Мемлекеттік реттеу ғылыми негізделген тұжырымдамасыз мүмкін емес. Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы – бұл қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің жоспарлы жəне нарықтық модельдерін ұтымды пайдалануда макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық жəне сыртқы экономикалық саясаттарды жүзеге асыру бойынша тəжірибелік жəне тиімді бағыттарды əзірлеу.
Тұжырымдаманы жүзеге асыруда келесілерді анықтау қажет: басымдық сұрақтарды; мемлекеттік реттеу міндеттерінің сипаты мен деңгейіне сəйкес келетін құралдар жиынын. Мемлекеттік экономикалық саясаттың тұжырымдамасын əзірлеу оның елдегі нақты мəселелерге, жағдайларға, мақсаттар мен мүмкіндіктерге сəйкес болуын қарастырады. Мемлекеттік экономикалық саясаттың тұжырымдамасы келесілерді талдауға негізделеді: елдегі жағдай; даму мақсаттары (мақсаттар каталогы немесе ағашы); мақсаттардың əлеумттік-экономикалық жүйе мүдделеріне сəйкестігі; мемлекеттік экономикалық саясаттың тұжырымдамасындағы экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің қолданылатындығы.
Тұжырымдама экономика саясатына, мақсаттары мен басымдықтарына негізделуі тиіс. Экономиканың даму тұжырымдамасы ұзақмерзімді де, ортамерзімді де болашаққа əзірленеді. Онда елдің əлеуметтік-экономикалық даму нұсқалары нақтыланады, осы дамудың мүмкін мақсаттары, сонымен бірге мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен құралдары анықталады. Тұжырымдама негізінде экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі маңызды элемент болатын елдің əлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы немесе мемлекеттік стратегиялық жоспардың өзі əзірленеді.
Тұжырымдаманы əзірлеу мəнін түсіну үшін оны Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасымысалында қарастыруға болады. Тұжырымдамада «Қазақстан -2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегия-сының ережелері ескеріле отырып, инновациялық дамудың негізгі мүмкіндіктері мен болжанып отырған сценарийлері көрініс тапқан. Тұжырымдаманың негізінде нарықтағы қазіргі заманғы жəне өсіп келе жатқан қажеттіліктерге, пайдаланушының туындайтын мұқтаждықтары, нарықтық олқылықтар мен əлеуметтік проблемалар үшін шешімдер іздеуге бағдарлану жатыр. Тұжырымдама шеңберінде басты назарды «кездейсоқ» білім алудан инновациялық қолайлылыққа, шынайы бизнес мүмкіндіктерді жасау жəне проблемаларды шешу үшін əлеуетті пайдаға аудару көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы келесідей бөлімдерден тұрады: I. Қазақстандық инновацияларды дамытудың пайымы. 1. Ағымдағы ахуалды талдау. 2. Түйінді проблемалар. 3. Жаһандық сын-тегеуріндер. 4. Дамудың жалпы параметрлері. 5. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері. 6. Іске асыру кезеңі жəне күтілетін нəтижелер.
II. Қазақстанда инновацияларды дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тəсілдері. 1. Қазақстандағы инновацияларды дамыту сценарийлері. 2. Озық технологияларды таңдау. 3. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту.
III. Тұжырымдаманы іске асыру үшін əзірленетін нормативтік-құқықтық жəне өзге де актілер тізбесі. Тұжырымдаманың мақсаты экономиканың шикізаттық түрінен инновациялық түріне өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиялар мен қызмет көрсетулер негізінде Қазақстанның əлемнің бəсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруіне жəрдемдесу болып табылады. Тұжырымдама ұзақмерзімді кезеңге əзірленген жəне онда көрсетілген барлық шаралар екі кезеңде іске асырады деп жоспарланған: Бірінші кезең: дайындық (2013 — 2014 жылдар). Екінші кезең: инновациялық экономикаға көшу (2015 — 2020 жылдар). Мемлекеттік экономикалық саясаттың тұжырымдамасындағы мақсаттар түрлі белгілері бойынша жіктеледі.
Мақсат қою, бəсекелес жəне қолдаушы мақсаттар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылық жəне ел ішінде жəне шетелде қалыптасқан құрылымды күшейту, оны өзгермелі жағдайларға бейімдеу болып табылды. Осы негізгі мақсаттан туынды нақты мақсаттар деп аталатын ағаш таралады, ол мақсаттарды жүзеге асырмай негізгі мақсатқа қол жеткізілмейді. ЭМР мақсаттарының күрделі жəне кейде қарама қайшы өзара қарым қатынастар, өзара шатасушылығы жəне туындайтын кері, қалаулы жəне қалаусыз салдары мемлекеттік реттеуші органдарды ЭМР мақсаттарын жеке жеке емес, бірімен бірі байланысты əзірлеуге жəне жүзеге асыруға мəжбүр етті. Сондықтан да, ЭМР мақсаттары көпбұрыштар түрінде қалыпасады (1 суретті қараңыз).
Көпбұрыштар атауынан əрбір мақсат өзінше емес, басқа «бұрыш-тармен» өзара байланыста өмір сүретіндігі шығады. Сиқырлы көпбұрыш деп барлық аталған мақсаттарға бір уақытта қол жеткізу өте қиын, тіпті кейде орындалмайтын міндет болғандықтан да аталады.
ЭМР ресми мақсаттарының арасында неғұрлым кең таралғаны «сиқырлы төртбұрыш» деп аталатыны, яғни мемлекет жүзеге асыруға жауапты төрт өзара байланысты мақсаттар. Бұл — қалыпты жəне тұрақты экономикалық өсу, жоғары жұмысбастылық деңгейі, баға тұрақтылығы (ақша тұрақтылығы) жəне сыртқы экономикалық тепе теңдік. «Сиқырлы бесбұрыш» түсінігіне «төртбұрышта» аталған мақсаттармен бірге əлеуметтік мақсат, яғни əділетті білім беру жəне табыстар мен меншікті бөлу кіреді. «Сиқырлы алтыбұрыш» түсінігіне «бесбұрышта» келтірілген мақсаттарға Қоршаған ортаны қорғау жəне жақсарту мақсаты қосылады.
ЭМР мақсаттарын олардың сипаты бойынша келесідей түрлерге бөлуге болады: — аудандағы жағдай тəуелді ауыр күйге түскен саланы, ауданды немесе ірі фирманы қолдау; — экономикада болып жатқан, бірақ мүмкіндігінше жеделдету қажет прогрессивті үрдістерді ынталандырушы, мысалы, жоғары технолгия салаларын, белгілі бір ғылыми зерттеулерді дамыту, салыстырмалы төмен дамыған аудандарға қоныстандыру; — экономикаға қызметтің жаңа нысандарын немесе жаңа технология-ларды ендіруге бағытталған – құрал жабдықтар лизингін ынталандыру, депозиттелген акцияларға дауыс құқығына рұқсат беру, өте жаңа энергетикалық құрылғыларды жасау; — негізгі мақсаттарды жүзеге асыруға жанама əсер ететін бейтарап: жаңа ғылыми зерттеу жəне білім беру орталықтарын құру, шағын жəне орта кəсіперлерге көмек, шетелде ұлттық көрмелер өткізу; — өмір сүріп отырған құрылымға сəйкес емес, бірақ ақырғы соңында оны күшейтуге бағытталған. Мысал ретінде …жылдардағы Қазақстандағы өнеркəсіп орындарын ұлттандыру\мемлееттендіру саясаты бола алады.
Мұндай шараларға жол беру нақты тарихи кезеңдегі нақты елдегі əлеуметтік экномикалық құрылым тұрақтылығы мен икемділігінен тəуелді болып табылады. Нақты мақсаттар негізгіге бағынышты ғана емес, бірімен бірі өзара байланыста болады.