Несеп шығару өзегінің жаңа түзінділері қауіпсіз және қауіпті түзінділер болуы мүмкін. Оларды шығу тегі бойынша эпителийлі және эпителийсіз түзінділерге бөледі.
Этиологиясы. Несеп шығару өзегінің жаңа түзінділерінің пайда болу себептері аяғына дейін зерттелмеген. Қуықтың ісігі кезіндегі канцерогенездің экзогендік және эндогендік себептері үрпінің ісіктеріне де таралады.
Әйелдер өмірінің екінші жартысында басталатын дисгормондық өзгерістер, өдетте 40 жастан кейін несеп шығару өзегінің кілегей қабығында полиптер түзілуіне үласады. Еркектерге қарағанда, әйелдерде несеп шығару өзегінің рагы жиі пайда болады.
Патогенез. Кілегейлі үрпі мен сыртқы жыныс мүшелерінің ұшы сүйір кондиломаларының жыныстық катынас кезіндегі вирустан пайда болатыны анықталған.
Әйелдерде үрпінің артқы қабырғасының полиптері көбіне безді болып келеді, олар үрпі қуысына қарай өседі де, зәр шығару актісін бұзады. Ұдайы жарақатганудан полип малигнизациясы тууы мүмкін.
Үрпінің қауіпті ісіктерінің метастазасы гематогенді немесе лимфатикалық жолмен шаптағы терең, сыртқы және ішкі мықын лимфа түйіндеріне жайылады.
Несеп шығару өзегіндегі рактың сатыларын клиникалық классификациялау TNM жүйесі бойынша жүргізіледі.
Белгілері мен клиникалық барысы. Үрпінің жаңа түзінділері ерте сатыларында клиникалық көрініс бермейді. Зәр шығару кезінде қолайсыз түйсік пен ауру туғызатын зәр шығару жиілеп, қиындайтын дизуриялық құбылыстар байқалуы мүмкін. Инициальды гематурия, яғни несептің алғашқы үлгісінде қанның пайда болуы — аурудың ең маңызды белгісі. Кейбір жағдайларда өйелдер де үрпінің сыртқы тесігінің ісіктері айтарлықтай күшті қан кетудің көзі болуы мүмкін. Қауіпті процестің едөуір кеш сатылары айқын дизуриямен және зәр шығару актісінің бүзылуымен көзге түседі.
Диагностика. Әйелдерде үрпінің жаңа түзінділеріне диагностика жасау қиындық туғызбайды және гинекологиялық тексеру кезінде жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда мимануалдық тексеру арқылы мағлұмат алуға болады.
Еркектерде үрпінің жаңа түзінділеріне диагностика жасау үрпінің сыртқы тесігін қарау, үрпіні саусақпен басып қарау кезінде жүргізіледі, бірақ мұнда биопсия мен жоғары өрлейтін уретроцистографияға ұласқан кері уретроцистоскопияға шешуші рөл беріледі.
Емдеу. Несеп шығару өзегінің ісіктерін емдеу бұл процестің сипатына, TNM категориясы бойынша орналасуы мен таралуына байланысты.
Әйелдерде полип несеп шығару өзегінің артқы қабырғасына орналасқанда операциямен емдейді, ол үрпінің артқы қабырғасын сыналап кесуден жөне кілегей қабықтың дефектін тігуден түрады.
Ұшы сүйір кондиломаны, папилломаны трансуретралды электрмен кесу немесе лазермен бұзу арқылы хирургиялық жолмен сылып тастайды. Сондай-ақ ол жерге химиотерапиялық препараттарды — 5%-ті 5-фторурацилді тамызу, ТиоТЭФ пайдаланылады.
Несеп шығару өзегінің рагы аралас емдеуді (операция, сәуле терапиясы, полихимиотерапия) қажет етеді. Лимфа жүйесін зерттеудің нөтижелері шат-сан және мықын лимфа түйіндерін алып тастаудың қажеттігін анықтайды. Еркектерде сондай-ақ үрпіні сау тканьдер тұсында кесу, ал асқынған жағдайда — жыныс мүшесіне ампутация жасалуы мүмкін.
Болжам. Несеп шығару өзегінің қауіпсіз ісіктеріне болжам қолайлы. Алайда қауіпті ісіктер көбіне метастаза береді, бұл аурудың болжамын айтарлықтай нашарлатады.