Литосфералық тақталар туралы ұғым

Литосфералық тақталар ұғымы. Қазіргі кезде жер қыртысының құрылысы мен қалыптасу кезеңдерін литосфералық тақталар теориясы түсіндіреді. Литосфералық тақталардың қозғалысы туралы болжамды алғаш рет неміс ғалымы А.Вегенер ұсынды.

Ғалымдар литосфераның жеке блоктардан – литосфералық тақталардан тұратынын анықтады. Қазір жеті ірі литосфералық тақта бар. Аса ірі тақталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық тақталар жатады. Ал Тынықмұхиттық тақта мұхиттардың түбінде кездеседі. Мұнда гранит қабаты болмайтындықтан, олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді.

Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып, орын ауыстырады. Жер серіктерінің көмегімен жүргізілген өлшеу жұмыстары тақталардың жылына 2-5 см жылжитындығын көрсетеді.

Тақталар өзара түйіседі, екінші бір жерлерде бірінен-бірі алшақтайды. Тақталардың шекаралары – тектоникалық белсенді аймақ. Бұл аймақта қозғалыстың негізгі үш түрі, яғни, ығысу, ажырау және жылжу айқын байқалады.

Мысалы, Еуразия тақтасының үнді-Аустралия тақтасымен соқтығысқан жерінде Жер шарындағы аса биік-Гималай таулары түзілген. Тақталардың жылжуы мантияның тығыздығы төмен, иілгіш жоғарғы қабатында жүреді. Мұндағы заттардың жоғаыр бағытталған қозғалыстары нәтижесінде жер қыртысында терең жарылыстар пайда болады. Бұл жарылыстар әсіресе, жер қыртысы жұқа болып келетін мұхит табандарында жиі кездеседі.

Жер қыртысындағы тақталардың ажырау шекарасы және мұхит табанындағы терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады. Жарылыстар бойымен көтерілген ыстық магма есебінен жер қыртысы қалыңдайды.

Жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жан-жаққа жылжи бастайды да, нәтижесінде жарықтың екі жағынан суасты жоталары түзіледі. Оларды мұхит ортасы жоталары деп атайды.

Мұндай жоталарға Атлант мұхитының Орта жотасы, Т.б. жатады. Суасты жоталары мұхит түбінен 2000 – 3000 м биіктікке көтеріледі, ұзхындығы бірнеше мың км-ге барады.

Екі тақтаның бір-біріне қарама-қарсы қозғалуы нәтижесінде, мұхиттық қыртыстан тұратын тақта материктік қыртыстан тұратын тақтамен түйіскен жағдайда, мұхиттық тақта материктік тақтаның астына қарай батып кетеді де, сол аймақта терең сулы мұхит науасы (шұңғымасы) пайда болады. Оның шетін бойлай аралдардың доға тәріздес тізбегі созылып жатады. Мысалы, Еуразия тақтасы мен Тынықмұхиттық тақта аралығындағы Куриль науасы мен Куриль аралдары тізбегі түзіледі және Наска мұхиттық тақтасы мен Оңтүстік Америка тақтасы аралығында Анд таулары пайда болады. Қазіргі құрлықтағы жер бедерінің және материктердің қалыптасуының литосфералық тақталарға тікелей қатысы бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *