Көптеген авторлар, мәдениеттану саласында еңбек жасаушылар, XVIII ғ. ағартушылары, мәдениетті «философия тарихының» негізгі ұғымдарына айналдырып, мәдениет теориясы ғылым ретінде адамзаттың рухани дамуының тарихы тұрғысында пайда болған деп тұжырымдайды.
Мәдениет теориясының дамуындағы бірінші кезең шамамен осы уақыттары көрінді. Осы кезеңдері, мәдениеттануда күні бүгінге дейін әр түрде талқыланып келе жатқан мәселелер кешені, әсіресе: мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің бірін-бірі жалғастырушылығы, мәдениет құрылымдары және функциялары тәжірибе тұрғысында кисынға келтірілді.
Алайда ертеректегі антикалық авторлардың шығармаларында мәдениет теориясының пайда болуының өзі сол тарихтың көне түпкірінен басталғандығын көреміз.
Соңғы жылдардағы ізденістер мәдениет феноменін теориялық тұрғыда үғу ежелгі грекия полисінің алғашқы дағдарыстарының белгі бере бастаған кездерден басталды. Ол уақыт ежелгі грекия қоғамының Перикл басқарған дәуірі еді, дамудың төменгі сатысына қарай кұлдыраған уақыт болатын. Міне, дәл сол уақыттары софистерде табиғат әлемімен қатар, бірақ одан өзгеше адам арқылы жасалатын дүниенің бар екендігі туралы идея қалыптасты.
Бірақ софисттер «мәдениет» терминін пайдаланбаса да және философиялық танымның негізгі мәселесі ретінде мәдениеттің мәнін айқындауды қажет деп санамаса да, мәдениеттанудың даму векторын анықтады, мәдениеттануда бүгінгі күнге дейін қарастырылып жүрген мәселелер тобын қисынға келтірді.
Мәдениет феноменін теориялық ұғу жолының келесі қадамын ертедегі Рим ойшылары жасады. Олар, «мәдениет» терминін айналымға енгізіп қана қоймай, сонынен қатар «жанды өңдеудің» құралы философия екендігі туралы, адамның мәдениеттілігінің даму барысы мен тәрбиенің арасындағы өзара байланыс туралы бағалы ойлардың қатарын жобаға келтірді.
Бұдан әрі мәдениет феноменін теориялық ұғыну эстафетасын Қайта өрлеу ойшылдары жалғастырды. Олар адам мәдениеттілігінің идеалдық негізін жасады, мәдениеттің бірін-бірінің жалғастырушылық идеясына дәлелдемелер келтірді, орта ғасыр ойшылдарының уақытындағы ұмыт болған классикалық көне мұраларды қалпына келтірді.
Мұны әрі қарай жалғастырушылар болып Жаңа уақыттың философтары саналады. «Мәдениет» терминінін дербес лексикалық бірлікке айналуына жағдай жасады, сонымен қатар мәдениеттіліктің белгілері туралы, ғылымның, техниканың, діннің және өнердің аралық байланыстары туралы, Еуропада қоныс тепкен халықтар жасалған мәдениеттердің ұқсастығы туралы сұрақтарды қойды.
Бірақ, көне дәуірде де, Орта ғасырда да, Қайта өрлеу заманында да, Жаңа уақытта да, мәдениет мәселелері еш уақытта ғылыми тұрғыда қарастырылған емес.
Мұның себептері мына жағдайларға байланысты болды: 1) дүние кұдайдың кұдіретімен жаратылған деген, діни сананың үстемдігі; 2) адам және әлем туралы ғылыми білімдердің үзінділігі мен жеткілікті дамымағандығы; 3) ғылыми ойлаудың айқын стилі болмай тек қана механикалық операциялармен шектелулігі.
Тек қана қоғамдық өмірде секуляризация басталғанда, географиялық ұлы ашылымдар нәтижесінде, фактілердің жеткілікті үлкен көлемі жиналғанда, ғылыми бірлестік өкілдерінің көпшілігіне Декарт, Бэкон, Лейбниц ойларының кең таралуының арқасында мәдениет мәселелері өзінің шешілуін күтетін өте маңызды теориялық проблемалардың бірі екендігі айқындалды.
Бұл, XVIII ғ. жартысында мәдениетті белгілі бір бүтіндік тұрғысынан қарастыра бастағанда, қоғамдық жүйені сипаттауды руханилықпен байланыстырғанда іске асты, Мәдениет туралы мәселені осы тұрғыда алғаш рет қойған, мәдениеттану теориясын алғаш рет жасаған Готфрид Гердер
(1744-1803) болды. Ол мәдениеттің анықтамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар мәдениеттің шығу тегі, оның дамуын, қозғалыс механизмдерін, әртүрлі мәдениеттердің өзара байланысы туралы, тіл мен мәдениет жүйесіндегі діннің ролі туралы, мэдениеттің әралуандығын туындату жағы, географиялық факторлардың маңыздылығы туралы бірқатар идеялар берді.
Мәдениет мәселелері ғылыми білімнің объектісі ретінде, неокантшылықтардың жұмыстарында қойылған болатын. Олар, білімнің бұл түрінің гуманитарлық ғылымдар зерттейтін мәселелер кешеніндегі орталық орынын негіздеуге әрекет етті. Өз ілімдерін жетілдіре отырып, нағыз философия — мәдениет философиясы деген шешімге келіп және оны олар кұрамында табиғат туралы, құндылықтар мен символ әлемінің даму заңдылықтары туралы деректері бар ғылыми білімдердің бөлігі ретінде қарастырды.
Нақтырақ айтқанда Виндельбанд, Риккерт, Кассирер жұмыстарының көрінуі мәдениет теориясының дамуындағы екінші кезең болды. Бұл кезең XX ғасырдың 40-шы жылдарының ақырына дейін созылды. Осы кездері мәдениет теориясының дамуындағы мәдениет феноменін ойластыруға неокантшылдар мен философиялық марксизм, «өмір философиясы», «түсінуші социология» сияқты бағыттардың өкілдері айтарлықтай үлестерін қосты. Маркс, Энгельс, Ницще, Шопенгауэр, Макс Вебердің жұмыстарының арқасында өзіне тән заңдылықтар арқылы дамитын мәдениет феноменінің, қоғам өмірінің барлық жақтарына ықпал жасай отырып, қоғам дамуының заңдарымен сай келе бермейтіндігі туралы мәдениеттің жаңа түсінігі пайда болды. Осының негізінде мэдениеттің әртүрлі концепциялары пайда болды, солардың ішінде кешегі кеңестік дәуірге де тән «қарекеттілік» концепциясына байланысты көптеген мәселелердің пайда болуына негіз болды.
Бұл екінші кезеңде мәдениет туралы философиялық білім қабатымен қатар ғылыми білім қабаты бар екендігіне көз жеткізетін деректер пайда болды. Яғни, табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, функциясы, дамуы зандылықтары, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері туралы, мәдениет элементтерінің өзара байланыстары туралы мәліметтерді жинақтау философиялық рефлексяның арқасында ғана емес сонымен қатар табиғат зерттеушілері және қоғамтанушылар кеңінен қолданылатын жаратылыстану ғылыми әдістерінің арқасында да жүргізілді.
Мәдениет теориясының дамуының үшінші кезеңінде американдық және Улыбритания, Франция мәдениеттанушылары, әлеуметтік антропологтары, өздерінің ғылыми ізденістерінің ең басты мәселесі ретінде сол уақытқа дейін көп жылдар бойғы жинақталған эмпирикалық деректерді жүйелеп ұғуға мүмкіндік беретін мәдениет теориясын жасауды мақсат етті.
Нақ осы 40-50-ші жылдарды Л. Уайт, Дж. Стюард, М. Салинс, А. Кребер, Р. Бенедикт, К Клахкондардың және басқа батыстағы зерттеушілердің шығармалары жарық көрді. Әсіресе Л. Уайттың «Мәдениет туралы ғылым: өркениетті және адамды зерттеу» атты кітабы мәдениеттанудың тарихи дамуында маңызды роль атқарды.
Мәдениеттану теориясының дамуына салмақты үлес қосқан А. Кребер, К.Клахкон батыс әдебиеттеріндегі мәдениеттің 157 дефинициясына талдау жүргізген. Сонымен қатар Д. Каплан және Р. А. Меннерс — «Мәдениет теориясы» атты кітабында, XX ғасырдың төртінші ширегі бойында батыс зерттеушілері жүзеге асырған мәдениеттану теориясындағы мәселелердің қортындысын жасады.
Жалпы мәдениеттану теориясының дамуын сипаттай келе ең алдымен мына екі жағдайды белгілеп алған дұрыс: біріншіден, белгілі бір мақсаттардың шешімін беруге мүмкіндік беретін мәдениеттің модель-үлгілерінің көбейіп, ал тарихтағы мәдениетті ұғу тәжірибесі ескерусіз қалғандьвғы. Екіншіден, философияда жинақталған мәдениет туралы теориялық білімдер мен әлеуметтік антропология өкілдерінің теориялық білімдерінің арасындағы аралық қатынастардың өзгеруі. Егер ертеректе философиялық рефлексия барысында жасалған мәдениет туралы теориялық білім сөзсіз басым болса, ал XX ғасырдың үшінші ширегінде жеке ғылымдардың өкілдері арқылы жасалған теориялық білімдер олардан анағұрлым көлемді болды.
Төртінші кезеңде, мәдениет теориясының мәселелер кеңістігі азды-көпті айқындыққа ие бола бастаған және философтар, тарихшылар, социологтар, антропологтар шеше алмайтын, бірақ ғылыми тану әдістерін пайдалану арқылы мәдениет феноменін қарастыра алса ғана шешілетін бір топ мәселелердің бар екендігі анықталды.
Қазіргі заман мәдениеттануының дамуы бастапқыларға қарағанда түбегейлі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық ғасырлар бойы жинақталған философиялық, тарихи, социологиялық, антропологиялық және мәдениеттанудағы ойларды позитивтік жағынан ғана көрсетіп қоймай, әлемдік мәдениетті, сонымен қатар түрлі халықтардың мәдениетін бейнелеп түсіндіруге мүмкіндік беретін және мәдени-әлеуметтіліктің даму барысын, көз жетерлік тарихи болашақты алдын ала болжауға мүмкіндігі бар мәдениеттің жалпы теориясын құру қажеттілігін мэселе етіп қоюынан көрінеді.
Сонымен, бүтінгі күні мәдениетті ұғуды ғылыми әдістердің қолдануымен ғана өткізілетін теориялық білім қабаты бар екендігіне ешкім шүбэланбайды. Теориялық жазықтықтардағы айқындалған мәдениетті зерттеу дәстүрлері туралы сұраққа да ешкім шек қоймайды. Соңғы уақыттары қол жеткен мәдениет теориясының статусына ешкім де қарсы тұрмайды.
Алайда, мәдениет теориясы мәселелерінің жазықтықтары туралы түсініктер, әртүрлі авторларда әрқилы. Мысалы, Л.Уайттың еңбектерінде бұл ғылымның зерттейтін мәселелерінің төңірегіне қазіргі заман мәдениеттану білімінің тәжірибедегі барлық мәселелері енеді. Осы негізге сүйене отырып ол мэдениеттану мен мәдениет теориясы ешбір айырмашылықсыз біртұтас ғылым дейді. Ал, ең алдымен мәдениет генезисімен шұғылданған А.Кребердің еңбектерінде, мәдениет теориясының бейнесі басқаша көрінеді. Оның көзқарасынша, мәдениет теориясының негізгі мақсатына, мәдениеттің өзінен-өзі дамитын заңдарын айқындап және ол заңдардың қоғам дамуы заңдарымен өзара байланыстарын табу жатады.
Мәдиниет туралы теориялық ғылымның басқа мақсаттары санына А. Кребер мына сұрақтарды жатқызады: Қай уақытта мәдениет өзінің гүлдеу құзырына жетеді және ол гүлдену неге байланысты болады? Мәдениеттің гүлдеуі бүтіндей барлық жақтарына тән бе, әлде тек қана оның бөлек бөлімдерінде бола ма? Неге тарихта жаппай экономикалық басылу жағдайларында мәдениеттің самғауын байқаймыз?
Джеймс Фейблман 1968 ж. жарыкқа шығарған «Адам мәдениетінің теориясы» кітабында, мәдениет теориясының мәселелер жазықтығы басқа бейнеде көрінеді. Ол кітаптың мазмұнының өзінен, мәдениеттану теориясында адамдар қажеттілігінің құрылымынан бастап әлеуметтік институттардың қызметіне дейінгі ауқымы кең мәселелерді қамтитындығын көруге болады.
Қолданылған әдебиет: Төкенов Ө.С., Мәдениеттану, — Алматы, Нур-Принт, -2017. -370 б.