Слайд көшіріп алыңыз: Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер, оларға сипаттама және Қазақстанның Қызыл кітабы пайда болған жыл туралы мәліметтер презентация жүзінде берілген. Жалпы ең алғаш 1978 жылы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында құрылған «Қызыл кітап» ең күшті қадам болып табылды. Түрлі зерттеу жұмыстары басталып Қазақстанның көптеген аумақтарындағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалды. Эндемиктер қатарына жататын жануарлар: жалман, мензбир суыры, қарақұйрық, жетісу бақатісі және т.б. Ал өздереңе тапсырма ретінде осы слайд бөлімдерін пайдаланып Қызыл кітапқа енген Қазақстанның кез-келген жануары немесе өсімдігі туралы хабарлама дайындаңдар. Сонымен қатар сақтап қалу жолдарын ұсыныңдар.
Сонымен қатар мына сұрақтар бойынша жауабын аламыз:
- Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы қашан және не себепті құрылды?
- Қызыл кітаптың 4-бөлімі қашан өңделіп, толықтырылып жарық көрді?
- Жалманның дыбыс шығаруы неге ұқсайды?
- Қарақұйрық Қазақстанның қандай бөліктерінде кездеседі?
- Ақбөкен туралы не білеміз? Ол қандай жануар?