Қаратау қаласы туралы слайд (презентация)

Слайд тақырыбы: Қаратау қаласы туралы қазақша. Презентация барлығы 8 беттен тұрады. Қазақша слайд (презентация) мазмұны: Қаратау қаласы туралы жалпы мәлімет, қаланың халқы, Қаратау қаласының тарихы, өнеркәсібі мен инфақұрылымы сонымен қатар тағы да басқа бөлімдерден тұрады.

Қаратау қаласы туралы слайдты жүктеу үшін төмендегі «Жүктеу / Скачать» батырмасын басыңыз.

Қаратауда республика деңгейдегі құрылыс ұйымдарының сала аралық кәсіпорындары жұмыс істеді. Қалада өндірістің дамуы оның инфрақұрылымдарының санын жедел өсірді. Жартас бөгені салынды (1944, сыйымдылығы 6 млн. м³). 1948 жылы Кеншілер саябағы ашылды. 1970 – 80 жылдары қалалық кітапхана, балалар кітапханасы, спорт ғимараттары бой көтерді. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық технология университет) бөлімшесі ашылды.

1966 жылы құрылыс техникумы, кәсіби-технология училище құрылды (қазіргі кәсіптік бағдар беретін мектеп-лицей). Тәуелсіздік жылдары бұрынғы КСРО аумағындағы экономикалық байланыстардың жаппай үзілуі өндіріс орындарының тоқырауына әкелді, қала өмірінің ырғақты дамуы тежелді. Қаратау фосфорит кентасын пайдаланатын Самара, Волгоград, Пермь, Қоқан, Алмалық, Самарқан, Чарджев қалаларындағы химия кәсіпорындар фосфор шикізатын сатып алуды тоқтатты. Тек 90-жылдардың соңында ғана бұрынғы байланыстар қалпына келе бастады.

Жүктеу / Скачать

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *