Бүйрек (ren; сурет 155) жұп мүше, қою қызыл түсті, тығыз, салмағы 120-200г, екі жағынан омыртқамен, артқы қуысында 12 бел омыртқасының тұсында, іштің қуысыңда орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек орналасады: оның жоғарғы ұшы XI кеуде омыртқасының төменгі жағымен шектеседі, ал сол бүйректің жоғарғы ұшы осы омыртқаның орта бөлігінде орналасқан. Он бүйректің алдыңғы жағынан он екі елі ішектің төмендеген бөлігі және тоқ ішектің оң иіні өтеді. Оң бүйрек жоғарғы жағынан бауырдың висцералді бетімен шектеседі. Сол бүйректің алдыңғы жағында асқазан, ұйқы безінің құйрық бөлігі, аш ішектің ілмегі, ал жоғарғы жағында көкбауыр және тоқ ішектің сол иіні орналасады. Бүйректің артқы беті қабығымен бірге көкетке жанасқан, сонымен бірге белдің шаршы бұлшықеттеріне, іштің қиғаш бұлшықеттеріне және белдің үлкен бұлшықетіне жанасқан, олар бүйрекке ойыс жасайды. Бүйректің жоғарғы шеті бүйрекүстімен жанасады.
[toc]
Бүйрек бірнеше қабықтан тұрады: ең алдымен ол жұқа қабық — фиброзды қабықпен (capsula fibrosa), сыртынан бүйректің майлы денесін құрайтын майлы қабықпен (capsula adiposa) жабылған. Ол бүйрекалды және бүйрекарты жапырақшаларынан тұратын бүйрек шандырларымен (fascia renalis) ұсталады. Бүйрек шандырының бүйрекалды жапырақшасының алдында париеталді қуыс орналасқан, яғни бүйректер экстраперитонеалді орналасады және қанайналым, бүйрек шандырымен, майлы қабықшамен айқындалады.
Бүйректің латералді шығыңқы жиегі (margo lateralis) сыртқа қараған, ал медиалді (margo medialis) ойыстысы омыртқаға қараған. Ойысты жиегінің ортасында тереңдеу орналасады — бүйрек қақпағы (hilum renalis), бұл арқылы қан тамырлары және лимфа тамырлары, нерв және несепағар өтеді. Бүйрек қақпасының кеңейген терендікке өтеді. Бүйрек қақпасының кеңейген тереңдікке өтеді — бүйрек қойнауына (sinus renalis), яғни кіші және үлкен бүйрек тостағанша, қанайналым және лимфа тамырлары, нерв және майлы тін орналасады. Әр бүйректе алдыңғы (facies anterior) және артқы (facies posterior) беті, жоғарғы (extremitas superior) және төменгі (extremitas inferior) шеттері болады.
Бүйректің кесіндісін көргенде 2-2,5 см қалындықтағы ішкі милы заты мен 0,4 -0,7 см болатын беткейлік затын көреміз. Мүшенің орталық бөлігінде болатын бүйректің милы заты (medulla renalis) сыртқы және ішкі шекаралардан және 10-15 конустәрізді бүйрек пирамидаларынан (pyramides renales) жасалады. Бүйрек пирамидалары нефрон тұзағын жасайтын және милы заты арқылы өтетін жинағыш бүйрек түтіктерін жасайтын тік өзекшелерден тұрады. Бүйрек түтіктері жайлап бір-бірімен қосылып, бүйректік емізік аймағында 15-20 қысқа ағын емізікше түтіктерін (ductuli papillares) түзеді. Бүйректің қыртыс заты шетінде орналасқан, бірақ бүйректік милы затына бүйрек бағаналары (columnae renales) тәрізді өтеді. Өз кезегінде, милы заты сәулелер жасай отырып, жұқа өсінділері қыртыстыға өзгереді. Бүйректің қыртыс затында құрылымдық-функционалды бірлігі — нефрон бар. Оның саны 1,5-1,8 млн-ға жетеді.
Нефрон (nephron; сурет 157) екі қабатты (capsula glomeruli) Шумлянск-Боумен қабығымен қапталған қанайналым қылтамырлары (glomerulus corpusculi renalis) қосатын бүйрек денесінен (corpusculum renale) басталады. Қаптама жапырақшаларының арасында нефронның проксималді өзекшелері өтетін қуыс бар. Нефронның бүйректік өзекшелер жүйесіне: проксималді өзекше (tubulus contortus proximalis), проксималді тік өзекше (tubulus rectus proximalis), жұқа өзекше (tubulus attenuatus) және дисталді тік (tubulus rectus distalis) және дисталді иректелген (tubulus contortus distalis) кіреді. Жүқа және дисталді өзекшелер нефрон жіпшесін құрайды. Дисталді иректелген өзекше пирамиданың жоғарысында ашылатын кіші бүйрек тостағаншалары куысына жалғасатын (calyx renalis minor), емізікше ағынына жалғасатын жинағыш бүйрек түтігіне өтетін (tubulus renalis colligens). Бірнеше (2-3) кіші тостағаншалар үлкен тостағаншаға (calyx renalis major) ашылады. 2-3 үлкен тостағаншалардың қосылуы жалпы кеңейген түбегі — бүйрек қуысы (pelvis renalis) түзеді. Бүйрек түбегі бүйрек аймағында несеп шығарушы түзеді.
Иректелген өзекшелер барлық тарылуында ішкі жағынан бірқабатты текшелік эпителиймен жабылған, жинағыш өзекшелер — бірқабатты призмалық эпителиймен жабылған.
Нефрон қан тасымалдаушы қылтамырлармен оралған. Қан бүйрек денесіндегі қылтамырға 4-5 сегментік артерияны (аа. segmentales) беретін, алдыңғы және артқы жағынан бүйрек артериясының жүйесінен келеді. Соңғысынан үлестераралық артериялар (аа. interlobares) шығады, сонан кейін тарамдалған және үлестераралық артерияларды (аа. corticales radiatae) беретін доғалы артерияларға (аа. arcuatae) өтеді. Тарамдалған артериялар әкелуші шумақ артериоласына (arteriolae glomerulares afferents) әкелуші артериоалдан диаметрі 2 есе кіші әкелуші шумақ артериоласына жиналады. Әкетуші шумақ артериоласы қайтадан бүйрек өзекшелері айналасындағы қылтамырларға бөлінеді, ал содан кейін венулаға өтеді. Венулалар қыртысты және милы заты аймағында орналасқан шумақ веналарға құятын тарамдалған үлестераралық веналарға (w.corticales radiatae) қосылады. Олар өз кезегінде төменгі венаға құятын бүйрек венасын жасайтын бөлікаралық венаға өтеді.
Сірліасты аймақтың перитубулярлы тамырлары венаның қабықты бетіне жиналады. Олар жұлдызша тәрізді венаны қосады. Ал жұлдызша вена қанды тарамдалған венаға апарып, доғалық, сонан соң бүйрек веналарына апарады. Қыртысты нефрондар — қыртысты заттың қалыңдығында 80% дейін болатын нефрондар. Бұлар бұлшықеттің жұмысы кезінде қанның бүйрек арқылы өтуін қамтамасыз етеді.
Несепағар
Несепағар (ureter) — жұп мүше, 30-35 см, диаметрі 8 мм болатын бүйрек қуысы мен қуықты жалғайтын ұзын түтік. Несепағардың ішкі бөлігі (pars abdominalis) үлкен бел бұлшықетінен алдыңғы бетімен кіші жамбасқа өтеді, жамбас бөлімі (pars pelvica) жамбастың шектелген сызығы арқылы алға, медиалді және төмен, мүшенің интрамуральды бөлігін (pars intramuralis) жасай қуық түбіне өтеді. Несепағар 3 жерден тарылу түзеді: (3-4 мм) бүйрек қуысьшан несепағарға шығатын жерінде, іштік бөлімнің жамбас бөліміне өтуінде және несепағардың қуыққа өтетін жерінде болады. Несепағар қабығы шырышты, бұлшықеті және дәнекер қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa), эпителиймен қапталған және терең қатпарлы, жиырылған бұлшықеті қабығы (tunica muscularis) жоғарғы бөлімінде 2 қабаттан — ішкі және сыртқы циркулярлы, ал төменгі бөлімінде 3 қабаттан — ішкі, сыртқы, ортаңғыдан тұрады. Бұлар несептің бүйректен қуыққа өтуін жүргізеді. Сыртынан несепағар дәнекер қабықпен (tunica adventitia) жабылған.
Несепқуық
Несепқуық (vesica urinaria cystis; сурет 158) тақ қуыс мүше, көлемі 700-800 см3, жамбас астауының түбінде орналасқан, оның пішіні несептің толуымен байланысты. Алдынан қасаға симфизі, еркектерде артқы жағынан ұрық бездері және тік ішек орналасқан, ал әйелдерде — жатыр және қынаптың жоғарғы бөлігі орналасқан. Қуық өзінің төменгі бөлімі арқылы жамбас түбіне жанасады. Денесі (corpus vesicae), түбі (fundus vesicae), мойны (cervix vesicae) және ұшы (apex vesicae) болады.
Несепқуықтың қабығы шырышты, бұлшықетті, дәнекерлі қабық және сірлі қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa) эпителиймен жабылған және көптеген қатпарлы болады. Қуықтың алдыңғы бөлігінің 3 тесігі болады: екеуі несепағар тесігі, біреуі — несепшығару өзегінің ішкі тесігі. Бұлардың арасында шырышы болмайтын, тығыз, қатпарсыз бұлшықетті қабыққа жалғанған шырышты қабық үшбұрыш (trigonum vesicae) жасайды. Несепқуық үшбұрышының қалыңдығына үшбұрыш бұлшықеттерін жасайтын терең және беткей бұлшықетінен тұратын жұмсақ бұлшықет түйін орналасады. Үшбұрыштың беткейлі бұлшықеті несепағардың қабығының жалғасы болып келеді, ал терең бұлшықет — несепті шығарушы бұлшықет тінінің бөлігі. Бұлшықет қабығы ұзына бойлы сыртқы, ортаңғы циркулярлы және ішкі ұзына бойлы бір-біріне тығыз жалғасқан тегіс бұлшықет клеткаларынан тұрады. Қуықтың мойын аймағында ортаңғы қабық ішкі тесік айналасында қуықты қысқышын (m.sphincter vesicae) түзеді. Бұлшықетті қабық жиырылып мүшенің көлемін кішірейтіп және несепті несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығаратын болғандықтан оны несеп шығарушы бұлшықет (m.detrusor vesicae) деп атайды.
Несеп шығаратын өзек
Несеп шығаратын өзек (urethra; сурет 159) жұмсақ эластикалық түтік, ұзындығы әйелдерде 3-5 см, еркектерде 20-22 см болады. Еркектердің несеп шығаратын өзегі (urethra masculina) қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады. Оның простаталық (pars prostata), жарғақты (pars membranacae), және кеуекті (pars spongiosa) бөлімдерін ажыратады. Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоғарғы қуықастына өтеді. Қуықасты бөлгінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді. Оның артқы қабырғасыңда ұзартылған ұлғаю — несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар. Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis) құрайды.
Мұның жоғарысында тереңдеу — простаталық жатырлығы (utriculus prostaticus) бар, ол рудиментті өсінді болып табылады (сурет 161). Оның жан-жағынан ұрық жасаушы тесіктің түтігі, ал айналасында ұрық безінің ұрықтық төмпешігі орналасқан.
Ұзындығы 1,5 см жететін еркек несеп шығаратын өзектің жарғақтық бөлігі ұшына ұрық безінің буытығына дейін жетеді. Ол несеп-жыныс көкетінен өтерде несеп шығару өзегінің сфинктерін жасайтын (m. sphincter urethrae) концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді.
Еркек несеп шығаратын өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі. Ұзындығы 15 см-дей және екі кеңеюі болады: аталық жыныс мүшесінің буылтығында және оның басында.
Шырышты аралық және кеуекті бөлігінің ауыспалы эпителийімен — көпқабатты призмалық, ал аталық жыныс мүшесінің басында көпқабатты тегіс эпителиймен қапталған. Шырышты қабығында көп мөлшерде шырышты бездер (glandula urethrales) орналасқан. Шырышты қабығының сыртында циркулярлы бұлшықет жасушасының қабығын жасайтын жұмсақ бұлшықет тіні бар.
Әйел несепшығару өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын, диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды. Әйел несеп шығаратын өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді. Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан. Несеп шығаратын өзектің қабырғалары шырышты, бұлшықетті және дәнекертін қабықтарынан тұрады.