Мемлекеттік сектордың мəнін анықтауда оның экономикалық тиімділігі мəселесі басты болып табылады. Шектелген экономикалық ресурстарды пайдалану олардың тиімді пайдаланылуын алға қояды. Шаруашылық субъектілер қызметтерінің экономикалық тиімділігі ұлттық экономиканың, саланың, аймақ пен кəсіпорынның дамуының соңғы экономикалық нəтижесімен анықталатын жалпылама көрсеткіштер жүйесі арқылы сипатталады. Ол алынған нəтиженің табиғи немесе құндық көрсеткіштері мен кеткен шығындардың қатынасы арқылы ажыратылады.
Бір өнімге кеткен ресурстарды азайту кəсіпорын тиімділігін арттыру-дың практикалық маңыздылығы болып табылады. Тиімділікті арттырудың мүмкіндіктері мен резервтерін табу мен пайдалану объективті заңдылық болып табылады, жəне ол еңбек өнімділігі артуының, қоғамдық өндірістегі жұмыспен қамтылғандардың санымен жəне ұлттық байлықтың көбеюінің себеп-салдар байланыстары арқылы көрсетіледі. Тиімділік микро-, мезо-,макро-, жəне мега деңгейлерде анықталады.
Мемлекеттік сектор қызметі тиімділігін бағалау екі жолмен жүргізіледі: 1) пайдалылық тұрғысынан; 2) барлық ұлттық экономикаға пайдалы болу тұрғысынан. Мемлекеттік сектор кəсіпорындарының тиімділігі микро деңгейде пайдалылық тұрғысынан анықталады, яғни шығындар мен нəтижелердің қатынасын білдіретін кəсіпорынның пайдалылығы тұрғысынан анықталады.
Мемлекеттік жəне жəне жеке кəсіпорындардың бір нарықтық ортада əрекет етуі оларды əр түрлі тиімділік жағдайларына əкелмеуі тиіс болатын. Тəжірибе жүзінде мемлекеттік кəсіпорындар əлі де жеке кəсіпорын-дарға пайдалылық тұрғысынан қалыс қалып келеді. Əміршіл-əкімшілік жүйе мен нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік кəсіпорындардың негізгі мəнін бөліп қарастыру əлі де сақталып келеді, сол себепті мемлекеттік кəсіпорындарға сенімсіз қарау қалыптасып қалған тəрізді.
Мемлекеттік сектордың экономикалық тиімділігін макро деңгейде анықтауда оның нарықтық пайдалылық өлшемдермен жасалмағанын жəне сол бойынша əрекет етпейтінін ескеру қажет. Пайдалылығы төменгі деңгейдегі салалардағы жеке капиталдың орнын алмастыру үшін ұлттық меншікке айналдырылған немесе жаңа құрылыс, немесе қалпына келтіру нəтижесінде құрылған. Пайда алудың нарықтық қағидаларына жүгінбей, бүгінгі қоғамдық құрылымды тұрақтандыру мақсаттарын алға қою негізінде көбіне мемлекеттік объектері пайдалылықты төмендету жағдайына əдейі барады.
Итальяндық ғалым Паретоның теоремасы ауқаттылық экономикасы теориясының басты негізі болып алынады, ол теория Парето бойынша тиімділік атауына ие болды. Бұл теория бойынша, біреудің жағдайы төмендемейінше, ешкім де өз жағдайын жақсарта алмайды. Мемлекеттік сектор дұрыс мемлекеттік саясат жүргізу арқылы екіншінің жағдайына зақым келтірмей, біреудің жағдайын дұрыстай алады. Мұндай өзгертулер Парето бойынша жақсарту деп аталады. Біреудің жағдайы екінші біреудің жағдайын төмендетпеу арқылы жақсартылған жағдайда ресурстарды бөлуді Парето бойынша жақсару немесе Парето бойынша тиімді деп атайды.
Мемлекеттік секторға байланысты «əлеуметтік тиімділік» категориясы жиі қолданылады. Мемлекеттік сектордың болуы нəтижесінде қоғамдық қажеттіліктер қамтамасыз етілетіні кепілденеді, қажетті қоғамдық игіліктер жасалып, пайдаланылады. Бұл тұрғыдан қарастырсақ, бар мүмкіндіктерді пайдалану нəтижесінде қаншалықты көп мөлшерде қоғамдық игіліктер жасалса, мемлекеттік меншікті басқару соншалықты тиімді болып табылады.Міне осыны əлеуметтік тиімділік деп атайды, ол шығындардың қайта қалпына келуімен байланысты болмайды жəне көп жағдайда қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің қанағаттандыруының шекті мүмкіндіктерімен байланысты болады.
Мемлекеттік сектор пайдалылығының төменгі деңгейде болуының объективті жəне субъективті себептерін ажыратады. Объективті себептерге келесілері жатады: — мемлекеттік сектор айрықша салалық құрылым болып табылады, өйткені мемлекеттік объектер жеке капитал үшін пайдасы аз болып табылатын салаларда шоғырланады; — мемлекеттік секторды пайдалалық жақтарына қарамай, салалық жəне аймақтық құрылым, жағдаят, жұмыспен қамту, ҒЗТКЖ салаларының реттеу құралы ретінде қолданылады; — мемлекеттік сектор əлеуметтік шығындардың біршама бөлігін өзіне алады; — энегетикадағы, көліктегі, қала шаруашылығындағы шығындардың артуына əкелетін жанармайға əлемдік бағаның өсуі сияқты сыртқы факторлар. Мемлекеттік сектор пайдалылығының төмен болуының субъективті себептеріне: — басқарудағы тиімсіздікті; — білімділік деңгейінің төмен болуын; — шаруашылыққа дұрыс қарамау сияқты жағдайларды жатқызуға болады.
Мемлекеттік сектордың экономикалық жəне əлеуметтік тиімділіктерін келесідей құрамдастыруға болады: — қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің ұлттық қажеттіліктерге сəйкес болуы; — мемлекеттік сектордың инфрақұрылым саласына, ҒЗТКЖ-ға, экология мен энергетикаға, жеке кəсіпкерлік шығындарын төмендетуге жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған салымдары; — ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік сектордың салымдары.