Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытка бұрып. коғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын бай-манап, хан-патшаға карсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ, байыптырақ ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет Өтемісұлы жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған акын. Тәуелсіздікке, бостандыкка үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен таска ұрды. Ашық айтты. Тартынбай сөйледі, Поэзияның құдіретті қуат-күшінс арқа сүйіп, алыстан сермеді.
Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз, тәуелсіздікке кол жеткізген тұста Махамбет Өтемісұлы жырларының қадір-қасиетін қайта қарау, жаңаша талдау, басқаша бағалау міндеті алда тұр. Махамбет туралы тұжырымды ой-пікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісін, ақын поэзиясының акиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлы сынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес.
[button size=»large,small,mini» color=»blue» url=»http://ikaz.kz/mahambet-temis-ly-slajd/» ]Скачать / Жүктеу[/button]