Өсімдіктердің көпшілігі калийді басқа элементтерге қарағанда хлорлы калий (КС1) түрінде де сіңіреді. Оны барлық, топырақтарда өсірілетін өсімдіктерге қолдануға болады. Калийге сезімтал өсімдіктер үшін қолайлы тыңайтқыш — калий сульфаты (К2SO4) Калий магнезия К,SO4* МgSO4* 6Н20 қүрамында калий және магний қүмы аз, қүмдауыт топырақтар үшін тиімді болып есептеледі. Калийлі тыңайтқыштардың физиологиялық
қышқылдығы оларды көп жыл қатарынан қолданғанда байқалады. Өсімдіктер азот пен фосфор жеткілікті болған жағдайда, калийдің әсерінен өнімді әжептеуір көп береді.
Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді азотпен қамтамасыз ету үшін жасанды минералдық азотты тыңайтқыштар қолданылады. Ал табиғи жағдайда өсімдіктердің азотпен қамтамасыз етілуі негізінен бос молекулалық азотты игеруші микроорганизмдерге байланысты. Топырақ бактерияларының тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде азоттың органикалық қосылыстары минералданып, өсімдікке оңай сіңетін нитраттарға және аммонийға айналады. Белоктар мен нуклеин қышқылдарының күрамдас бөлігі ретінде азот клеткалардың жаңадан түзілуі және өсімдіктердің өсуі үшін қажет. Сондықтан өсімдіктер өсе бастауының алғашқы сәтінен бастап, оларды азотты қорекпен қамтамасыз ету керек. Алайда жас өсімдіктер қоректік затта концентрацияның жоғары болуынан зардап шегеді, сондықтан тұқымды себу алдында немесе себумен бірге азоттың шамалы мөлшерін ғана қосқан жөн, ал азоттың негізгі мөлшерін өсімдік вегетациясының алғашқы жартысында үстеме қорек ретінде енгізген дүрыс. Азотты бұл кезеңде енгізу — репродуктивтік мүшелердің ойдағыдай өсуін қамтамасыз ететін жақсы жетілген тамыр, сабақ және жапырақтың түзілуіне себепші болады. Вегетацияның екінші жартысында азоттық қорек енгізуді шектеген жөн. Өйткені азотпен қоректендіруді арттырған жағдайда жапырақтың өсуі үзаққа созылады да, олардың синтездеген органикалық заттары жапырақтардың өздерінің өсуіне жұмсалады, ал репродуктивтік мүшелердің түзілуі мен қалыптасуы кешігеді. Алайда шаруашылық үшін вегетативтік мүшелер құнды болып саналатын жағдайларда, азоттық қоректі кешіктіріп беру пайдалы.
Сонымен, азот — атмосфера, топырақ және тірі организмдер араларында үздіксіз айналымда болатын тұрақсыз элемент. Азотты тыңайтқыштардың мынадай түрлері шығарылады. Нитратты тыңайтқыштар — NaN03, Ca(N03)2 — физиологиялық сілтілі, қышқыл топырақтарда тиімді түздар. Аммонийлі және аммиакты тыңайтқыштарға аммоний сульфаты (NH4)2 S04, сүйық сусыз аммиак (82,2% азоты бар), аммиакты су (NH4OH — аммиактың 25% судағы ерітіндісі жатады. Физиологиялық қышқыл болғандықтан бейтарапты және шамалы сілтілі топырақтарға қолдануға қолайлы. Реакциясы қышқыл топырақтарға әкпен қоса қолданылады.
Аммонийлі — нитратты тыңайтқыштар. Негізгі азоттың мөлшері 34%, физиологиялық қышқыл, бірақ аммоний сульфатына қарағанда топырақты қышқылдандыруы нашарлау. Несеп нәрі — CO(NH2)2 — құрамында азоттың мөлшері 46%, топырақты аздап сілтілендіретін тыңайтқыш. Өсімдіктердің өсіп жетілуінің әртүрлі кезендерінде элементтерді олардың түрліше қажет етуі элементтердің физиологиялық маңызына байланысты. Белгілі бір дақылға қажет болып саналатын тыңайтқыштың барлық мөлшерін бір-ақ рет енгізген жағдайда оның едәуір мөлшері өсімдіктерге қиындықпен сіңетін түрге көшіп, оларға пайда келтірместен ысырап болады немесе топырақтың төменгі қабаттарына қарай шайылып кетеді. Сонымен қатар топырақ ерітіндісінің концентрациясы артып, өсімдіктің өсуін тежейді. Тыңайтқыштың қажетті мөлшерін өсімдіктерге бірнеше бөлікке бөліп енгізу неғұрлым тиімді болып табылады. Олай болса тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері енгізілу мерзімдеріне байланысты егу кезіндегі (егілгенге дейінгі) және егуден кейінгі (үстеп қоректендіру) деп бөлінеді. Мұндай жағдайда дақылды себуге дейін бүкіл қолданатын тыңайтқыштың 2/3-3/4 бөлігі топыраққа енгізіледі. Бұл әдіс өсімдіктің вегетациялық кезенде дамуын қоректік заттармен қамтамасыз етіп, топырақтың құнарлығын жақсарту, оның биологиялық белсенділігін физикалық, химиялық қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Егу алдындағы тыңайтқыш күзде немесе ерте көктемде топыраққа тегістеліп шашылады. Осылайша жерді жырту алдында органикалық тыңайтқыштар, әк, азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар жерге сіңдіріледі.
Егу кезінде тыңайтқыш түқыммен бірге себіледі немесе көшетпен отырғызатын өсімдіктер қатарынан сәл қашықтау жолақтанып себіліп, топыракпен жабылады. Бұндай кезеңде пайдаланылған тыңайтқыштар жас өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Бұнда жақсы еріп, оңай игерілетін тыңайтқыштар аз мөлшерде ендіріледі. Мысалы, тұқым өнген соңғы екі-үш жетіде өсімдіктер фосфорды көбірек пайдаланады. Сондықтан егу кезінде бір гектарға 5-30 кг шамасында аммофос немесе суперфосфат беріледі. Егуден кейінгі немесе үстеп қоректендіруде тыңайтқыш өсімдіктердің дамуының жауапты, маңызды кезеңдерінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету мақсатында қолданылады, тыңайтқыш жүйектерге енгізіледі. Дақылдардан жоспар бойынша алынуға тиісті түсімнің шамасына қарай үстеп қоректендіруді бір немесе екі рет жүргізеді. Үстеп қоректендіруді өсімдіктің мүқтаждығын ескере отырып, оны белгілі бір өсу кезеңінде жүргізеді. Әдетте, ерте көктемде қыстап шыққан күздік дақылдар үстеме түрде қоректендіріледі.
Өсімдіктен алынатын түсімнің мөлшерін және сапасын жақсарту мақсатында тамырдан тыс үстеме қоректендіру әдісі де жиі қолданылады. Мысалы, осылайша түқымы сүттенген кезде қоректендірілген күздік бидай түқымының белоктылығы 0,5-1%-ға көбейеді. Фосфорлы-калийлі тыңайтқышпен үстеме қоректендірілген қызылшаның қанттылығы 1-2%-ға артып, түсімі көбейеді. Енгізілген тыңайтқыштардың әсер етуі өсімдіктердің түрлері мен сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Оны вегетация дәуірінде өсімдіктің біркелкі өспеуінен, тамыр жүйесіндегі вегетация барысында өтетін өзгерістерінен, топырақ ерітіндісі концентрациясының өзгеруінен, өсімдік сорттарының түрліше сезінуінен және т.с.с. байқауға болады. Сондықтан вегетация барысында және ауылшаруашылық дақылдарының сорты мен түріне, топырақтың түрі мен қасиетіне, құнарлылық дәрежесіне, жоспар бойынша алынатын өнімнің мөлшеріне және т.с.с. қарай өсімдікті тыңайтқышпен қоректендіру осы жағдайларды ескере отырып жүргізілуі тиіс. Егер тыңайтқыштар өсімдік қажеттілігінен көп мөлшерде қолданылса түсімділігі артпай, өнім сапасы нашарлайды. Егістікке қолданылатын тыңайтқыштар мөлшері (нормасы) алдын-ала танаптық тәжірибелер арқылы анықталады.