Ислам дініндегі адам жөніндегі ұғым

«Құранда» адамды Алла жаратады делінеді: «Әуелде жансыз едіңдер, сендерге жан бітірді, енді (уақытың біткенде) тағы өлтіреді де, кейін қайта тірілтеді, онан соң Алланың алдына (есеп беру үшін) қайта барасыңдар» (2:28). Бұл ғана емес, жер мен көктегі тіршіліктің бәрін Алла жаратады: «Дәндерді, ұрықтарды жарып көктетуші негізінде Алла. Өліден тіріні шығаратын, тіріден өліні шығаратын да Алла. Ендеше қалайша қыңырлыққа басасыңдар? Қараңғыны жарып, таң атқызушы Алла. Ол дамылдауға түнді, уақыт есептеуге ай мен күнді жаратты. Міне, бұлар — бәрінен үстем, бәрін білгіш Алланың (өлшеулі) жаратуы. Алла сендерге теңіз бен құрлықтың қараңғылығында жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратты. Білетін елге аяттарымызды айқын баяндадық. Алла сендерді бір адамнан (Адам Атадан) жаратты. Сендерге уақытша тұрақ әрі орын бар (атаның белінде, ананың жатырында, жердің үстінде және астында). Түсінетін қауымға аяттарды анықтап ашық баяндадық. Алла аспаннан жаңбыр жаудырып, сол жаңбыр суымен өсімдік атаулыны көктетті, жасыл жапырақ жайғызды, қатарластыра дән алғызды, құрма ағашының шешегінен самсыған құрма салқымдарын өндірді, жүзім бақшаларын жетілдірді, (жемісінің түрі, дәмі) әр түрлі зәйтүн, анарларды шығарды, (олардың әрбірінің) түйін салған және піскен кездегі жемісіне қараңдар, олар адамдар үшін (Алланың құдіретін көрсететін) дәлелдер бар екені даусыз. Олар (мүшріктер) Алла жаратқан жындарды оған (Аллаға) серік етіп қосты және «Алланың ұл-қызы бар» деп надандықпен көкіді» (6:95-100).

Алла адамды және жер мен көкті, бұл екеуінің арасындағыларды мағынасыз және кездейсоқ жарата салмаған, «Біз жерді, көкті және екеуінің арасындағыларды ойыншық қылып жаратпадық» (21:16). Алла адамды жер бетіндегі халифа ретінде жаратады. Бірде Раббы періштелерге: «Мен жер бетінде халифамды белгілеймін», — деген еді. (Сонда періштелер): «Жер жүзінде бұзықтық істеп, қан төгетін біреуді жаратпақпысың? Ал біз сені ерек деп ұлықтап, пәк деп мақтаймыз», — деді (2:30). Адамдарға ақыл-парасатқа және аса кемелділікке жететін қабілет берді. Аллада осындай құдірет бола тұра, ол соған қарайлас кемел тіршілік иесін жаратқысы келмейді: «Егер Раббың қаласа, бүкіл адамзатты бір ғана үммет (бір ғана дінде) қылар еді (12:118); Алла барлық адамды күнәдан арылтпайды. Ол адамзатты дұрыс жолға түсіру мен сайтанның азғыруы арасында талғам жасап, адам тіршілігін күрделендіреді: «Адам баласы бір зарарға жолықса-ақ, Раббысына жүгініп, жалбарына қалады. Ал егер оған Алла жақсылық бағыштаса, ол бұрынғы жалбарынған дұғаларын ұмытады да, (басқаларды) оның жолынан адастыру үшін Аллаға серік таңады» (39:8). Адамның ұжданының жақсы жағы да, жаман жағы да болады, адалдық пен ізгілік арқылы Алланың халифасы рөлін атқару адамның өмірлік мақсаты болады: «Ей, адамзат! Өздеріңді және өздеріңнен бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер, сонда сақтанған боласыңдар. Алла сендерге жерді -төсек, аспанды күмбез етіп жаратты. Аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерге ризық болу үшін жерден алуан түрлі жеміс өсірді. Сендер соны біле тұра, Аллаға серік қоспаңдар (2:21-22). Дұрыс жолға түсу міндеті ауыр болады, себебі адам тума өзімшіл, жемеңгер, қолда барға мәз, бақталас келеді. Осы нәрселер адамның мораль және этика жағындағы сенімдерін жоғалтып, рухани жақтағы мақсатын әлсіретеді әрі адамдарды лездік және даяр тілектермен қанағаттануға итермелейді. Құқық, байлық сияқты өмір бойлық нысананың соңына түсу адамдарды өз күштеріне сүйенуге жетектейді. Адамның қабілеті, білімі және күші жөніндегі сенім адамның өзін негіз еткен заттық жақтағы жетістігінен бастау алады, ал мұндай адам өзін Алла санайды немесе көңіліндегі Алланың орнын өзім бастым деп қарайды. Аллаға қарсы шыққандар дін жолынан безгендер немесе Аллаға бағынбайтын теріс уағызшылдар болып табылады.

«Құранда» мынадай екі хикаят бар. Осы екі хикаятта байлық пен жолы болу адамдарды менмендікке, есерлікке әрі бірте-бірте Алланың үкімдерін кемсітуге алып келеді. Көп құдайлы діннің Алланың қайырымы жөніндегі риясыз алғысы Алланың өз құдіретін әйгілеуіне мүмкіндік жаратады. Шын құдірет өзінде ғана болатынын дәлелдеу үшін Алла күнәһарлардың байлығын тартып алып, сол арқылы оның барлық байлық тек Алланың қалауымен ғана болатынын түсінуіне жол салады: «Һарун Мұсаның елінен болатын, бірақ оларға озбырлық істеді. Оған кілттерін бірнеше балуан әрең көтеретін қазына-байлық берген едік. Сол кезде оған ел айтты: «Тым есірме, расында Алла есіргендерді сүймейді. Алланың саған дарытқан бақ-дәулетімен ақыреттік тұрақ тіле, дүниедегі несібеңді де ұмытып қалма. Алланың саған жақсылық бұйырғанындай, сен де (басқаларға) жақсылық жасауды қаперіңнен шығарма». Һарун: «Бұл (бақ-дәулет) маған өзімдегі ілімнің арқасында ғана бітті», — дейді. Алланың Һаруннан бұрын өткен қауымдардан онан да күшті, жиған-тергені онан да көп адамдарды бүкіл байлығынан айырып, тып-типыл қылғанын ол білмей ме? Һарун қауымның алдына сән-салтанат көрсете шықты. Дүние тіршілігін ғана сүйетіндер: «Шіркін-ай, Һарунға біткен байлық бізге де бітсеші! Ол анық шалқыған ырыс-несібе иесі екен-ау!» -десті. Білім иелері: «Мәссаған! Иман келтіріп, жақсы іс істегендерге (Һарунның дәулетінен гөрі) Алланың сыйы артық. Оған тек сабырлылардың ғана қолы жетеді», -деді. Ақыры оны үй-жайымен қоса жерге кіргіздік. Аллаға қарсы оған жәрдем берер ешбір топ болмады. Ол өзін де қорғай алмады. Кешегі күні оның орнында болуды көксегендер: «Ойпыр-ай, Алла пенделеріне өзі қалаған адамның несібесін молықтырып та, тапшы қылып та қояды екен. Егер Алла бізге мейірін төкпеген болса, әрине, бізді де жер жастандырады екен-ау! Демек, көрдің бе, кәпірлерге (тозақтан) құтылу жоқ», — деді (28:76-82).

«(Ей, Мұхаммед!) Адамдарға мынадай екі кісіні мысалға келтір: олардың біріне біз төңірегі құрмалы, ортасында егіндігі бар екі жүзім бақшасын әзірледік. Оның кірісі мол болды да, ол бірге жүрген жолдасына мақтанып: «Мен сенен баймын, адамдарым да сенен көп», — деді (18:32-33). Ол бақшасына кіріп, (күпірлікпен) өзіне зұлымдық қылған күйі: «Әсте бұл бақшаны жойылады деп ойламаймын, қияметтің боларын да ойламаймын, мүбәда Раббымның дәргейіне қайта барсам, әрине, бұдан да жақсы орын таба аламын», -деді. Оның жолдасы оған қарсы дау айтып, былай деді: «Сені (әуелде) топырақтан, онан соң бір тамшы мәниден жаратып, онан соң толық адам қылған Аллаға сенбейсің бе? Ал менің жаратушым -Алла, мен жаратушы Раббыма ешбір серік қоспақ емеспін. Сен өз бақшаңа кірген шақта: «Бұл Алланың қалағаны, Алладан тыс ешбір қуат жоқ (Алланың медет-жәрдемі болмаса, қолымнан ештеңе келмейді)», — деп неге айтпайсың? Сен мені мал-бас жағынан өзіңнен кем санасаң да, Раббым маған сенің бақшаңнан да жақсырақ нәрсе беруі, ал сенің бақшаңа аспаннан бір апат келтіріп, бақшаң мүлде қылтанақсыз қағырға айналып қалуы мүмкін немесе бақшаңның суы тартылып қалып, оны іздеп табу қолыңнан келмеуі мүмкін». (Ақыры күпірлік еткен) оның бақшасы ойран болды да, жүзім сөрелері құлап қалды. Бақшаға сарп еткен қаржысына іші ашыған ол екі алақанын ысқылай берді де: «Өттеген-ай, Раббыма серік қоспаған болсамшы!» — деді. Оған Алладан өзге жар болатын ешбір жамағат шықпады, өзіне-өзі жәрдем ете алмады» (18:34-44).

Алланың кәпірлерге кектенуін тікелей Алла адамдарда заттық байлық болуын қаламайды деп қарауға болмайды. Ислам діні адамдарды кедей өмір сүруге насихаттамайды. Керісінше, ол адамдарға заттан және өркениетті өмірден барынша игіліктену құқығын сыйлайды. Осындай игіліктену сенім көлемінен асып кетпесе, олардың Алла жөніндегі сенімін жоймаса болғаны. Пайғамбар кезінде: «Алланы қадірлейтін адамдарда байлық болады әрі қателік болмайды» деген екен. Байлық жөніндегі құқыққа жол берілумен қатар, олардың ізгі істеріне сый ретінде, Аллаға көңілдерінде алғыс жаудыратын адамдарға анағұрлым мол байлық және құқық беріледі. Сонда Раббыларың: «Егер (жақсылығыма) шүкірлік қылсаңдар, оны арттыра беремін, егер күпірлік қылсаңдар, азабым, әрине, аса қатты», — деп жариялаған еді (14:7). Олардан кейін сол жерге сендерді тұрғызамыз. Бұл (жеңіс) менің алдымда (сұрақ қылынудан) қорыққандар және бопсамнан именгендер үшін (14:14) барлық мұсылмандардың пәни дүние мен бақи дүниедегі тағдырлары өз талғамдарының нәтижесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Уаң Жыңуи. — Ислам экономикалық жүйесі туралы. Астана: Фолиант, 2015. — 488 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *