Несеп-жыныс мүшелерінің филяриатозы (құрт аурулары)

Этиологиясы. «Филяриатоз» ұғымы Filariata тармағына жататын не-матодалар туғызатын паразиттік ауруларды біріктіреді. Бұл аурулар кейбір тропик елдерінде кең таралған. ТМД елдерінде олар өте сирек кездеседі, ол филяриатоз таралған елдерде тұратын адамдардан ғана табылады. Адамның негізгі филяриатозы — вухерериоз (қоздырғышы -Wuchereria Banerofti, s. Filaria sanguinis hominis), бругиоз (қоздырғышы — Brugia malayi).

Патогенез. Аурудың қоздырғышы Culex, Anopheles туысына жата­тын және басқа кейбір қан сорғыш масалар арқылы беріледі, бұлар филярияның аралық иелері болып табылады. Паразиттер үшін ақырғы ие болып табылатын адам организмінде жыныстық жағынан жетілген филяриялар негізінен лимфа түйіндері мен тамырларында паразиттік тіршілік етіп, олардың бітелуіне немесе склероздық өзгерістерге әкеп тірейтін қабыну процесінтуғызады. Аурудың белгілері лимфа тамырларының бітелу дәрежесіне байланысты. Көбіне құрсақ кеңістігі мен жамбастың лимфа жолдары зақымданып, сыртқы жыныс мүшелері мен аяқтан шығатын лимфа ағынын бұзады да, ең соңында — элефантизмге -піл аяғындай жуандауға әкеп соқтырады. Веналары ұлғайған лимфа тамырларынан олар жарылған жағдайда түрлі қуыстар мен мүшелерге, оның ішінде қуық пен ен қабықшасына лимфа құйылуы мүмкін.

Филяриатоздың жалпы белгілері әлсіздіктен, қажушылықтан, ұйқы қашудан, денетемпературасының кенет көтерілуінен тұрады, бұлар безгек ауруын дамытуы мүмкін. Аурудың жергілікті көріністері тері жамылғысының ісінуінен басталады, ол несеп жүйесінің мүшелері зақымданғанда хилурия байқалады, яғни несепте лимфа кездеседі. Кейде қан тамырлары бір мезгілде зақымданғанда хилурия гематурияға ұласады(гематохилурия). Несеп ағынын бұзатын лимфа түйіртпектері пайда болғанда бүйрек шаншуы немесе зәр шығару кенет тоқтап қалуы мүмкін. Филяриатоз көбіне еркектің жыныс мүшелерін зақымдайды (фуникулит, эпидидимит).

Филяриатоз диагностикасы несептен, қаннан, лимфа түйіндерінің пунктатасынан және басқа биологиялық сұйықтықтардан аурудың қоздырғыштарын табуға сүйенеді. Зақымданған тканьнің биопсиясы түпкілікті диагноз қоюга көмектеседі. Лимфаденоангиографияның арқасында кейде лимфаның несеп жүйесіне өткен жерін анықтай алады.

Филяриатоздың негізгі түрлерін (вухерериоз бен бургиозды) емдеуді аурудың қоздырғыштарын жоятын диэтилкарбамазин препа­раттарымен жүргізеді. Лимфа қуыққа өткенде лимфа ағатын жерге күміс нитратының 1 проценттік ерітіндісін тамызу немесс электрокоа­гуляция түрінде жергілікті емдеу жүргізеді. Операциясыз емдеуге көнбейтін, анық байқалатын хилурия кезінде қуыктың закымданған учаскесін кеседі, ал бүйректен лимфа аққанда — бүйрек тканін зақым­данған лимфа тамырларынан операциялық жолмен бөледі немесе тіпті нефрэктомия жүргізеді.

Аурудың профилактикасы инвазияны тасымалдайтын масалармен күрестен тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *