Слайд бөлімдерінің тақырыбы: Қарлұқ қағанатының VIII ғасырдың бірінші жартысында Жетісу аумағына қоныс аударуы, Қарлұқ мемлекетінің құрылуы мен өзіндік ерекшеліктері. Қарлұқтар — Алтай мен Балқаш көлі аралығындағы жерлерді мекендеген көшпелі тайпалар. Ибн әл-Факих (X ғасыр) «олар (қарлұқтар) — көне түркілер» деп жазды.
VII ғасырдың соңынан бастап слайд бөлімдерінде көрсетілгендей қарлұқтар Шығыс Түрік қағанатының ықпалында болды. Біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты. Орталық Азияда жаңа мемлекет — Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Үйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Келесі слайд Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңіліс тапқанының бейнесі. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты». Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төменгі ағысына қарай ығыстырды.
Екінші слайд Қарлұқ қағанатының Жетісуда билік жүргізуі. 756 жылы қарлұқтар түргештерді ығыстырып, Жетісу аумағына өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Шығыс деректерінде: «Қарлұқтар түргештер еліне аттанып, басып алды. Оларды бағындырып, билігін құлатты деп айтылған. Қарлұқтар ерте феодалдық мемлекет құрды. Ордасы — Суяб қаласы саналды. VІІІ-Х ғасырларда қарлұқ тайпалары слайд бетінде көрініс тапқандай Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейінгі Қазақстанның үлкен аумағына қоныстанды. X ғасырдағы араб дерегінше: «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған».