптар, оларды залалсыздандыру. Сапалы сүт дайындауда сүт ыдыстары мен жабдықтарының тазалығымен қатар, сауу аппаратының тазалығы да маңызды орын алады. Сауу машиналарын және оның жабдықтарын жұмыс аяғында жуып, оқтын-оқтын залалсыздандыру қажет. Сүт таза болса, одан алынатын май да таза болатынын ұмытпау керек.

Сүт жабдықтарын шаюға, сондай-ақ жуатын немесе залалсыздандыратын суға қойылатын талап ауыз суға қоятын мемлекеттік стандарт талабымен бірдей. Кальций содасы — ақ түстi, ұсақ кристалды ұнтақ, ол суда жақсы ериді. Оның 2-5% -дық ыстық ерітіндісі мен сүттің  майы мен ақуызын жақсы жууға болады. Ыстығы 30-40°С-қа дейін төмендеп кетсе, оның жуу қабілеті нашарлайды. Сондықтан да сауу машинасын және сүт ыдыстарын жуу үшін оның 0,5% -дық ыстық (50-60 ос) ерітіндісін пайдаланады.

Силикаттар. Сауу жабдықтарын жууға натрий силикаты мен метасиликатын қолданады. Демек, металдардың мүжілмеуі үшін силикатты жуу ұнтағына қосады. Силикатты сауу жабдықтарын жуу үшін дербес пайдалануға да болады. Силикаттың жуу қасиетімен қатар залалсыздандыру қасиеті де бар. Онымен дәріленген ыдыс үстінде ешқандай дақ қалмайды. Силикатты кальцийленген содаға қосып пайдаланғанда алюминий онша көп мүжілмейді.

«Прогресс» — кара  сары түсті  ұнтақ, өзінe тән жеңіл ғана иici бар, су ішінде  жақсы ериді, бірaқ та коптеген көбiк пайда болады. Сауу аппараттарын жуу үшін  оның 0,05-0,1% -дық ерітіндісін пайдаланады. Оның 0,1% -оның дық ерітіндісі алюминийді мүжімейді, қолдың тepiciн тітіркендірмейді. Сауу аппаратын дәрілеп болғаннан кейін сумен шайқағанда оның қалған қалдығы сүт ішіне түскенмен, ол сүттің қасиетіне ешқандай әсер етпейді. Ондай сүт зиянсыз.

Жуу қоспалары — А, Б және В ұнтақтары сауу машиналары мен кондырғыларын және сауу жабдықтарын жауып, тазалау үшін кеңінен қолданылып келеді. Сүттің тазалығы — сапалы май және баска да сүт татамдарын алуда шешуші орын алады.

Залалсыздандыру жасауға 2-3% -дық хлорлы әктің мөлдір ерітінділері пайдаланады. Ерітіндіні даярлау үшін 98 л суға 25% хлоры бар 8 кг әк қосады, ерітіндіні ағаш кеспекте даярлап, ол тұнғаннан кейін бетіндегі мөлдір ерітіндіні қалқып құйып алып, оған 10 л су қосып, сонымен сауу жабдықтарына залалсыздандыру жасайды. Ерітіндіні салқын түрінде пайдаланады. Хлорлы әкке күкipт пен тұз қышқылдарын қосса, оның  бактериоцидтік әcepi едәуір артады. Хлорлы әктің ерітіндісімен аппараты дәрілеудің алдында сауу жабдықтарын жақсылап жуады.

Кальций гипохлориті — суда оңай еритін, сусымалы ақ ұнтақ. Оның құрамында 47-52 % белсенді хлоры бар. Сондықтан ол залалсыздандыру жасауға хлордан гөрі пайдалы. Сақтауға өте төзімді келеді,ал зауыттан тeмip бидонның ішінде сақталған түрінде шығарылады, 5 жылға дейін күшін жоймайды. Осы мерзімнің ішінде оның хлорының мөлшері 8%-ға кемиді.

В хлорамині — аздаған хлор бар ақ немесе сарғыштау келген майда ұнтақ, суға ериді, ыстық суға (50-60 оС) тіпті жақсы ериді. Құрамында 27-29 % хлор бар. Хлораминнің жақсылығы — оның 0,5 % ерітіндісінің металл, былғары, резеңке және маталарға зияны болмайды. Сырланған немесе боялған нәрселерді бүлдірмейді. Кісіге зәpi хлордан аздау болады.

Қышқылдар сауу аппаратында тас болып қатып қалған сүт қалдықтарын кетіруге пайдаланады. Сауу жабдықтарын жуатын ерітінді сілтісі, судың тұзы және сауу аппаратын жабысқан сүт қалдығы – барлығы қосылып тастай болып катып қалады, оны «сүт тасы» деп атайды. Сауу аппараттарын айына 1-2 рет фосфор, тұз қышқылдарының «жуас» (1%) ерітіндісімен, 3-4 жұмада бір рет тұз, фосфор кышқылының 0,1% немесе 0,2% cipкe қышқылының ерітіндісімен жуып отырады. Таза қышқылдар оте қауіпті, тиген жерін ойып түседі, сондықтан оларды үлкен сақтықпен пайдалану керек.

Сүт зертханасының сипаттамасы. Сүттің алғашқы зерттеу және өңдеу негіздері (сезімдік және кейбір зертханалық әдістер)

Фермадағы сүтхана. Сүттің санитарлық-гигиеналық сапасы сауу жабдықтары мен сүт ыдыстарының тазалығына, сүттің  сақталатын орны мен оны алғашқы өңдеуге де байланысты.

Сүт  өндіретін жеке шаруашылық фермаларында сүтхананың үш типі болады:

1) бір қора сиырдан сауылған сүттi өңдейтін сүтхана сол кораның ішіне орналасады. Оның шағын бес бөлмeci болады. Мұнда сүттi сүзеді,         салқындатады, кейде сүттi сепаратордан өткізіп, қаймағын алады. Сауу аппараттары мен сүт ыдыстарын жуып және залалсыздандыру жасайтын бөлімшесі болады;

2) бірнеше қорада тұрған сиырлардан сауылған сүттi өңдейтін  сүтхана сиыр қораларының жанында оқшау үйде орналасады. Оның 8 бөлмесі болады. Мұның тұрған жері қора ішінде орналасқан сүтханадан әлдеқайда үлкен болады. Мұндай сүтханада сүттi алғашқы өңдеуден өткізуге, сақтауға, кейде тіпті пастеризациялауға да болады;

3) сүтхананың үшінші типі – кішігірім сүт зауыты, мұнда сүтті алғашқы рет өңдеумен қатар, кейбір сүт өнімдерін – қаймақ, ацидофелин, ірімшік,  сары май, т.б. дайындайды.

Сүтхананың сүт өңдейтін және сақтайтын бөлмелерін, ыдыс жуатын бөлмелердің төбесін, қабырғасын сылап, ішін әкпен әктейді және еденнен бастап 2 м биіктiккe дейін сырлайды. Едені су өтпейтін бетоннан немесе тақтайшадан (плитка) төселеді, оның лас су ағатын шұңқыры болады. Таза судың бөлме ішінде болғаны жақсы.

Сүтхананың жабдықтары: сүт салқындатқышы, егер каймақ өткізетін болса — сепараторы, сүттi бірден сату дүкеніне өткізетін немесе сауын сиырларының арасында жұқпалы аурулар болған жағдайда – пастеризаторы, таразысы немесе сүт өлшеуіші болуы керек. Бұдан басқа сүттің майлылығын, тазалығын, тығыздығын, қышқылдығын және  желінсау сиырдың сүтінің бар-жоғын анықтау үшін кepeктi жабдықтар болуы керек:

—   зертханалық үстел;

—   ыдыстар мен реактивтер қоятын шкаф;

—   ішінде 24 ойығы бар сүт центрифугасы;

—   сүттің тазалығын анықтайтын Рекорд аппараты және оның сүзгіштері;

—   редуктазник;

—   сүттің орташа үлгісін алатын металл түтік;

  • сүттің тазалығын анықтайтын кесте;

—  май өлшегішті қоятын штатив;                                                        2

—   май өлшегіш ;                                                                                   30

 —    шыны түтікті қоятын штатив ; 2
—   ареометр; 2
— сыйымдылығы 250 мл цилиндр; 2
—  химиялық термометр; 2
— 50 мл бюретка; 2
— әр түрлі химиялық стакандар; 5
— 1; 10; 10; 77; және 20,0 мл тамызғыштар;

— желінсау сиырлардың сүтін тексеру үшін қолданылатын пластинкалар

15
— сүттің орташа үлгісін жинайтын шағын бөтелкелер; 100
   
— ыдыстарды жуатын шылапшын 2

 

Сүттің майлылығын, тазалығын, қышқылдығын, сүттің ішінде желінсау сиырдың сүтінің бар немесе жоқ екендігін анықтайтын реактивтік жиынтықты облыстық зооветснабтың кеңсесінен сатып алуға болады.

Ыдыс жуатын бөлімшеде төмендегідей жабдықтар болуы шарт:

1.Су ағатын кранның жанында eкi бөлімшесі бар ванна болады. Оның бір бөлімшесі  жуғыш немесе залалсыздандыру заттарына арналса, екіншісі— су үшін  керек. Сауын шелектер мен флягті тазалау үшін флягті су және ыстық бумен өңдейтін аппараттың eкeyi де болуы керек .Қазіргі  уақытта осындай аппараттың КВ-200 және КВ-300 дейтін түрлерін біздің өндірісіміз көптеп шығаруда. Сондықтан да бұл аппараттың әр шаруашылықтың сүт фермаларында болуы шарт. Ыстық бу флягты 90-100°С-қа       кыздырады. Мұның өзi сүт ыдыстарын өте жақсы тазалайды.

  1. Сауу аппараттарына қоятын үлдірік.
  2. Сауын шелегі мен флягты кептіретін үлдірік.
  3. Резеңке жабдықтардың артығын сақтайтын шкаф.
  4. Жуу және залалсыздандыру заттарын сақтайтын ағаш жәшік. Бу жасағыш аппарат iстен шыққан жағдайда пайдалану үшін электр су ысытқышы да болуы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *