Қазақ повесін көрнекті жазушы Қ. Жұмаділов «Тозақ оты» (2009), «Ақтұманың «Ханшайымы» (2009), «Көкжал» (2011) тәрізді тарихи хикаяттарымен байытты. Жазушы «Тозақ оты» хикаятында өзі жақсы білетін тарихи оқиғаларға тағы да қалам тартқан. Мұнда жеке адамнан бастап. адамзат баласының бастан кешкен және кешс бермек қасіреттері баяндалған. Бір кездегі өзгенің тарапынан көрген қорлықтар мен зорлықтардың үнемі еске алына беруі, оның әділетсіз екснін әшкерелсйді. Тарихи уақыт жеке адамның санасынан сол сәттерді әртүрлі айла-амалдарымен өшіріп жіберуге тырсса да, бәрібір ұлт (қазақ) мінез-құлқына жамаған жағымсыз таңбалары қалады және қорқынышпсн еске алынатыны да шындық.
Қ. Жұмаділов баяндаудың көркемдіктің қабатындағы оқиғалық желінінің шып-шырғасын шығармай еркіл өрбіте беретін қаламгер болғандықтан, Такламакан шөлінде тірідей тозақ отына түскен Қытайдағы қазақтардың тағдырын Бағлан есімді кейіпкердің басына жинақтаған.
Хикаят авторлық кіріспемен тарихи уақыт пен кеңістіктің сығымдалған мәлімсттері арқылы оқырманға түсіндіріліп өтеді. Геокеңістік Такламаканның ландшафтық бедерлері мен белдеулері, ондағы тіршілік әлемінің жалпы сипаттамасы, өзендер мен көлдер, аңдар мен құстар, ағаштар; оның ең ежелгі тұрғындары — Ұйғырлар туралы да тарихи деректер және басты оқиғаға себеп болатын Орыс-Қытай қарым-қатынастарындағы аласапыран кезеңдер түгел баяндалған. Бұлардың бәрі география мен тарихтан оқулық дәрежесінде хабары бар оқушыға онша қиындық туғызбайтын мәліметтер болғанымен, хикаяттағы Бағланның әрі ол тағдырлас адамдардың бастан кешкен ауыр күндсрі біз білмейтін көп жайттарға бойлатады. Жазушы да өзінің рухани дүниесі үн қатқанда сөз болъш қаламына құйылған «жады мұрағатын» оқырманға бүкпесіз ашып берген.
Такламакан шөліндегі Тарым лагері қызыл Қытайдың «ит жеккені» екен. Ол да адам баласының ең зұлым ойларының салдарынан бірін-бірі билеп-төстеу үшін негізі қаланған «лагерлер тізбегінің» Тарымдағы далалық түрмесі. Одан қашып кету тұрмақ, ол туралы ойлаудың өзі қисынсыз. Алайда, құлдықтан құтылу -қажырлы, болмысынан азаттық үшін алысатын, бостандық сүйгіш адамдарға соншалық кедергі бола алмайтынын автор Бағлан мен Шайқының іс-әрекеттері арқылы айтып береді.
Бірақ, осы ұлы жеңіске дейінгі көрген қорлықтар мен құрбандықтар адамның адамға тілейтін тілектері емес еді. Әйтсе де, бір кездері бір ұлттың келесі бір ұлтты құлдану үшін «ой ойлаған» шақтары аз болмапты. Олардың қатарында Ұлы Қытай елінің шеберлігі Такламакан шөлінен еш кем емес. Адам еңбегін ақысыз-пұлсыз пайдаланудың «лагерлік жүйесі» көптеген слдерде өте арзан жұмыс күші ғана емес, сол мемлекет саясатындағы үреймен басқарудың ең көне жолы.
Мұндай көне қағидаттардың мыңжылдық мұрағаттық тарихы бар ежелгі Жұңго, кейінгі Қытай коммунистері үшін «қылмыстылар» түрмесін ойлап табудың еш қажеті жоқ болатын. Сол кездегі Шығыс Түркістан қазақтарының (жалпы қытайларды да қоса айтамыз) создік қорындағы төбе құйқаңды шымырлататын «ұлтшыл», «оңшыл», «шетелмен астасқан шпион», «қос жүрек» (бұлар жүректері «Совет» пен «Қазақстан» деп соғатындар екен) деген сөздермен көзіңе көрінгенді дырылдатып апарып, түрмеге тығып, сосын «ми тазарту», «стиль түзеу» сияқты науқанымен Тарым лагеріне айдап жіберу үшін адамга соншама ақыл парасат керек пе?!
