Күтіп-бағу гигиенасы. Малды толыққанды азықтандыруға қанша маңыз берілсе, оларды күтуге де соншалықты маңыз беріледі. Теріні тазалау эпидермис қабыршағын кірден, паразиттерден, түлеген жүндерден босатуға жағдай жасайды.
Жүйелі түрде тазалау нәтижесінде сиырларда сүт өнімділігі 5-7% көтеріледі, бұзаулардың салмақ қосуы артады. Күтімнің маңызы әсіресе мал тазалаушы атмосфера әсері (жел, жаңбыр, күн көзі) болмайтын қолда, қорада ұстау кезеңдерінде зор. Қолмен тазалау үшін қатты тісті щеткалар, щетканы кірден тазалайтын өткір емес тістері бар металл тарағыш және мауыты (мата) қолданады.
Сиырларды сауардан бір сағат бұрын тазалап алу керек. Тазалауды малдың сол жағынан бастайды. Содан кейін басын, мойнын, алдыңғы аяқтарын және кеудесін, сосын арқасын және артқы аяқтарын тазалап шығады. Оң жағын да сол ретпен тазалайды. Щетканы ауық-ауық тарағышпен тазартады, соңында теріні таза суланған ескі-құсқы матамен сүртеді, сондай-ақ, малды тазалау үшін сауу қондырғысының вакуумын немесе шаңсорғышты (механикаландырылған тазарту) қолданады.
Жуу немесе тотығу нәтижесінде жылу өнімділігі, газ алмасу және зат алмасу артады, тұтыну көтеріліп, тәбеті жақсарады.
Жүйелі түрде жуып және тоғытқан кезде мал температура өзгерісіне жақсы бейімделеді. Бұл оларды шынықтырады және желіні мен денесінің былғанған бөлігін (аяқтары, саны, сыртқы жыныс ағзалары, т.б) жуады. Малды жуу үшін душтың су бүріккіш құйғышы немесе щетка пайдаланылады.
Шошқалар үшін өрт насосымен жуатын алаңқайлы қоршаулар жасайды. Механикаландырылған жуу үшін ДУК залалсыздандыру қондырғылары МСД-1, МСД-2, залалсыздандыру-душтық қондырғы ДДУ-і қолданылады.
Малда тұяқ мүйізінің өсу қарқыны 4-8 мм-ді құрайды, тым көп өсіп кеткен мүйіз майысады, онда жарқыншақтар пайда болып, ауру тууына септігін тигізеді. Тұяқ және тұяқшалардың теріс пішіні дене салмағының негізінен май табанға түсуіне алып келеді. Оларда аяқтарын тіреу(қою) қалыбы өзгеріп, сіңір және буын созылуы, ақсау пайда болады. Жылына 2-3 рет тұяқ және тұяқшаларды дұрыс пішінге келтіре отыра тазалап, кесіп тұру керек. Тұяқ ауруларының алдын алу үшін 5-10 % тотияйын, формалиннің ерітіндісімен əр түрлі аяқ впнналарын қолданады.
Жылқыларды өз үақытында тағалау тұяқты бүлінуден қорғайды. Тағалар қолдану жылқыларды таюдан жəне сүрінуден сақтайды, аяқтарын аурулардан қорғайды ( сынық, сіңір, буын созылуы). Əр түрлі пішінді жəне əр мақсатты тағалар неше түрліі жағдайда жылқылардың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуге көмектеседі. Аттардыы қайта тағалау 1,5-2 ай өткесін жүзеге асады.
Серуендету – малдың жүйелі түрдегі қозғалысы, ол организмді жалпы ынталандырушы, жаттықтырушы əдіс болып табылады. Сондай-ақ өзгермелі климаттық, əсіресе температуралық əсерлерге шынықтырады, малдың өнімділігінің, сезімтал төлдердің салмақ қосуын көтерудің бір тəсілі.
Серуендетудің ұзақтылығы малдың физиологиялық жағдайына, жасына жəне түріне байланысты болады ( ауа райы жағдайы ескеріле отырып).
Серуендетудің ұзақтылығы ересек мал үшін тəулігіне 1 немесе 2 реттен 2-3 сағат құрайды. Қыста – күндіз, жазда – таңертең жəне кешке.
Серуендетуге жас кезінен( 10 күндігінен бастап) үйретеді, алдымен қора ішінде, кейіннен таза ауада 10-15 мин. Серуендетіп, 1 ай ішінде бір сағатқа дейін жеткізеді.
Серуендету мəжбүрлі қозғалыспен үйлесуі тиіс( айдау).
Ірі қара мал – 3-6 км.
Мегежін – 1,2-1,5 км.
Қабандар – 3-4 км.
Бордақылаудағы мал үшін серуендету қолданылмайды.