Несеп тасы ауруы немесе тынжытас (уролитиаз) — көп тараған кеселдердің бірі. Бұл ауру ертеден белгілі ауру. Ертедегі Мысырда біздің эраға дейін 3,5 — 4 мың бұрын өмір сүрген адам мумиясынан бүйрек тасы табылған. Несеп тасы ауруы бүкіл дүние жүзіне кең таралған, сонымен қатар ол өте жиі кездесетін және эндемиялық сипаты бар аймақтар белгілі. Мәселен, несеп тасы ауруының эндемиялық ошақтары бұрынғы КСРО аймағында Орта Азия республикалары мен Қазақстанда, Солтүстік Кавказда, Еділ бойында, Орал мен Қиыр Солтүстікте таралған. Көптеген ғалымдар казіргі уақытта несеп тасы ауруының көбейгенін айтады. Экологиялық және әлеуметтік түрмыстық өзгерістерге байланысты Қазақстанда несеп тасы ауруын зерттеу, көбею себебтерін анықтау, анықтау мен емдеу тәсілдерін жетілдіру, профилактика мәселелері актуальды проблема болып отыр. Бұл проблеманың маңыздылығының бір дәлелі, аурудың балалар арасында таралуы, көбеюі. Алматы қаласында несеп тасы ауруының көрсеткіші жоғары болуы, тек маманданған емдеу мекемелерінің, жоғары дәрежелі маман дәрігерлердің жұмыс нәтижесі деп қарауга болмайды. Алматы қаласы биік таулы жерде несеп тасы ауруының табиғи эндемия ауданына жатады, онымен қоса қала ластығы жөнінде республикадағы экологиялық нашар ортадағы қалалардың бірі, демек жасанды техногенді эндемия ортасында тұрған қала деуге болады.
Шетелдердегі деректерді келтіретін болсақ, Финляндияда соңғы 50 жылда несеп тасы ауруы 100 есе көбейген (Anderssen, 1979). Shneider (1979) жариялаған деректерге қарағанда, Еуропа халқының 1 — 3 проценті, АҚШ халқының 12%-і несеп тасы ауруымен ауырады. В.С.Карпенко (1973) дерегі бойынша Украинада 19,2% қала халқы, 15,9% ауыл халқы несеп тасы ауруы жөне зәр диатездерімен ауырады.
Несеп тасы барлық жаста да кездеседі. Ал қариялар мен балаларда бүйрек тасы сирек кездеседі де, қуық тасы жиі кездеседі.Бүйрек тасы оң жақ бүйректе жиірек кездеседі, екі бүйректер тасы аурулардың 15 -20%-де кездеседі. Бүйрек пен несепағар тастары 20 — 50 жаста жиі кездеседі.
Несеп тасы негізінен бүйректе пайда болады, сондықтан тас бүйректе орналасса бүйрек тасы, ал несепағарда бүйректен түскен тас болады, сол себепті бүйрек, несепағар тастары, қуық тастары, үрпі тастары, қуық асты безі тастары деп атайды.
Бүйрек және несепағар тастары
Этиопатогенез. Бүйрек тасы немесе нефролитиазды туғызатын толып жатқан себептерге байланысты бүйректің тас ауруларының табиғаты осы күнге дейін толығымен анықталмаған. Ол полиэтиологиялық ауру болып есептеледі. Бүйректе түзілуі формальды және себепті (каузальды) генез факторлары туғызатын процестерге байланысты.
Формальды генез деп тастың пайда болуына әкеп соқтыратын тікелей физикалық-химиялық механизмді айтады. Оның негізінде белгілі бір коллоидтық-химиялық және электрофизикалық процестер жатады. Себепті генез дегеніміз осы формальды-генетикалық механизмді әрекетке келтіретін факторлар болып табылады.
Формальды генез факторлары
Осы уақытқа дейін тастың пайда болуының бірыңғай теориясы жоқ. Коллоидтық-кристаллоидтық теория мен матрица теориясы бүйректе тас пайда болу патогенезінің барынша кең таралған теориялары болып табылады.
Коллоидтық-кристаллоидтық теория. Несеп дегеніміз аса қаныққан коллоидтық-кристаллоиодтық ерітінді, ондағы еритін кристаллоидтардың мөлшері су ерітіндісіндегі кристаллоидтар мөлшерінен 5-10 есе жоғары. Несептің жоғары ерітушілік қасиеті онда гидрофильді «қорғаныш» коллоидтардың болуына байланысты. Мұндай коллоидтар несепке қаннан өтеді және бүйрек өзектерінің клеткаларынан бөлініп шығады. Гидрофильді коллоидтарға (мукополисахаридтерге) хондроитинсер және гиалурон қышқылдары, альбуминдер, глобулиндер, муциндер, гепарин тәрізді заттар жатады. Бір тәулік ішінде сау адамнан шамамен 1 г қорғаныш коллоидтар бөлінеді де, айналасындағы тұздарды сіңіріп, олардың жанасуына және тұнбаға түсуіне мүмкіндік бермейді — коллоидтық кристаллоидтық тепе-тендік түзіледі.
Алайда бірқатар жағдайларда несепте оған тән емес патологиялық гидрофобты коллоидтар (мукопротеиндер) пайда болады. Ол несеп реакциясы өзгергенде, уростазада, бүйректегі қабыну процесінде пайда болады. Гидрофобты коллоидтардың пайда болуы коллоид молекулаларының топтасуына әкеп соқтырады, олар тұнбаға түсіп, қарапайым «мицелла» клеткасын түзеді, бұл клетка болашақ тастың ядросы (кристаллизациялық орталық) болып табылады. Бұл «мицеллаға» тұздар (негізінен кальций тұздары) қонып, тастың есуі несептегі тұздардың концентрациясына, несептің рН-ына, несеп коллоидтарының сандык және сапалық құрамына байланысты болады.
Гидрофильді қорғаныш коллоидтар жеткілікті мөлшерде болғанда, тіпті ядро түзілген жағдайда да тас түзілмейді және өспейді, өйткені қорғаныш коллоидтар молекулааралық қуаттарды нейтралдап, ядроның құралуына жол бермейді. Сондықтан біз науқастарда тұздардың (ураттар, оксалаттар, фосфаттар — несеп диатездері) көп белінетініне қарамастан, бұл жағдайда да оргайизмде қорғаныш коллоидтар жеткілікті болғандықтан, тас түзілмейтінін жиі байқаймыз.
Матрица теорнясы. 1936 жылы Рандалл бастапқы тастардың бүйрек емізікшелерінің ұштарында пайда болатынын дөлелдеді, мүнда жинайтын езекшелердің куысында немесе олардан тыс жерде ізбес шоғыры (кальций тұздары) жиналып, болашақ тастың негізін (матрицасын) түзеді.
Басқа зерттеулер (Карр, 1954) дені сау адамдарда балалық шақтан бастап емізікшелерге кальций тұздарының жиналатынын, бірақ осыған қарамастан, оларда тас түзілмейтінін анықтады, ейткені лимфа жақсы ағатын болса, кальций тұздары бүйректен шығып кетеді. Лимфа тамырларында кальций тұздары аса кебейіп кеткенде (гиперпаратиреозда) немесе бүйректің лимфатикалық дренажы бұзылғанда ғана бүрын болған қабыну процесінің нәтижесінде тұздар емізікшелерге жиналып, тастың түзілуіне әкеп соқтырады.
Бұдан кейінгі зерттеулер тастың матрицасы ізбес шоғыры емес, органикалық коллоидты зат екенін керсетті. Мұндай зат иректелген бүйрек өзектерінде кристалдық компоненттермен қосылады да, одан соң емізікшелерге жиналады.
Сонымен, коллоидтық зат иректелген бүйрек өзектерінде кристалдық компонентпен қосылып, емізікшелердің ұштарындағы жинайтын өзекшелердің қуысына жиналады да, лимфостазда тастың негізі мен матрицасын түзеді. Оның есуіне қарай матрица үстіндегі эпителий жарақаттанып, түсіп қалады. Матрицаның беті несеппен жанасып, кристаллоидтар мен несеп коллоидтары үшін сіңу орталығына айналады. Тұздардың шөгуі емізікшелерге жабысқан тастың өсуіне себепші болады. Бұдан әрі, ауырлық күші мен перистальтиканың (толқынды жиырылу) әсерімен тас емізікшеден белініп, тостағанша мен астауға түседі, одан қолайлы жағдайлар туғанда несеппен бірге ағады немесе бүйректің тостағанша-астау жүйесінде үлкейе береді.