Экономикалық теориядағы меншік құқығы, біріншіден, іс жүзінде ұдайы өндіріс процесінде көптеген заңды қатынастар (төменде айтылады) экономикалық қатынастарға көшеді және керісінше болатындықтан арнайы зерттеуді қажетсінеді. Екіншіден, меншіктің заңды ғана емес, сонымен бірге экономикалық құқықтары да болады. Экономикалық және заң ғылымында меншік құқығын зерттейтін континенталдық және ағылшын-сакондық деп аталатын екі негізгі дәстүрі қалыптасты.
Континенталдық дәстүрде иемделінген объектінің меншік құқығының бір ғана иесінде болуы өте дұрыс саналады. Аталмыш дэстүрге Наполеон кодексі жатады. Осы дәстүрге сәйкес жеке меншік «қасиетті және қол сұғылмайтын» ғана емес, сонымен бірге «біртұтас және бөлінбейтін» болып саналады. Осы дәстүр бойынша сол бір объектінің меншік құқығының бірнеше адамда болуы феодалдық кезеңнің сарқыншағы және жеке меншіктің мәртебесінің төмендеуі ретінде қарастырылады. Континенталдық құқық феодалдық дәстүрлерге қарсы тұрады, ол бір адам табысты жасап, оны ауыстырып немесе өзі иемдене алатын шағын тауарлық және ертедегі капиталистік өндірістің талабымен өте үйлеседі. Капиталистік өндірістің күрделі нысандары пайда болғаннан кейін «біртұтас және бөлінбейтін» жеке меншік деген ұғымға акционерлік қоғамдардың, трансұлттық компаниялардың, әріптестіктердің, кооперативтердің және кәсіпкерлікті ұйымдастырудың басқа да күрделі нысандары сыймады. Қазіргі заманғы индустриялық және индустриялықтан кейінгі қоғамға меншік құқығының бұдан да дамыған жүйесі қажет.
Осы қажеттілікке меншік қүқығын сипаттайтын ағылшын-саксондық дәстүр пайда болды. Ағылшын-саксондық дәстүрде меншіктің бірнеше адамның өкілеттігіне бөлінуі меншік қүқығының мәртебесінің төмендеуі емес, экономиканың игілік пен ресурстардан барынша көп пайда ал мақсатын ұстанатын қалыпты жұмыс істейтін ахуалы ретінде қарастырылады.
Осы дәстүр шеңберінде барлық экономикалық шешімдерде жеке меншіктің мәртебесін көтеру және бір адамда меншік құқығының өте көп болу әрекеті міндетті емес, тіпті оның тиімсіздігі дәлелденді. Көп жағдайда жерді сатып алғаннан гөрі оны жалға алу, ал жабдықты сатып алғанша оны лизинте алу, автокөлік пен тұрғын үйді жалға алу оларды иемдену құқығын сатып алудан тиімдірек болуы да мүмкін.
Ағылшын-саксондық құқықтық дәстүр экономикалық ғылымға әсер етіп, меншік құқығы теориясын қалыптастыруға негіз болды. Аталмыш құқықтық дәстүрде экономикада абсолюттік және өзгермейтін меншік құқығы жоқ деп айтылады. Әрбір экономикалық шешім ең тиімді экономикалық шешімді ұтымды іске асыру үшін жеткілікті әрі қажет белгіленген меншік құқығының жиынтығына немесе «өкілеттіктер жиынтығына» сүйенуге тиіс. Әр жағдайда меншікке шексіз құқық сатып алу әрекеті осы меншікке қызмет көрсетуге артық шығын жұмсауға әкеп соқтыруы мүмкін.
Ең тиімді экономикалық шешім үшін қажетті әрі жеткілікті құқық жасау (сатып алу арқылы) үшін меншік құқығын бірқатар өкілеттікке бөлу база болып табылады. Кейбір қүқықтар мен олардың құрамдастары мүліктің статикалық жай-күйін тіркеп, оны реттейді. Меншік құқығының басқа құрамдастырымы («жиынтығы» мүлікті (ресурстарды) экономикалық функционалдық ахуалға ауыстырады.
Меншік құқығын тиісінше сұрыптап, оны өрістету заңды тұлғаларды экономикалық тұлғаға айналуына ықпал етеді, яғни жаңа экономикалық персонаның, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды тасымалдаушылар ретіндегі тұлғаның пайда болуын ықпал етеді. Мұның өзінде меншік құқығы жиынтығы санының өзгерген жағдайда меншік қатынастары субъектілерінің экономикалық ахуалы (мәртебесі) өзгереді. Мысалы, пайдалану құқығы затты оның сапа сипаттамалары мен пайдалануына сәйкес іс жүзінде қолдану құқығын береді: жүк автокөлігін жүргізу қүқығы, фирманың бухгалтериясындағы компьютермен жүмыс істеу және т.б. қызмет процесінде осы құқықты іске асыру арқылы табыс алуға немесе оны жасауға ықпал ете алады. Алайда пайдалану құқығы пайдаланушылардың өздеріне сыйақы тағайындап табыс алатын құқық бермейді. Жүргізуші, құрылысшы мен бухгалтер алатын табыс пен оның мөлшерінің негізі басқа және қатынастары да өзге: олар аталмыш тұлғалар өндіріс процесіне қалай қосылғанымен, өндіріс құралдарымен қандай шартпен қосылғанымен анықталады.
Егер адам пайдалану ғана емес, сонымен бірге иемдену құқығын қайсыбір тәсілмен сатып алса, бұл жағдайда оның мәртебесі өзгереді. Меншік құқығы берілгеннен кейін осы адам өндірілетін игіліктің, алынатын табыстың иесі атанып, оларды басқарады. Жүргізуші, құрылысшы мен бухгалтер меншік иесінен табыс жасау процесінің өзінен, яғни нақты экономикалық иемденуді құрайтын өндіріс процесінен табыс алады. Меншіктің экономикалық тегі, демек, негізгі өндіріс факторлары, экономикалық билік, экономикалық тәуелділік немесе еркіндік қосылғандағы өндіріс процесінің әлеуметтік-экономикалық қыры арқылы қалыптасады. Осы орайда меншік әлеуметтік анықталған нысанда игілікті иемдену болып табылады. Меншіктің заңдылығын мамандану немесе заңды тұлғалардың арасында осы объектілерге өкілеттік бекітеді.
Меншік құқығын жүйелеу
Өкілеттік қарастырылатын тәсілдемелердің көп болуына байланысты өкілеттік арнайы талдауды және жіктеуді қажет етеді. Экономистер меншіктің экономикалық маңызын ашу үшін ұзақ уақыт бойы заңгерлер үшін дәстүрлі пайдалану, иемдену, басқару өкілеттіктерімен пайдаланып келді. Соңғы жылдары ғылымда экономикалық теорияның институционалдық емес бағыты шеңберінде қарастырылған меншік (өкілеттік) құқығы қолданылады. Өкілеттік жиынтығын жүйелеп, оның маңызы мен арақатынасын талдау қажеттілігі туындап отыр.
Рим (классикалық) дәстүрі шеңберінде пайдалану — бұл заттарды (ресурстарды) олардың тағайындалуына сәйкес қолдану, яғни меншік объектілерінің функционалдық сипаттамасы. Пайдалану құқығы ресурстардың қолданылуының заттық және технологиялық жақтарын білдіреді. Өкілеттікті талдаудың осы деңгейінде кәсіпкерлік сипаттамалар мәселесі шешілмейді.
Иемдену — меншік құқығының күрделі құқығы, оған кәсіпкерлік мезет те кіреді. Ие мүлікті ұстайды, шығыны мен табысын салыстырады. Иемденуге пайдалану кіреді, өйткені затты (ресурстарды, өндіріс құралдарын) функционалдық түрде пайдаланбай кэсіпкерлік мақсаттарды іске асыру мүмкін емес. Меншік иесі екі рөл атқаруы мүмкін, яғни ресурстарды өзі пайдалануы мүмкін, осы функцияны жалдамалы қызметкерге жүктеуі мүмкін. Осы орайда иемденуге жоғары өкілеттік ретінде пайдалану кіреді.
Ең соңында, осы дәстүр шеңберінде басқару жоғары құқық болып табылады. Егер осы өкілеттікте затты сату, кепілдік, мұрагерлікке қалдыру, сыйға тарту және т.б. сияқты әр түрлі нысандары қарастырылмаған жағдайда ол «толық» деп аталады.
Құқық нысанының жоғары нысаны ретінде басқаруға жай құқық ретіндегі алдыңғы екі құқық кіреді. Кәсіпкерлік (кәсіпкерлік қызмет) үшін жоғары өкілеттік ретіндегі жеке меншік міндетті емес, иемдену болса да жеткілікті. Сонымен бірге индустриялық және индустриялықтан кейінгі қоғамда жалға алу, лизинг, бірлесіп жалға алу кеңінен қолданылады. Осыған байланысты толық жеке меншік өзінің өктемдік жағдайынан айырылуда.
Экономикалық теорияның жаңа классикалық бағытында ағылшын заңгері А. Оноре келтірген, «хрестоматиялық» деп аталатын меншік құқығының жіктелімі көп таралған. А. Оноре 11 өкілеттіктен тұратын жүйені ұсынды.
- Иемдену, яғни затты түгелдей бақылау құқығы.
- Пайдалану, яғни затты жеке пайдалану құқығы.
- Басқару, яғни затты кім және қалай пайдалануы мүмкін екенін шешу құқығы.
- Табыс, яғни затты бұрын жеке пайдаланудан алған игілікті немесе басқа адам оны пайдалануға берген рұқсаттан алынатын игіліктің құқығы (өзгеше айтқанда — иемдену құқығы).
- Затты шеттету, тұтыну, өзгерту немесе құрту құқығы қарастырылған «капитал құны» құқығы.
- Қауіпсіздік құқығы, яғни экспроприациядан иммунитет.
- Заттың мұрагерлікпен немесе өсиет бойынша көшу құқығы.
- Мерзімсіздік.
- Зиянды пайдалануға тыйым салу, яғни затты зиянкестікпен немесе басқа тәсілмен пайдаланудан бас тарту міндеті.
- Өндіру түріндегі жауапкершілік, яғни затты борышты төлеу есебіне алып алу мүмкіндігі.
- Қалдық сипаты, яғни беру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе кез келген өзге себеп бойынша оның күші жойылған жағдайда кімге болса да берілген өкілеттіктің өзінен-өзі қайтуын күту.
Кейбір ерекшеліктері бар меншік кұқығының осы сипаттамасында пайдаланудың, иемденудің, басқарудың (1, 2, 5, 7 жэне 11-ші). Классикалық өкілеттіктері қайта қарастырылған. Олар экономикалық маңызы, басқару және табыс алу құқығы бар өкілеттіктермен (3-ші жэне 4-ші) толықтырылған. Өзінің маңызы бойынша басқару кәсіпорынның бүкіл мүліктік кешенімен пайдалану құқығына жатады. Ал табыс алу құқығы меншіктің (нақтырақ айтқанда, табыс ағынын бақылау құқығы) жаңа игілік пен жаңа табыс құру процесінен алынады. Қалған өкілеттіктер (6, 8, 9 және 10-шы) заңды және экономикалық маңызы бар, алайда олар меншіктің ішкі маңызы қатысында олар сыртқы (экзогендік) фактор болып табылады.
Экономикалық көзқарастан алып қарағанда меншік құқығының жіктемесін тағы бір түрде көрсетуге болады:
- Пайдалану құқығы, яғни заттар кешенін басқаруды қоса алғанда, заттарды (ресурстарды) олардың функционалдық тағайындалуына орай пайдалану.
- Иемдену құқығы, яғни заттарды (ресурстарды) олардың экономикалық (кәсіпкерлік) тағайындалуына сәйкес қолдану.
- Игілік жасау процесіне арналған құқық.
- Құралдар мен өндіріс нәтижелерін шеттеу мүмкіндігін қоса алғанда, олдарды басқару құқығы, сондай-ақ табыс ағынын бақылау.