Кенорындарды барлау дегеніміз кешенді зерттеулер болып табылады. Олар кенорындардың өнеркәсіптік мәнін анықтауға қажет жұмыстарды атқаруды көздейді. Жер қойнауындағы бөлікшені геологиялық зерттеу оны жобалауға дейінгі өнеркәсіптік игеру сатысында барлаумен аяқталады.
Барлау мәселелері
Пайдалы қазбаның сапасын бағал ау үшін барлау үдерісінде оның заттық (минералдық және химиялық) құрамы, құрылымдық-бітімдік сипаттамасы, физикалық-химиялық қасиеттері мен барлық сапалық көрсеткіштерінің кеңістікте таралу ерекшеліктері анықталады.
Бірақ пайдалы қазбаның саны мен сапасын анықтау барлау үдерісінде шешілетін жалғыз мәселеемес, өйткені бүл геологиялық ақпарат кенорынды тиімді игеру үшін жеткіліксіз. Кен өндіретін кәсіпорынды жобалау, оны салу жүмыстары сонымен қатар кенорындар мен олар орналасқан ауданды сипаттайтын мәліметтерге де негізделеді. Оған бірінші кезекте жататын кен-техникалық жағдайлар: кенорынның жату тереңдігі; пайдалы қазба денелерінің бедер пішіндеріне қатынасы; айрықша инженерлік-геологиялық қүбылыстардың (карст қауіптілігі, сейсмикалылығы, кеннің өз бетінше тұтануға бейімдігі, т.б.); пайдалы қазба мен сыйыстырушы таужыныстардың физикалық-механикалық және су-физикалық қасиеттері; сулы қабаттардың саны мен өзара байланысы, олардың сумолдылығы; жерасты және жербеті суының химиялық және бактериялық қүрамы, т.б. Сонымен қатар экономикалық-географиялық сипатты мәліметтер: ауданның өнеркәсіптік игерілгендігі, климат, бедер, энергетикалық ресурстар, көлік мүмкіндіктері, ауызсумен және техникалық сумен қамсыздығы, қүрылыс материалдарының болуы, т.б. да қажет.
Осы айтылғандар бойынша, барлаудың негізгі мәселесіне кенорында игеруге қажет және жеткілікті геологиялық, кен-техникалық және экономикалық ақпарат алу жатады.
Барлау принциптері
Кенорындарды барлау — өте қымбат әрі ұзақ үдеріс. Ол көптеген мамандардың қатысуы мен материалдық ресурстардың едәуір шығынын қажет етеді. Сонымен қатар, барлау нәтижесінде материалдық қүндылықтар өндірілмейді. Оның қорытындысында Жер қойнауы туралы ақпарат алынады. Бұл ақпараттың ақиқаттылығы мен толықтылығы кенорындардың өнеркәсіптік игерудің тиімділігіне байланысты. Сондықтан барлаудың негізгі принциптері геологиялық негізде жасалынып, басты принципті — экономикалық ұтымдылықты басшылыққа алады. Бұл принциптер мыналар:
1) зерттеулердің толықтығы;
2) біртіндеп жақындау;
3) біркелкілік (бірдей ақиқаттылық);
4) ең аз материалдар мен еңбек шығындары;
5) ең аз уақыт шығындау
Зерттеулердің толықтық принципі кенорын орналасқан барлық көлемді белгілі бір дәрежедегі түбегейлілікте зерттеу қажеттілігін көздейді, яғни барлау жүргізу нәтижесінде пайдалы қазбаның барлық денелеріне және кенорынға толықтай баға берілу керек. Бұл принципті сақтау бірқатар талаптарды орындауды қажет етеді, олардың негізгілеріне мыналар жатады:
1) кенорынды түгелдей контурлау, егер оның құрамына бірнеше дене кірсе, пайдалы қазба денелерінің барлығын контурлау;
2) пайдалы қазбаның әр денесін барлау ұңғымаларымен толық қиып өту немесе өнімді белдемді минимум екі нүктеде толық қию;
3) пайдалы қазбаның және оған ілеспе барлық минералдық шоғырлардың сапалық көрсеткіштерін жан-жақты зерттеу;
4) кенорынды кешенді зерттеу.
Біртіндеп жақындау принципі кенорын туралы мәліметтер көлемін біртіндеп, кезең-кезеңімен ұлғайтуды қарастырады. Ол зерттеулердің толықтығы принципіне тікелей байланысты. Барлау нәтижесінде кенорындардың қүрылысы, пайдалы қазбаның саны мен сапасы, оны өндірудің кен-техникалық жағдайлары туралы деректер жобалау мен игеруге қажет және жеткілікті көлемде жиналуы тиіс. Бірақ анықталған кенбілінімдердің барлығы да өнеркәсіптік мәнге ие бола бермейді — орташа алғанда олардың екі жүзден бірі ғана кенорын болып шығады. Жалпы алғанда, зерттеудің бастапқы сатысында перспективалы деп бағаланған кенбілінімдердің көпшілігі ары қарай зерттеулер көрсеткендей, өнеркәсіптік қызығушылық туғызбайтын нысан деп танылады екен. Басқа жағынан алғанда, кенорын туралы жеткілікті толық және дәл деректерді бірден алу іс жүзінде мүмкін емес. Және де ол ұтымды да болмайды, әсіресе кенорынның құрылысы күрделі немесе масштабы үлкен болған жағдайда.
Сонымен, бұл принципті орындау қажеттілігі негізінен экономикалық жағдайларға — барлауға «деген қаржыны қажетсіз шығындауға немесе жүмысты тоқтатып қоюға әкелетін қауіпті мүмкіндігінше азайтуға байланысты болады. Шын мәнінде, зерттеу түбегейлілігін біртіндеп арттыру барысында кенорынның өнеркәсіптік мәні жоқ екені анықталған бетте жұмысты тоқтату арқылы қаржының қажетсіз шығындануын болдырмауға қол жетеді. Егер кенорын өте үлкен болса, оның игерілуі қашан екені белгісіз бөлікшелерін де барлай беру — қаржыны қажетінен бүрын жүмсау дегенді білдіреді. Өйткені бүл бөлікше барланғаннан кейін ұзақ уақыт босқа жатып қалады.
Біртіндеп жақындау принципі — ең негізгілердің бірі. Оны орындау мемлекеттік салалық мекемелердің (министрлік, комитет) арнайы шешімдері мен нүсқаулары арқылы іске асырылады. Бұл принцип барлаудың сатылылығын орындау түрінде іске асырылады. Айтып өткендей, барлау бірнеше кезектескен сатыларға бөлінеді: 1) іздеу-барлау жүмыстары; 2) алдын ала барлау; 3) түбегейлі барлау; 4) жете барлау (кенді алаңның ауқымында барлау); 5) өндірістік барлау.