Моғолстан мемлекеті туралы слайд

Тақырып бойынша слайд Моғолстан мемлекетінің бөлектенуінің алғышарттары, оның Қазақстан тарихындағы маңызын анықтай аласыңдар. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иеліктеріне Шығыс Түркістан, Жетісудың үлкен бөлігі мен Мауараннахр енді. Оның басты қаласы Іле алқабындағы Алмалық болды. Барлық ортағасырлық деректерде Шағатай қатал адам ретінде сипатталады. Шағатай өз ұлысын көркейтумен белсенді түрде айналысты. Мәселен, оның бұйрығы бойынша, Үрімші арқылы Шығыс Түркістанға жол және Іле алқабында тау асуы салынды. Ол үшін құз-жартастар тесіліп, ағаштан бірнеше көпір салынған. Көпірлердің кең болғандығы соншалық, олармен екі арба қатарласып жүре алған.

Слайд

Шағатай ұрпағы Кебек хан (1307-1326 жылдар) билік еткен тұста хан есімі жазылған күміс теңге айналымға енгізілді. Бұл теңге кебек деп аталды. Кебек хан қалаларды қалпына келтіріп, иеліктерді біріктірді. Оның тұсында мұсылман мәдениетінің дәстүрлері орныға бастады. Кебек көшпеліліктен қол үзіп, Мауараннахрға қоныс аударды. Жетісу мемлекет орталығынан шет аймаққа айналды.

Тайпа және ру ақсүйектерін өз жағына тарту үшін Кебек хан елдің басқару жүйесін қайта құрды. Бұл жүйе бойынша мемлекет Шыңғысхан ұрпақтары басқарған әкімшілік билік түмендерге бөлінді. Оларды түркі-монғол ақсүйектері басқарды.

Екінші слайд тақырыбы Моғолстанның құрылуы. Мемлекеттің шығыс бөлігінің әмірлері жоғары билікті бірден басып алмай, хан тағына Шыңғысхан ұрпағын отырғызды. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулати анағұрлым толық деректер келтіреді. Монғол мемлекеттеріндегі дәстүр бойынша тек Шыңғысхан ұрпағы ғана хан тағына отыра алатын. Сол себепті дулат тайпасының басшысы, аса қуатты әмір Поладшы, шығыс аймақтардың ең беделді әмірі ретінде өзін хан деп атауға батылы жетпей, таққа Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді (1347-1363 жылдар) отырғызды. Тоғылық Темір Моғолстан билеушілері әулетінің негізін қалады. Өкілдерін хан жасаған дулат әмірлері елдегі негізгі саяси күш ретінде өз билігін нығайта түсті.

Осылай Шағатай ұлысының шығыс жарты бөлігінде ортағасырлық деректерде Моғолстан немесе Моғолдар ұлысы деп аталған мемлекет пайда болды. Әмір Поладшы тарихқа осы мемлекеттің негізін қалаушы ретінде енді. Моғолстан «Моғолдар елі» дегенді білдіреді.

Үшінші слайд Моғолстан мемлекетінің халқы және жер аумағы туралы. Моғолстан халқының құрамында көптеген түркі және түркіленген монғол тайпалары болды. Моғолстан шегарасы саяси жағдайға байланысты өзгеріп, «7-8 айлық жолға» дейін ұзарды. «Тарих-и-Рашиди» деректері бойынша, ХІV-ХVІ ғасырдың басында бұл Шыңжаң өлкесі, Жетісу мен қазіргі Қырғызстан аумақтарын қамтыды.

Тоғылық Темірдің ордасы Алмалықта орналасты. Тоғылық Темір ханның билігі «бүкіл Моғолстанға» тарағандығы туралы Дулати еңбегінде айтылады. Ол өз билігін нығайту үшін исламды мемлекеттік дін ретінде жариялайды.

Төртінші слайд Моғолстан мемлекетінің қоғамдық құрылымы туралы. Моғолстанда мемлекеттің басшысы және билік иесі хан болды. Ханға мемлекетті басқаруда дулат тайпасының әмірлері әулетінен шыққан ұлұсбек көмектесті, бұл қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Моғол аңыздарына сәйкес, Тоғылық Темір хан Алмалық қаласына жақын Іле алқабында жерленді. Хан қабірінің үстіне тамаша кесене салынды. Тоғылық Темірдің мұрагері Ілияс Қожа аз уақыт билік етті. Ілияс Қожаның 1365 жылы «Батпақ шайқасы» кезінде моғол әскерін басқарып, Әмір Темір жетекшілік еткен Мауараннахр әмірлерінің біріккен күштерін талқандағаны белгілі.

Бесінші слайд Моғолстанның саяси тарихы туралы. XIV ғасырдың 60-жылдарындағы алғашқы Моғолстан хандары Мауараннахрдағы Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіруге әрекет жасады. Алайда 70-80-жылдары Моғолстан билеушілеріне Әмір Темір басқыншылығына қарсы ұзақ та қиян-кескі күрес жүргізулеріне тура келді. Ауыр күрес нәтижесінде моғол ханы Қызыр Қожа өзін Әмір Темірдің боданы деп тануға мәжбүр болды.

Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан билігі кезінде (1408-1416 жылдар) жағдай біршама жақсарды. Оның заманында Моғолстан Әмір Темір ұрпақтарынан тәуелсіз болды. Алайда осы кезде Моғолстанның шығыс аймақтарына ойраттар жиі-жиі шабуыл жасай бастады.

Алтыншы слайд Моғолстанның құлауы туралы. XVI ғасырдың 20-жылдары қазақтар моғолдарды Жетісудан толықтай ығыстырды. Жетісу жерінде қалған моғол тайпалары бірте-бірте қазақтармен араласып кетті. Моғолстан өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан құлауының көптеген себептері болды. Олар — Шағатай әулетіндегі өзара тартыс, Әмір Темірмен соғыс және ойрат шапқыншылықтары, тұрақсыздық пен ауыр салықтарға халық наразылығы және осыған байланысты жаппай қоныс аудару түріндегі қарсылық. Орталық Азия тарихында Моғолстан маңызды рөл атқарды. Қазақтың Ұлы жүзін құраған Жетісу тайпаларының бірігу үрдісі аяқталды. Моғолстан этникалық жағынан біртекті мемлекеттер — Қазақстан мен Қырғызстанның қалыптасуына жағдай жасады.

   Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *