Ел тәуелсіздігін алғаннан бергі 23 жылда «Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемеңгерлік, ұлт-жанды саясатының арқасында еңселі шаралар іске асырылып, Казақстанды әлемдік деңгейге таныта алды. Сыртқы саясатындағы көрегенді саясат көрші елдермен достық қатынастарды қалпына келтіріп, Ресей, Қытай елдерімен жер тұастығын, бұрын соңды болмаған келісімдерге қол жеткізіп, тарихи шыңдықта орнатты. Қазақ халқы ғасырлар бойы бостандықты, елдің тұтастығы мен жер үшін талай қиындықтарды бастан өткізді. Екі империяның отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық соғыстар жүргізілді. Сырым Датры бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс солардың алғашқыларының бірі болды. Сырым Датұлы — ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, айбынды батыр, мемлекеттік ауқымдағы ұлы тұлға, сонымен қатар ол қазақ демократиясының негізін қалаушы тұлға болды.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы қарсаңындағы Кіші жүз даласындағы саяси-әлеуметтік жағдайға шолу жасап өтейік. Кіші жүз ханы Әбілхайыр хан өз заманын да Еділ-Жайық арасындағы қазақ жерін қайтару үшін үздіксіз қалмақ ханы Аюкемен соғыстар жүргізіп өтті. Соғысты жалғыз жүргізген жоқ, оның касында Орта жүздің батыры Жәнібек, Кіші жүзден Бсет және Бөкенбай серктерімен бірге күрес жүргізді. Әбілхайыр хан жеке тұлға ретінде Жайық өзені үшін күрес жүргізе отырып, оның айтқан сөзі біздерге келіп жетті. «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақырзаман келгенше қазақ халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткені мұндай жайлы жерді олар еш жерден таппайды деген» .
XVIII ғасырдың 40-жылдарында Кіші жүз ханы Әбілхайыр хан мен орыс патшасының генерал-губернаторларымен де шайқасып өтті. Қазақ-орыс қарым-қатынастары шиеленісе түсті. Анттарын орындамаған орыс шенеуніктерінің саясатына қарсы шығып ел тұтастығымен жер үшін өз ойын батыл ашық айтып отырды. Орынбор генерал-губернаторы И.И. Неплгоев өз жағынан хан саясатына қарсы шығып, оған қарсы екенін ашық көрсетіп жек көру саясатын жүргізді. Сондықтан Кіші жүз ханы Әбілхайырдың беделін түсіріп, реті келсе: оның көзін күрту керек болды. Кіші жүздегі хандық-биліктің арасындағы бақталастықты орыс шенеуніктері пайдалана отырып қазақтарды бір-біріне айдап салып Орта жүз сұлтаны Барақпен ауыз жаласып 1748 жылы тамызда Әбілхайырды өлтірді. Міне, Кіші жуздегі саяси күрес осылай аяқталғанымен, хан өлгеннен кейін, оның орнына Орыс патшалығын қолдаумен Әбілхайырдың үлкен ұлы Нұралыны хан сайлады. Саяси дағдарыс бұдан әрі жалғасын тапты. XVIII ғасырдың 70-90 жылдарында Кіші жүзде саяси дағдарыс тереңдей түсті. Кіші жүздегі билік екіге бөлінді. Сырым Датұлын қолдаған старшындар, екіншісі Нұралы хан мен сүлтандар арасындағы жік алшақтай Тевкелевтің сыртқы істер министрлігіне жазған хатында «Қазақ хаңдары мен сұлтандарының халықтың алдында ешқандай беделі жоқ» — деп жазған.
Патшалық Ресейдің отарлық саясатын алға қарай жүргізу үшін Жайық, Орынбор орыс-казак әскерлерін пайдаланып, қазақ жеріне кіре отырып, отарлық саясаттың алғашқы кезеңі қазақ отаршылдарынан бастау алады. Жайық өзенінің бойына көптеген бекіністер салып, қазақтарға қарсы озбырлык жалғаса түсті. Орыоказак бекіністеріне жақын орналасқан қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, малдарына айдап, адамдарын, тұтқындарын зорлық-зомбылық күшейе түсті. Бұл жөнінде Нұралы хан Орынбор генерал-губернаторға И.И. Неплюевке жазған хатында «Біздің қысқы жерлерімізге жазда келіп орыстар бекіністср салуда, жайылымдарымыз тарылып, алыс жерлерге баруға мәжбүр болып отырмыз. Жайық өзеніне емес, Елек өзенінің бойына да малдарымызды жая алмайтын болдық», — деп қынжылып жазған. Кіші жүз қазақтары: Жайыктан- өтіп, бос жатқан жерлерді пайдалана алмады. Орынбор әкімшілігі рұқсат бермей қойды. Саяси дағдарыстың шиеленісуінің басты себептерінің бірі жер, жайылым болды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың бастауының себебі де осы жер мәселесі және орыс-казак әскерлерінің озбырлығы болғандығын көреміз. Қазақ жеріне біртіндеп ене отырып, шекара маңындағы басқару әкімшілік мекемелері (Шекаралық сот) шекаралық комиссия, расправалар құрылып, алғашқы рет Ресей басқару әкімшілік жүйесін енгізіп, отарлық саясатты жалғастырды.
XVII ғасырдың 70-90 жылдарында Кіші жүз даласындағы саяси жағдайларға тоқталып өтейік. Патшалық Ресей Кіші жүз даласындағы болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылап отырды. Бұл кезеңде Кіші жүз жерінде саяси биліктегі дағдарыс тереңдеп екі партия арасындағы күшейген кез еді. Бірінші партия старшындар қолдаған Сырым Датұлы болса, екінші партия Нұралы хан мен сұлтандар билігі әлсіреп, халық арасында беделі түсе бастады. Сырым Датұлы бастаған старшындар хан билігін жою үшін қарсы күреске шықты.
Хан билігінің әлсірегендігін 1757 жылы мамыр айының 19 күні Тевкелевтің сыртқы істер министрлігіне жазған хатында «Қазақ хандары мен сұлтандарының халықтың алдында ешқандай беделі жоқ» — деп жазған. Кіші жүз ханы Нұралының беделінің түсуі, рулар арасындағы батырлар мен старшындар хан мен сұлтаңдарға бағынуын қойды. Патшалық Ресейдің әкімшілігі қазақ жеріне біртіндеп кіріп, казақтардың жеріне бекіністер салып, мал жайылымдары азайды.
Бекініс салуға әуелден қарсы болған қазақтар, ендігі жерде патша өкіметіне ашық наразылық білдіре бастады. Қазақтар жақын бекіністер арқылы Кіші жүз қазақтарының ауылдарын тонап, шекара маңындағы халықтың мазасын кетірумен болды. Бұл отарлық саясаттың күш қолдану арқылы жүргізіле бастағаны еді. Оған мывдай нақты дерек дәлел бола алдады. «Жайық бекінісінің старшыны 1793 жылы Сырым ауылын ойрандап 4 мың жылқысын айдап әкетті».
XVII ғасырдың 20-30 жылдарында Кіші жүз ханы Әбілхайыр хан Еділ-Жайық өзендері арасындағы қазақ жері үшін күресіп өтті. Бірақ Ресей патшасының қолдауына сүйенген қалмақтар кеткеннен кейін екі өзен аралығындағы жер бос жатты. XVIII ғасырдың 80-90 жылдарында Кіші жүз қазактары Жайықтан өтіп, бос жатқан жерді пайдалана алмады. Орынбор әкімшілігі рұқсат бермей қойды. Кіші жүз даласындағы саяси дағдарыстың басты мәселесі жер, жайылым болды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың бастауының басты себебі де осы жер мәселесі болғандығын көреміз.
Патшалық Ресей әкімшілігі өздерінің отарлық саясатын жалғастырып, Кіші жүз даласына ене отырып, шекара маңындағы басқару мекемелері (Шекаралық соту расправалық комиссия) арқылы қазақтарды бағындыру үшін басқару-әкімшілік мекемелерін құрып қазақтар арасында әлеуметтік топтар арасынан тірек іздей бастады. Қазақ жеріндегі саяси дағдарыс барысындағы старшындардың хан мен сұлтандарға қарсы күресін орыс әкімшілігі өз жағына шығару үшін Сырым Датұлын пайдалануды көздеді. 1785 жылы Орынбор генерал-губернаторы О.А. Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқару үшін реформа жүргізуді бастады. Игельстром қазақ старшындарын қолдай отырып, хандықты жою үшін орыс әкімшілік мекемелерді (шекаралық сот, ру соты, расправ) құрды.