Қазақ халқының ою-өрнек өнері

Қазақ ою-өрнегінің теориясы және көркемдік мәдениеттегі ерекшелігі

Ою-өрнек өнерінің қоғамда қалыптасуын, адамдардың эстетикалық және интеллектуалдық қоршаған ортадан алған жемісі деп қарастыруға болады. Ою-өрнектерді топтауда (классификация) дүниежүзіне ортақ формула жоқ. ХХ ғасырда Н. Могилянский: «Не подлежит сомнению, что ни в одной другой области, пожалуй не было построено столько априорных теорий, гипотез, высказаной сображений и разного рода предложений, как в области классификаций орнаментальных мотивов» — дейді. Ою-өрнек атауларын жүйелеп топтастырғанда, оның қолдану аясы мен мазмұнын жан-жақты зерттеу керек. Бүгінгі күнге дейінгі ою-өрнекке қатысты ғалымдардың пікірлеріне сараптама жасап, содан кейін ғана ою-өрнектің жаңа теориясын ұсынуға болады. Қолөнер шеберлерінің интеллектуалдығын ою-өрнек элементтерінің жүздеген атаулары мен мындаған формаларын қолдануларынан көруге болады. Ежелден бері ою-өрнек адамдардың эстетикалық талғамын қанағаттандыратын өнер түрі болып отыр. Қолөнерде ою-өрнек табиғи сұлулықты адамдардың талғамына қарай қосымша әр беретін мәнер. Көзбен ғана танитын ою-өрнек элементтері адамның рухани танымдық дамуына және сезіміне арналған өнер түрі.

Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің идеялық эмоционалдық тұрғыдан адам психикасына әсер ететін рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақышты айқындап тұратын өнер түрі — қазақтың ою-өрнегі. Суретшілер мен сәулет өнерінің мамандары ою-өрнектің сырт пішінін көшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, оның мазмұны мен тарихын білгені жөн. Сонда ғана салынған сурет пен жасаған бұйымдарда бейнеленген ұлттық ою-өрнектерде мазмұнды ұлттық нақыш сақталады.

Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі әрі кең тараған саласы. Ою-өрнек — ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда М.Ш. Өмірбекова қазақтың ою-өрнек атауларының 397-дей элементін жан-жақтан жинастырып, ал 147 ою-өрнектің мазмұнының семантикасын анықтады.

Археологтар мен этнографтардың пайымдауынша, ою-өрнек тек бейнелеу өнерімен шектелмеген, сондай-ақ ою-өрнектің семантикасы алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан. Ою-өрнек қолөнерде тек көркемдік қызметті атқарып қоймай, сондай — ақ оның символдық мазмұны ежелден қалыптасқан. Алғашқы қауымдық құрылыста қолданған ою-өрнектер туралы неміс саяхатшысы «символдар» байланысы деп тұжырымдаса, ал швед этнографы X. Стольпе Хервея аралының тұрғындары «ою-өрнекті құпия жазу» деп атағаны туралы деректер келтіреді.

XIX ғасырда Л.К. Попов «Магиялық теориясы» атты еңбегінде: «Ою-өрнектерді қолдану алғашқы қауымдық құрылыста байқалады» — десе, ал П.Я. Штернберг: «Ежелде аңдар мен жан-жануарларға табыну және нанымсенімдер бейнелеу өнеріне үлкен ықпал етті» — деген. Буржуазиялық ғалымдардың «биологиялық теориясында» ою-өрнек өнері адамдарға рухани эстетикалық әсер алу үшін пайда болған деп тұжырымдайды. Ежелгі гректерде әдемі мүсін денесін пір тұтқан, сондықтан әйелдер жүкті болардың алдында, сұлу мүсінге ұзақ қарауға мәжбүр болған. Ресейде орта ғасырда бала көтерердің алдында гүлді ою-өрнекпен безенген үй жиһаздарына көп қараған әйелден сұлу, әдемі бала дүниеге келеді деп топшылаған. Олардың дүниетанымында мұндай наным-сенімнің салдарынан бала әдемілік пен адамгершіліктің ортасында өмір сүреді деген түсінік қалыптасқан. Жоғарыда айтылған ғалымдардың пікірлерін сараптайтын болсақ, ежелде ою-өрнектің эстетикалық талғамдық қасиетінен басқа магиялық күшіне сенген.

Қолөнер ше6берлері ежелден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған: бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар; екінші топқа жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу-этнолингвистикалық атауларды лексика-семантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою-өрнек тарихы халық тарихымен бірге жасасып келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласын зерттеу кенжелеп келеді, ал ою-өрнек бұрын-сонды қолға алынып, арнайы зерттеу объектісі болмаған.

Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. Еліміздің рәміздерінде, сәулет өнері мен барлық өндіріс саласында өю-өрнек дәстүрлі түрде қолданылады. «Ою», «өрнек» (біріккен сөзі) атауы бір мағынаны білдіреді. Сұлбасы (контуры) түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына аппликация тәсілімен және кестелеп бейнеленіп, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық элементтерді «ою-өрнек» деп атайды. Ою-өрнекті тасқа, ағашқа контурмен түсіргеннен кейін, ағашты жонып күйдіріп, ал тасты қашап ою-өрнек бедерін түсіреді.

Қазақ ою-өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме-дәлдігін сақтамай-ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын қия білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Ою-өрнектің өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен барлық элементтер ырғаққа (ритм) бағынады.

Ою-өрнек өнері табиғатында поэзияға, өлеңге ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан бұлардың екеуі де ырғақ (ритм) заңдылықтарына бағынады. Ою-өрнектегі ырғақ (ритм) зандылықтары басқаларға қарағанда ақындарға таныс дүние, өйткені өлең жолдарындағыдай ұйқас пен ырғақты (ритм) ою-өрнек сақтайды. Ою-өрнектің құрылымы мен ырғақ (ритм) заңдылықтары бүгінгі күнге дейін ғалымдардың назарынан тыс қалып отыр, себебі өнертанушылардың ою-өрнек саласында жүргізген ғылыми зерттеулерінде ою-өрнектің даму тарихы мен рәміздік ұғымдары ғылымға құпия болып отыр. Соған қарамастан қолөнер саласында ою-өрнек негізгі эстетикалық рөл атқарады. Поэзиядағы өлең жолдарындағыдай мазмұн мен ритмді ою-өрнектер берік сақтайды. Ою-өрнек элементтерінде жай, қосалқы түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың бұрінің белгілі бір мазмұны бар.

Көшпенділерде «егіз» бейнелеу немесе симметрия принципімен қос аңды (гералъдика), жануарды шынайы өмірдегі тепе-теңдіктің нышаны, «өмірде бәрі егіз» деген дуалистік дүниетанымның әсерінен пайда болған элементтер. Барлық ою-өрнек симметриялық принципті берік сақтайды, сондай-ақ әрбір ою-өрнектің негізі, яғни симметриялық өсі болады. Симметриялық өс табиғатта, өсімдіктерде көп кездеседі. Гүлдердің, өсімдіктердің діңі симметриялық өсті білдіріп, ал қол-өнерде сол заңдылық қатаң сақталған. Киізден, ағаштан, темірден жасалған кез келген бұйымға арнайы өсі ретінде салынатын ою-өрнек элементтері: «күн», «күнкөзі», «жұлдыз», «жұлдызгүл». Егер бір өстің бойына қатар-қатар бірнеше элементті орналастырсақ, шексіздікке ұласатын «шетоюды» алуға болады. Шексіздікке ұласатын ою-өрнек көбінесе бұйымның жиегінде немесе бірнеше элементтермен қайталана отырып, белгілі бір ретпен орналасады. Шетоюды аралас элементтерден қүралған композицияның жазықтығын қоршау үшін аралық сызық ретінде қолданады. «Шетоюды» ассиметрия жасап, басқа түрге аударсақ та, «шетоюдың» бастапқы нұсқаларын көруге болады.

Қолөнердің барлық саласында ою-өрнек элементтерін қосалқы өнер ретінде ғана пайдаланып, ал жеке бейнелеу өнер туындысы ретінде стилизацияланған ою-өрнек қабырғаға ілінбейді. Бүгінгі күні «шымшиге» ғана ою-өрнектің абстрактілі стилизацияланған түрі салыньш, қабырғаға картинаның орнына ілініп жүр. Ою-өрнектің болашақта мағынасын, логикалық күшін түсініп, сондай-ақ ою-өрнектің әр элементін көркем туынды ретінде қабырғаға әсемдік үшін ілетін болармыз. Өйткені ғасырлар бойы «тұмар», «Ұмай», «қошқармүйіз» ою-өрнегінің ата-бабаларымыз «магиялық күші бар» деп сенген, ондай ежелгі рәміздердің мағынасы бүгінге дейін ашылмай отыр.

Ою-өрнектің көне атаулары — халықтың тарихы мен мәдениетінен, этнографиясынан, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Ол — халықтың өткен тарихы, рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы. Қазақ тіліндегі ою-өрнектердің шығу төркіні әртүрлі болғанымен, ал олардың атауларыңда қазақ тіліне ғана тән сөздер, яғни түркі тілдеріне ортақ атаулар кездеседі.

Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин, мағынасысәндеу, әсемдеу. Қазақ ою-өрнегі түбегейлі жан-жақты, толыққанды зерттелді деп айтуға болмайды. Ою-өрнек өнерін белгілі бір жүйеге келтіруге Садық Қасиманов пен архитектор — Төлеутай Бәсенов атсалысып біраз деректер қалдырды. Садық Қасиманов 191 -ге жуық ою-өрнектің этноатауларын қағазға түсіріп, 57-ге жуық ою-өрнектің мазмұнын ашып берді, сондай — ақ 14-ке жуық ою-өрнектердің нобайын сызып қалдырды. Архитектор — Төлеутай Бәсенов ою-өрнектердің даму тарихын сараптап, өсімдік элементтерінің жаңа үлгілерін сызды.

Ою-өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі атау береді. Сол ою-өрнектің пайда болу тарихын оюшы шеберден артық ешкім білмейді. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар ою-өрнектерді төмендегідей классификациялайды:

Өсімдік типтес ою-өрнек («жапырақ», «үшжапырақ», «шиыршықгүл», «ағаш» т. б.).

Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары: «қосмүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты» т. б.).

Космогониялық ою-өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз» т.б.).

Ағылшын ғалымы А. Хеддона қазақ ою-өрнек элементтерін «физикаморфтық» және «биоморфтық» деп екі топқа ғана бөледі. Ағылшын ғалымының ою-өрнектерді бұлай топтастыруы қазақ элементтері үшін өте тиімді, себебі бұл классификация элементтердің түрлерін, мазмұнын түгел қамтиды, екіншіден, біздің ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігіне сай келеді.

Қорытынды

Қазақ ою-өрнегінің тарихын ғалымдар қолға алып, ғалымдардың зерттей бастағандарына 100 жылдай уақыт болды. Төл өнерімізді зерттеуге Р. Карутц, С. Дудин, В. Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М. В. Рындин т. б. ғалымдар мен жиһанкездер елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда, қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов: «Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ, бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықгарға экеп соқтырды» — дейді.

Біздің заманымыздың XIX — XX ғғ. қазақ ою-өрнегі шын мәнінде биік өнер деңгейіне көтерілді. Ежелгі көшпенділердің қолөнер туындылары бүгінгі өнер адамдары үшін қайталанбас мәдени шежіре, сондықтан сол баға жетпес өнер туындылары өте жоғары бағаланды. Белгілі өнертанушы В Лепелов, В.В. Стасов, С.М. Дудин, Б.П. Денике, Т.А. Жданко, Л.И. Ремпель: «Казахи живут как бы в мире орнамента. Окружающая действительность своеобразно опоэтизирована в гамме узоров. Утварь посуда, оружие одежда-все любовно покрывается орнаментом» — деп зерттеушілер өз ғылыми еңбектерінде жазған еді. Шьшьшда да, қазақ тұрмысында ою-өрнектің кездеспейтін саласын табу қиын, ол ауыз әдебиетімізбен де етене байланысьш жатыр.

Қазақ халқынық ою-өрнек байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл — ұлтымыздың мәдени дамуьшьщ шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда ғылыми-танымдық еңбекте бізге бүрьшнан белгілі қазақтың ою-өрнек атауларының санын 397-ге дейін жеткізіліп, сондай-ақ 147 ою-өрнектің семантикасы жазылды. Қазақ ою-өрнегі түбегейлі жан-жақты толық қанды зерттелді деп айтуға болмайды. Ою-өрнек өнерін белгілі бір жүйеге келтіруге С. Қасиманов пен Т Бәсенов ою-өрнек туралы біраз деректер қалдырды. Садық Қасиманов 191 — ге жуық ою-өрнектің көне атауларын қағазға түсіріп, 57 — ге жуық ою-өрнектің мазмүнын ашып берді, сондай — ақ 14 -ке жуық ою-өрнектердің нобайын аньщтады, ал Төлеутай Бәсенов ою-өрнектердің даму тарихын сараптап, өсімдік элементтерінің жаңа үлгісін сынды. Этноэлементтердің бүгінгі көркемдік өнерге ықпалы зор. Ежелгі ою-өрнектердің түпнұсқасының қолдану салдарынан қолөнер шеберлерінің бүйымдарында этнонақыш ғасырлар бойы сақталып келеді.

Өмірбекова М.Ш. Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері. Ғылыми-танымдық басылым. — Алматы: РПБК «Дәуір», 2015 — 292 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *