Болжау – экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің құрам бөлігі. Болжаусыз нақты нарықтық жəне жоспарлы шешімдерді қабылдау, шаруашылық қызметте жетістікке жетуге, қайта өндіру мен дамуды мемлекеттік реттеуде жақсы нəтижелер күту мүмкін емес. Болжау елдің басты проблемалары мендаму бағыттарын анықтауда біршама көмек береді. Мемлекеттік органдарболжау бағаларының нəтижелерін мемлекеттің əлеуметтік-экономикалықсаясатын жасауда қолданады.
Болжам ұғымына экономикалық жүйе мен экономикалық объектердіңкелешекте мүмкін болар жағдайы жəне осы жағдайды сипаттайтынкөрсеткіштері жатады. Мұқият таңдап алынған мəліметтерді зерделеунегізінде болжам жасау əрекетін болжау дейді. Болжау мəселесінің екіаспектісі ажыратылады: 1) теориялық-танымдық – мүмкін болар не қалау келешектерін сипаттайды, келешек проблемаларын шешуге бағытталады; 2) басқару түрі – шешім қабылдауда келешек туралы ақпаратты пайдалануды көздейді.
Болжау мақсаты – басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми алғышарттар жасау. Олар келесідей: -экономиканың даму үрдістеріне ғылыми талдау жасау; -қалыптасқан үрдістер мен белгіленген бағыттарды ескеретін қоғамдық қоғамдық ұдайы өндірістің болашақ дамуын алдын-ала көре білу; -қабылданатын шешімдердің мүмкін болар нəтижесіне баға беру; -əлеуметтік-экономикалық жəне ғылыми-техникалық даму бағыттарын негіздеу.
Мемлекет жасайтын болжау құжаттары əр түрлі сипаттағы болжамдардантұрады. Экономикалық болжаулар зерттеліп отырған кездегі ЖІӨ-дегі, инвестициялардағы, ұлттық экономиканың негізгі салаларының өндіріс- теріндегімүмкін болар серпін мен экономика құрылымындағы алға басулар туралыұғым береді; нарық жағдаяты, өндіріс шығындары, баға мен инфляцияның,қаржы-несие саласының, мемлекеттік бюджет тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің серпіні туралы бағдар береді; экономикалық басқару жүйесіндегідаму мен институционалды өзгерістер жайында ақпарат береді. ЖІӨ-ніңдаму қарқыны мен оның жан басына шаққандағы деңгейі: инвестициясерпіні, инфляция деңгейі, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы борышы сындыэкономикалық серпіннің жалпылама көрсеткіштері анықталады.
Ғылыми-техникалық жəне инновациялық болжаулар отандық экономикамен өнімнің бəсекеге қабілетті деңгейін ғылымның, инновациялар мен технологиялардың даму келешектері анықтайды. Сонымен қатар, негізгі жəне жақсы нəтижеге жеткізетін инновацияларды игерудің мүмкін болар нəтижелерін, техниканың алмасып отыруын, өнімді стандарттау мен сертификаттаудың дамуын анықтайды.
Əлеуметтік болжаулар болжап отырған кезеңдегі демографиялық үрдістерді (халықтың саны мен құрылымының өзгеруі, туу, өлу, табиғи өсім, туу бойынша күтілетін орта өмір сүру ұзақтығы, көші-қон жəне т.б.), жұмыспен қамтудың деңгейі мен құрылымын, халықтың табысы мен өмір сапасын жəне деңгейін, ауыру жағдайларын, білім, денсаулық сақтау, мəдениет пен өнердің дамуын сипаттайды. Болжаулардың бұл тобы орталық орын алады. Өйткені ол ұдайы өндірістің соңғы нəтижесінің көрсеткіші болып табылады жəне мемлекеттік басқарудың əлеуметтік бағыты мен тиімділігін сипаттайды.
Экологиялық болжаулар табиғи үрдістер (температураның өзгеруі, жауын- шашынның түсуі жəне т.б.) мен экологиялық көрсеткіштердің (қоршаған ортаның ластану деңгейі, тазарту қондырғыларын салу, табиғи орта мониторингін дамыту ) серпінін алдын-ала көрсете біледі жəне табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығындарды анықтайды.
Сыртқы экономикалық болжаулар əлемдік шаруашылықтың серпінін жəне сыртқы экономикалық дамуды (сыртқы сауда, оның тауарлық құрылымы, елдер тобына бөлу, сыртқы тауар айналымының сальдосы, шетелдік туризм, капиталдың экспорты мен импорты, шетелдік инвестициялар, бірлескен кəсіпкерліктің дамуы жəне т.б.) болжайды.
Елдің экономикалық даму болжаулары əрқилы мерзімге қатысты анықталады: — қысқа мерзімді болжау – бір жылға, екі жылға немесе одан да қысқа мерзімге (мысалы, баға серпіні мен акциялар бағамы бір жылға немесе бір айға болжанады); — орта мерзімді болжаулар – 3-5 жылға; — ұзақ мерзімді болжаулар ірі жəне əр алуан түрлі болады, олар 10-20 жылға жасалады; — аса ұзақ мерзімді болжаулар келешектегі даму серпіні туралы түсінік береді, 40-50 жылға жасалады. Болжауларды басқару деңгейіне қарай топтастыруға болады: — жеке болжауларды өндірістер мен ұйымдардың, банктердің өздері жасайды (көбіне қысқа мерзімге жасалады); — аймақтық болжаулар əкімшілік-аумақтық бірліктер мен ірі экономикалық аудандар деңгейінде жасалады; — салалық болжаулар белгілі бір сала немесе салааралық кешен бойынша жасалады (мысалы, отын-энергетика, агроөнеркəсіптік); — проблемалық экономикалық, ғылыми-техникалық немесе экологиялық дамудың нақты бір мəселесі бойынша жасалады (мысалы, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа үлгідегі техниканы игеру жəне тарату, экологиялық жаңа технология); — ұлттық немесе кешенді болжаулар жалпы ел деңгейінде жасалады (экономикалық, əлеуметтік, ғылыми-техникалық, экологиялық); — халықаралық болжаулар елдер тобы бойынша жасалады (мысалы, ТМД) немесе ғаламдық. Болжау сипаттарына қарай келесідей топтастыруға болады: — зерттеліп отырған объектінің бір көрсеткішін (мысалы, инфляция, жұмыспен қамтылу деңгейі) немесе негізгі көрсеткіштерінің жиынтығын (кəсіпорын, аймақ, сала, ел бойынша) сипаттайтын жеке жəне жалпылама болжаулар; — генетикалық (бұрындары қалыптасқан үрдістері жəне оларды анықтайтын факторларының болар өзгерістері тұрғысынан зерттейді), нормативті (алдын ала қойылған мақсаттың жолдары, факторлары, орындау мерзімдерін болжайды) жəне құрама (генетикалық жəне нормативті түрлерін бірге қарастырады); — бір нұсқалық жəне көп нұсқалық (соңғысын қолдану дұрыс жəне нақты болады, олар əр түрлі факторлар кезіндегі жағдайдың дамуының бірнеше сипатын қарастырады).
Əлеуметтік-экономикалық болжау жүйелік, ғылыми негізделген, сəйкесті, баламалық, мақсатты қағидалары негізінде жүзеге асады. Болжаудың жүйелік қағидасы экономикалық жүйедегі сандық жəне сапалық заңдылықтарын зерттейді. Қандай да болсын шешімнің негізделуі жүйенің жалпы мақсатын анықтаудан басталып, оның жүзеге асуы үшін жүйедегі барлық жүйе бөлігі қызметі бағынышты болатын зерттеудің қисынды тізбегін жасайды. Ғылыми негізделген қағида бойынша əлеуметтік-экономикалық болжауларда объективті экономикалық заңдар, ғылыми нұсқаулықтар қолдану қажет жəне болжауларды құруда əлемдік жəне отандық тəжірибені терең зерттеу маңызды болып табылады.
Объективті заңдылықтарды болжаудың сайма-сайлық қағидасы бойынша ұлттық экономика дамуындағы тұрақты үрдістерді анықтап қана қоймай, баға беру де қажет жəне нақты экономикалық əрекеттердің теориялық ұқсастығын жасау қажет. Мақсаттылық қағидасы болжаудың белсенді сипатын анықтайды, өйткені болжау тек келешекті көріп қою ғана емес, ол мемлекеттік билік органдары мен басқарудың белсенді əрекеттері арқылы экономикада белгілі нəтижелерге жетуді мақсат етуі қажет.
Болжаудың негізгі қызметтері: — экономикалық, əлеуметтік, ғылыми-техникалық үрдістерге ғылыми талдау; — нақты жағдайдағы жəне нақты мезгілдегі халық шаруашылығы дамуының əлеуметтік-экономикалық құбылысының объективті байланыстарын зерттеу; — болжау объектісін бағалау; — экономикалық жəне əлеуметтік дамудың объективті баламалығын анықтау; — негізделген шешім таңдау үшін ғылыми материалды жинақтау.
Болжауларды негіздеу барысында əр түрлі əдістерді қолданады. Болжау əдістері – ретроспективті деректер, экзогенді (ішкі) жəне эндогенді (сыртқы) талдау негізінде, оның (объектінің) даму келешегі жөнінде белгілі нақты пікір жасауға болатын ойлаудың тəсілдері мен əдістерінің жиынтығын айтады. Қазіргі кезде болжаудың 150-ден аса əдісі бар, бірақ тəжірибеде көбіне 20-сы ғана қолданылады. Болжаудың негізгі əдістеріне төмендегілер жатады.
Экстраполяция əдісі зерттеліп отырған объектінің даму серпінін ретроспективада (болжау мерзіміне қарағанда ұзағырақ болғаны жөн) зерттеп жəне оның келешекке созылуын қарастырады. Бұл əдіс қысқа мерзімді болжаулар үшін дəйекті болып табылады жəне негізінен статистикалық дректерге сүйенеді.
Əлеуметтік-экономикалық əрекеттердің даму заңдылықтарын зерттеу тəсіліне экономика-математикалық үлгі жатады. Экономика-математикалық үлгілеу болжауда əр түрлі сипатта болады. Бір үлгілер экстраполяция əдісін қалыптастырады (мысалы, өндірістің негізгі факторларының экономикалық серпінге ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін өндіріс қызметтірінің əдісі).
Екінші, салааралық байланыстың күрделі үлгілері экономика құрылымының үрдісін зерттеуге мүмкіндік береді (салааралық тепе-теңдік, көпөнімді үлгілер). Үлгілердің үшінші тобы циклдың əр түрлі кезеңіндегі экономикалық көрсеткіштердің циклдық ауытқуының қисығын анықтауға мүмкіндік береді.
Болжау тəжірибесінде салааралық тепе-теңдік əдісі кеңінен қолданылады. Бұл əдіс өндіріс құрылымындағы жəне өнімді бөлудегі өзара байланыстарды анықтауға мүмкіндік беріп, негізгі факторлардың құрылымдық өзгерістерге ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Болжаудың ең тиімді түрін таңдап алу үшін оңтайландыру үлгілері қолданылады, олар көбіне толық статистикалық база жағдайында нормативті болжау жасау үшін пайданылады. Болжау жасауда объекті туралы нақты статистикалық жəне болжау мəліметтер болмаған жағдайда, логикалық тұжырымдар негізінде, индукция жəне дедукция əдістерін қолдану негізінде экономикалық серпінді талдау жəне болжау үшін эксперттік бағалау əдісі де кеңінен қолданылады.
Əр түрлі факторлар негізінде белгілі жағдайдың даму мүмкіндіктерінің бірнеше баламалық нұсқалары жасалады. Объект туралы ақпаратты өңдеу қағидасы бойынша болжау əдістерін статистикалық əдістер, ұқсастық əдістері жəне озық əдістер деп бөлуге болады. Статистикалық əдістер болжау үлгілерін алу үшін дамудың математикалық заңдылықтарын анықтайтын сандық ақпаратты өңдеу əдісі мен объект сипаттамаларының математикалық өзара байланыстарын біріктіреді.
Ұқсастық əдісі даму үдерісіндегі заңдылықтардағы ұқсастықтарды анықтауға бағытталады жəне соның негізінде болжау жасалады. Болжаудың озық əдістері ғылыми-техникалық ақпаратты арнайы өңдеу қағидаларына негізделеді. Оларды зерттеу əдістері жəне объектінің даму деңгейін бағалау деп бөлуге болады.