Манометрлік аспап

Манометрлік аспап

Манометрлік аспап

Манометрлік аспаптың жұмыс істеу қағидасы — тұрақты қысым астындағы қысылған ауа кіріс сопло бар жұмыс камерасына, одан кейін өлшейтін соплоға және саңылау арқылы атмосфераға кіреді. Камерадағы 8 саңылаудың ауданына байланысты қысым шкаласы ұзындық бірлігінде нөмірленген манометрмен өлшенеді. (30-40 КПа) жоғары қысымдағы және (5-10 КПа) төмен қысымдағы аспаптар қолданылады. Жұмыс қысымы тұрақты жағдайда кіріс соплосы арқылы ауа 1 өлшеуіш камераға, содан кейін 2 өлшеуіш сопло арқылы атмосфераға шығады. Бұл жағдайда өлшеуіш камерадағы қысым өлшенетін объекті мен өлшеуіш ұштықтың арасындағы қашықыққа байланысты және 3 манометрмен өлшенеді.

Осы үлгідегі аспаптар әдетте бақылау автоматтарындағы белсенді бақылау жүйелерінде пайдаланылады. Сезімтал элемент ретінде серіппелі элементтер (түтікті серіппелер, сильфондар, мембраналық қораптар және т.б.) немесе сұйық дифманометрлер (U — тәрізді және тостаған тәрізді) пайдаланылады. Аспаптар жанаспайтын (өлшейтін соплодан шығатын ауа өлшенетін объектіге тікелей бағытталады) және жанасатын (тұтқаның екінші ұшы өлшенетін объектімен жанасайтын өлшейтін өзектің бүйір жағына бағытталады) болады.

Аспаптардың дәлдігін метрологиялық талдауда пневматикалық жүйенің дәлдігін талдауға ерекше назар аударылады. Аспаптың артықшылығына конструкцияның салыстырмалы қарапайымдылығы, өлшенетін бетті ауа ағынымен тазартқан кезде жанаспай өлшеу мүмкіндігі, өлшеу кезінде беттің (ауқымның) көп, яғни 10 мың есеге дейін артуын, осының нәтижесінде өлшеудің жоғары дәлдігін, көлемді анықтау, нысанның дәлсіздігін анықтау, өлшенетін мөлшерлерді қосу мен шегеру мүмкіндігін, үздіксіз ақпарат алу мен қашықтан өлшеу мүмкіндігін атауға болады. Аспаптың кемшілігі ретінде тұрақты қысымы бар жеткілікті көлемде ауаның болуының қажеттілігі, пневматикалық жүйенің инерциялығы, өлшеудің дәлдігін әсер ететін өлшеу аумағындағы температураның ауытқуы аталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *