Орта ғасырда «мәдениет» сөзінен гөрі ғибадат сөзі көбірек қолданылып, христиан мәдениеті — ортағасырлық христиандық туындады. Ол көне антикалық мәдениеттің жетістіктерін сақтай отырып, сонымен қатар пұтқа табынушылықты теріске шығарды. Ол политеизмді монотеизмге, (көп құдайға сенушілікті бір құдайға табынушылыққа) заттар әлеміне деген құштарлықты, денелікті -адам рухына, гедонизмді (грек тілінде — рахат, ләззат, құшыр) -тақуалық (аскетизм) идеалдарына, танымды — Библияға сүйенетін таурат-жазба білімдеріне қарама-қарсы қойды.
Егер көне антикалық мәдениетті түсінудің негізінде «құдай берген заттар қисынынан шығатын» өзінің жеке даралығы жоқ абсолютті мойындау жатса, ал орта ғасыр мәдениетінен тұрақты түрде өздігінен жетілу және күнәдан құтылу ыңғайлылығын байқаймыз. Өзіне-өзі сенбейтін сезім ортағасырлық адамдарының ақылойын, жанын және олардың мінез-құлқын айқындады. Материалдық қамтамасыздыққа сенбеушілік, рухани сенбеушілікке әкеп соқты. Антика адамы өзінің сенімділігін тұрақты өзгермейтін мәңгі ғаламды, қала берсе табиғатты меңзеу арқылы алды. Бұлар: жұлдыздар, аспан, таулар, өзендер. Ал құдайлар болса, олар табиғаттың бір бөлшегі. Табиғилық-әлеуметтілік жөнділігі туралы, беріктілік сенімнен айрылуына байланысты, ежелгі антикалық сана-сезімнің негізгі тиянағын жоққа шығарды да, «жоқтан», «құдайдың еркімен» дүние жаратылды деген принцип мақұлданды. Ғарыштылықтың орнына трансценденталдық пен жеке даралық келді. Дара және барлығына қатысы бар құдай, табиғилықтан жоғарғы тұлға ретінде дүниені жаратушы, адам мен дүниенің негізін қалаушы.
Дүниенің жаратылғанын мойындау, оның тұрақты түрде жаратыла беретін концепциясына ұласады: құдай өз еркінің негізінде іс-әрекет жасайды, ал адам оның қарекетінің табиғатын біле алмайды және нәтижелерін жете түсінбейді.
Ұшан-теніз әлемге бетпе-бет келген адам, онда адамның ақыл-ойына симайтын заңдар мен мөлшерлердің бар екендігін байқайды, бірақ онда Жоғарғы ақыл-естің және жоғарғы әділеттік бар екендігін үлкен қуанышпен және үмітпен түсінді. Мәдениет, адамның алдыңда табиғаты бұзылмаған, толықтырған сенім арқылы оның қабілетін, ақыл-ойын «қайта өндеу» ретінде қажеттілік болып қайта тұрды. Адамның алдыңда бұрын болып көрмеген әлем есігін ашты. Бәрін көріп-білетін құдай қамқорлық жасайды, оны сүйеді. Адамды құтқару үшін оған жалғыз өзі бәрін көріп-білетін, азаптанатын баласын жібереді. Адамдардың алдыңда дүниені сүю сияқты басқаша көз-қарас ашылды. Рационалдық, адамға ең негізгі болмай, адамның сенім, үміт, сүю сияқты өлшемдері пайда болды.
Адам өзінің дәрменсіздігін ашты. Адам — әлсіз, дәрменсіз, жан ашуға лайықты тірі нәрсе. Бірақ, адам өзінің дәрменсіздігі арқылы құдіретті күш екендігін айқындайды. Адам сенімге үміт арта отырып астан-кестен, ұйкы-тұйқы түсініксіз дүниеге «ия» деуі мүмкін. Сонда өмірдін әрі қауіпті, әрі сандырақ, әрі жан түршігерлік жағы арқылы, бұлттан шыққан күн сияқты, құдайдың нұры шашылады. Өзіндік тұлғасы бар құдай әр адамда бейнеленеді, құдай — тұлға. Мәдениеттің жаңа түсінігі, адамды өзінің уникалды (өте сирек, бірегей) құбылыс екендігін сезіндірді. Адамның бақыты оның өзін-өзі танып білуінде емес, керісінше, Құдайды танып білуінде.
Сол уақыттары мәдениет туралы ойды ұғынуға қомақты үлес қосқандардың біріне христиандық, белгілі шіркеу қайраткері, кейіннен қасиетті саналған Аврелий Августин (354-430) жатады. Тарих үшін оның көпке белгілі, мәдениет туралы ойлары айтылған «Жер қала» трактаты маңызды. Христиан идеологінің көруі тұрғысынан тарихты ұшып бара жатқан жебеге ұқсастыруға болады. Оның басталуы және соңы бар, тарихи барысының кезеңдерге бөлінуі Таураттағы баяндалғандарға сәйкес келеді. Адамзат тегінің тарихи дәуірлері Августиннің 18-ші кітабында айтылғандай, алтау, олар әрбір жеке адамның өміріне сай: сәбилік, балалық шақ, ересектік, жастық шақ, есейген шақ және қартаю сияқты кезеңдерге сәйкес келеді. Августин, Тәңірінің әлемді жасаған күндерінің санына, адамзат тарихының даму кезеңдерінің санының сәйкес келуі кездейсоқ емес дейді. Бұдан жаратушының асқан көрегендігі көрінеді. Адам ата мен Хауа аналардың балаларынан бастап топан суға дейін дейінгі аралық Августинның пікірі бойынша бірінші тарихи заман болып саналады. Екінші кезең топан судан басталып патриарх Авраамның түсына сәйкес келеді.
Үшінші — Авраамнан Исаакқа дейін. Төртінші — Иаковадан басталып Мысырдан «израил тайпаларының» шығуына дейін. Бесінші — Христостың туу кезеңінен басталып, оның екінші келуіне дейін. Алтыншы — соңғы тарихи заман, — Қорқынышты сот жасалынатын заманның ақырғы күніне дейін созылады.