Осындайдың жазықсыз құрбаны боп, «еңбек лагеріне» жіберілген зиялылардың қатарында Бағлан да кетеді. Шыңжаң университетінің тарих факультетін үздік бітіріп, Бежін университетінің аспирантурасында оқыған жас қазақ жігітінің бар жазасы -қытайлардың 1957 жылы «ашылып-сайрау» дегенді ойлап тауып, көпшіліктен «пікір» сұрағанда «сайрағаны» екен (оның ұлтшылдығы, әрине, қытайлар ғана емес, барлық басқыншы елдердің ешқайсысына да жақпас еді). Ол: «Шыңжаң университетінде қазақ бөлімдері ашылу керек. Қытайша, ұйғырша оқыған жастар ертең қазақ мектептерінде қалай сабақ береді? Сонан соң «Шыңжаң қазағы мәдениет жағынан Қазақстаннан алыстамауы керек. Сондықтан бізге Қазақстан жазуын қолдану керек» депті. Содан «ұлтшыл», «қос жүрек», «шетелдің қағып кеткен шегесі» деген саяси қатерлі атақ алып, «идеялық жағынан тазаруға» Тарымға жіберіледі.
Міне, осы жерден бастап жазушы «лагерлік өмірлердің» қыр-сырын тәптіштей баяндайды. Онда, атап айту керек, құлдықтың өте жиіркенішті жолдары жүзеге асырылды. Адамдардың дүниетанымын тас-талқан етіп, жасанды ұғымдарды саналарына құю, олардың ең нәзік, әлсіз тұстарын пайдалана отырып (ашықтыру, жыныстық қарым-қатынастардағы зәрулікті пайдалану, ауыр жұмыс, ауру-сырқау, өлім-жітім т.т.) мәжбүрлеу, қорлау… Ал бұлар жеке адамнан бастап ұлттың қалпын бұзатын қауіпті факторлар екеніне Бағланның көзі Тарымда айқын жетеді. Мысалы, «қылдан тайып, тәртіп бұзған адамға қолданылатын жазаның бір түрі — бір тәулік, кейде екі тәулік нәр татырмау. Оның бетін ары қылсын, дүниедегі ең ауыр жаза осы болса керек. Оның қасында тақтайға таңып дүре соғу, не Сәлей тазға итше текпілетіп сабату түк емес» екен деп ойлайтын автор-кейіпкер ары қарай: «Лагерде өлім дегенің көп-ақ, бірақ көрініп тұрған мола жоқ. Өліктің бәрі белгісіз құм төбелердің астында» деп тоқтағанда осынау авторлық баяндау оқырман көз алдына ауыр суретті алып келеді. Өйткені, қолданылып жатқан азаптар адамдарды онсыз да тірідей тозақ отына қақтаған жоқ па? Енді кеп, басына бір белгі қоймай көрінген құм төбелердің астында атаусыз қалдыру, әсіресе қазақ халқының ұлттық танымына қайшы келетін жайт. Бірақ, онда ұлттық құндылық ешқашан есепке алынбайды. Әйтсе де, күллі адамзат балалары өзді-өзі ыаным-сенімдерінің аясында ақырғы сапарға абыроймен болмаса да, жөнімен аттануды мұрат тұтады. Мұнда ол мәселе көпе-көрнеу аяқ асты болады. Онда ұрлық та «қылмыс» боп саналмайды. Өйткені, Тарым лагері тұтқындарды түзеу емес, азғындатып, құлдану үшін құрылган түрме. Ал азғындықты көзімен күнде көрген, қорланған, мазақ етілген, ашыққан, ар-ұжданнан айырылған адамдар ұлттың мүшесі болмақ тұрсын, әуелі адами қасиеттерден жұрдай болмақ. Ондайлар дайын құл, ал құлдардың өзі бір ұлттың бел баласы, демек қолында билігі бар басқыншы ұлттың әлсіз ұлттарды отарлап, басып алуыиа әуелі осындай лагерлерден шыққан тұтқындар дайын өнім екен. Қытайлар оны әріден ойластырып жүргізгеніне автор Бағыланның басынан өткен оқиғалар арқылы көзімізді жеткізіп, жан-жақты дәлелдеп берген.