Қабыну (латынша inflammation – оталу, тұттану) – организмнің тітіркендіргіштерге жергілікті күрделі реакциясы. Ол альтерациямен (тіндердің бүлінуі) микроциркуляцияның бұзылуымен және пролиферациямен (дәнекер тіндер элементтерінің көбеюі) сипатталады. Қабыну жануарлар әлемінің барлық өкілдерінде кездеседі. Қабыну кезінде бір жағынан патологиялық өзгерістер, екінші жағынан қорғаныс-бейімделу құбылыстары байқалады. Қабыну жергілікті реакция болғанымен, бүкіл организм мүмкіншілігінің бейнесі сияқты.
Қабыну ceбeптepi. Тіндердің адаптациялық мүмкіншіліктерін әлсірететін кез -келген бүлдіруші агент қабынуды тудыруы мүмкін. Барлық қабыну тудыратын факторлар экзогендік(сыртқы) және эндогендік(ішкі) болып eкi топқа бөлінеді. Экзогендік себептерге:
- механикалық (соғылу, үзу, қысу) факторлар.
- физикалық (температуралық әсерлер: суық, ыстық, сәуле немесе электр энергиясы) факторлар.
- химиялық (қышқыл, сілті, тұздар, скипидар) факторлар.
- биологиялық(бактериялар,вирустар,саңырауқұлақтар,қарапайым организмдер, құрттар, улар) факторлар жатады.
Биологиялық себептер қабынудың ең көп ұшырайтын себептеріне жатады. Эндогендік себептерге тромб, бөлінген тұздар, қан құйылу, тастың құрылуы, инфаркт, т.б. пайда болады. Қосымша қабынудың эндогендік себептеріне жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы да жатады.
Клиникалық белгілері. Кабынудың сыртқы өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 1000 жылдан астам бұрын жазып калдырған. Оларға қызару (rubor), iciну (tubor), ошақ температурасының көтерілуі (calor), ауырсынуы (dolor) және бұзылуы (functio laesa ) тән.
Кабыну ошағындағы бір-бірiмен тығыз байданысты үш компоненттен тұрады:
- Альтерация —тіндердің зақымдалуы (атрофия, дистрофия, некроз).
- Экссудация – қан тамырларының зақымдалып, өткізгіштігінің артуы, қан айналысының бұзылуы және лейкоциттердің миграциясына ұшырауы. —
- Пролиферация – жасуша элементтерінің көбеюі нәтижесінде тіндерді қалпына келтіруге бағытталған компонент.
Қабыну процесі пайда болу үшін осы үш компоненттің болуы шарт. Бірақ та бұл компоненттердің бірeyi ғана басым болады, ал қалғандары өте әлсіз өтеді. Мысалы, альтерация компоненті үстем болса, альтеративті қабыну байқалады. Сонымен қай компоненттің басым болуына байланысты пролиферативті қабыну түрлерін ажыратады.
Қабынудың дамуы организм икемділігімен тығыз байланысты.
Альтеративті қабыну кезінде тінде бүліну (атрофия, дистрофия) процестері басым болады да, экссудация және пролиферация процестері әлсіз өтеді. Бұл қабыну паренхиматозды ағзаларда (бауыр, бүйрек, жүрек) және қаңқа бұлшық етінде жиі кездеседі. Альтернативті қабынудың туындауы көбінece күшті химиялық заттардың, вирус, бактерия, саңырауқұлақ токсиндерінен және организмнің гиперэргиялық күйіне байланысты.
Экссудативті қабыну кезінде үш компоненттің ішінде экссудация басым болады, альтерация мен пролифирация процестері әлсіз өтеді. Экссудативті кабыну қан тамыр реакциясының айқын білінуімен, тамыр өткізгіштігімен, экссудация және эмиграция құбылыстарымен сипатталады. Экссудация сипатына қарай бұл қабынудың мынадай түрлері болады:
- cipi (сарысулы);
- фибринозды;
- іріңді;
- геморрагиялы;
- катаралды;
- шіріткіш.
Cipi қабыну кезінде экссудат құрамында 5% -ға дейін ақуыз, аздаған жасушалар кездеседі. Бұл қабынудың себебі: індетті агенттер, химиялық, термиялық факторлар әсерi және аутоинтоксикация. Cipi қабыну теріде қуыстардың cipi қабықтарында (құрсақ, көкipeк, т.б.), ішкі ағзаларда, қабықтарда қолайлы өтеді.
Фибриноздық қабыну кезінде қабыну құрамында фибриноген болады. Фибриноген ақуызы тінде жиналып, ұйып, фибринге айналады. Бұл қабыну кілегейлі, cipi қабықтарда және паренхиматозды ағзаларда кездеседі. Тінді зақымдау тереңдігіне байланысты фибриноздық қабынудың eкi түрi — крупоздың және дифтериялық түрлері болады.
Іріңді қабыну. Экссудат құрамында лейкоциттердің көп мөлшерінде болуымен сипатталады. Қабыну ошағында жиналған лейкоциттер мен ақуыз, ыдыраған жергілікті тін, осылардың барлығы қосылып ірің құрайды. Іріңді қабыну себебі микроорганизмдер (стафилокктар, стрептококктар, менингококктар), кейбір құрттар, сақырауқұлақтар, маңқа, бруцеллез қоздырғыштары. Іріңді қабыну үш формада өтеді: абцесс, флегмона және эмпиема.
Геморрагиялық қабыну кезінде экссудат құрамында эритроциттер көп болады. Қабынған ағзаның қан тамырлары өте күшті зақымдалып, эритроциттер үшін өткізгіштігін артады. Геморрагиялық қабыну шошқа обасы, ciбір жарасы, шошқа тілмесі, күшті улану кeзінде байқалады.
Катаралды қабыну кілегейлі қабықтарда дамып, кілегейдің көп бөлінуімен сипатталады. Катаралды қабыну себебі – жиі індеттегі факторлар, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер, улар болуы да мүмкін.
Шіріткіш қабыну қабынған ошаққа шірітуші бактериялар ту, ттнн}ц ipiTI-тipyiHe және қолайсыз пайда болады.
Пролиферативтік кабыну кезінде жасуша элементтерінің көбeюі басым, ал альтернативтік және экссудативтiк өзгерістер әлсіз болады. Бұл қабынуда көбінece дәнекер жасушалар көбейіп, ал паренхиматозды элементтер атрофияға, дистрофияға, кейде некрозға ұшырайды. Пролиферативтік қабыну әдетте созылмалы өтеді. Мысалы, туберкулезде, маңқада, әр түрлі химиялық заттар тітіркендіргенде байқалады.