Эндокринді немесе секреция ағзалары (грек endo — iшкі, krino — шығарамын). Бұлардың бөлген заттарын шығаратын озектері болмайды, ал заттары гормондар – инкреттері қанға, лимфаға бөлінеді. Гормондар (hormou-қоздырамын) — организмдердің және ағзалардың биологиялық қызметiн үдететін белсенді зат. Гормондар дене бітімінің қалыптасуына, зат алмасуға, қуат, жылу бөлінуіне, ортаға бейімделу қабілетіне, ішкі гемеосстаз теңдігін сақтауға қатысады да, организм қызметін гуморальды жолмен реттейді. Ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, гиперфункция (гормон көп бөлінумен) немесе гипофункция (гормон төмендеуімен) сипатталады. Гипофиз 3 бөліктен тұрады: 1) алдыңғы бөлігі— аденогипофиз; 2) артқы бөлігі — нейрогипофиз; З) ортаңғы бөлігі — хромотофор рең беруші жасушаларға әсер ететін гормон бөледі.
Аденогипофизден бөлінетін гормондар: 1) сомататроптық гормон (СТГ) — организмнің өсіп-өнуіне, дамуына әсер етеді; 2) лактотроптық гормон (ЛТГ) — сүт безінің өсіп, онда секрет сүттің пайда болуына әсер етеді; 3) аденокортикотроптық гормон (АКТ Г) — бүйрек безінің қызметін үдетіп, бүйректе тұздардың және судың қайта сіңуіне әсер етеді; 4) тиреотроптық гормон (ТТГ) — Қалқан безінің қызметiн реттейді; 5) панкреотроптық гормон (ПТР) — ұйқы безінің қызметiн реттейді; 6) гонодотроптық гормондарға (ГТГ) — фолликула (ФСГ) және лютеинотроптық (ЛГ) гормондары жатады. Фолликула үдеткіш гормон фолликулалардың өcyiнe, эстрогендік гормондардың сперматогенезге әсер етеді. Лютеинотроптық гормон сүт дамуына, пайда болуына әсер етеді.
Нейрогипофизде бөлінетін гормондар. Вазопрессин гормоны бүйректе судың қайтадан ciңуінe, зәрдің аз түзілуіне әсер етеді. Артериолдар мен қылтамырлар қабырғаларындағы тегіс бұлшық еттерді жиырылтып, тарылтып, осы тамырлардағы қан қысымын жоғарылатады, жиырылуын үдетеді.
Окситоцин жатырдың тегіс бұлшық eттepiн жиырылтып, төлдің тууына, сүт бөлу жолдарының жиырылуын күшейтіп, сүттің бөлінуіне әсер етеді.
Жыныс бездері. Еркек малдың жыныс безi ен деп аталады. Оларда жалпылама андрогендер дейтін гормондар бөлінеді, бұларға тестостерон, андростерон, изоандростерон мен дигидроизоандростерон жатады. Бұл гормондар ақуыздың, минерал тұздарының алмасуына, дене салмағының, екінші жыныстық дамуына әсер етеді. Ұрғашы малдың аналық бездерінде эстроген гормондары бөлінеді.
Аналық безi қыртыс және жұмсақ заттардан түрады. Қыртыс затында жыныстық жасушалар жетіліп, гормондар түзіледі. Аналық жыныс гормондары эстрогендер деп аталады. Бұларға эстрон, эстрадиол мен эстриол жатады. Бұл гормондар аналық безінің фолликул жасушаларында түзіледі. Экстрогендер жыныс айналымына, екінші жыныстық белгілердің дамуын, қынап пен жатырдың кілегей қабатын, сүт безінің өсіп-жетілуін реттейді.
Калқанша безi мойынның көмекей шеміршектерінде орналасқан, төрт гормон шығарады: 1) тироксин, тетрайодтеронин; 2) трийодтиронин; З) дийодтиронин; 4) тиреокальцитонин. Бұл гормондар заттар алмасуына ықпал етіп, ақуыздар алмасуын жоғарылатып, мал мен құс қауырсыны өcyiн жылдамдатып, организмнің өcyi мен дамуына әсерiн тигізеді.
Калқанша маңындағы cepік безi — қалқан безінде орналасқан екі жұпты без. Бөлетін гормоны паратиреойдин немесе паратгармон деп аталады. Қалыпта бұл гормон кальций көбейтіп реттеп тұрады.
Бүйрек безi. Жануарларда екі кабатты, жұпты, боб пішінді коңыр түсті без. Бүйрек безi қабықты қабатының гормондары:
- шумақты бөліктен дезоксикортиқостерон мен альдостерон бөлінеді, бұл гормондар бүйректің өзектi жолдарында натрий мен хлордың қайтадан сіңуін үдейтіп, калий, магний, сутегі мен аммонийдің сіңуін тежейді;
- шоғырлы бөліктен кортизон, дегидрокортизон мен кортикостерон сияқты глюкокортикоидтар бөлінеді де ақуыздың ыдырауын жоғарлатып, бауырда амин қышқылдарын kөмірсутекке айналдырады, глюкозаның кейін қарай сіңуін төмендетіп, аллергиялық реакцияларды тежейді;
- торлы бөліктен андрокортикоидтар немесе стероидты гормондар бұлар – ерлердің жыныстық қасиетіне қатысы бар гормондар.
Бүйрек безінің түйін затынан адреналин мен норадреналин гормондары бөлінеді. Адреналин жүрек жұмысын жылдамдатып, буаз малдың жатырының бұлшық eттерін босаңсытады. Қан тамырларын тарылтып, қысым мөлшерін жоғарылатады. Норадреналин жүрек қызметiн баяулатып, буаз мал жатырының бұлшық жиырылуына әсер етеді.
Ұйқы безi — құрсақ қуысында орналасқан аралас без. Ұйқы безінің бетта жасушалары инсулин гормонын бөледі. Инсулин глюкозаны гликогенге айналдырады, қандағы глюкоза мөлшерін азайтады, гликогенез қызметiн атқарады. Альфа жасушаларынан глюкогон бөлінеді. Глюкогон гликогенді,глюкозаны ыдыратып, бауырдағы гликоген реттеп түрады. Ұйқы безінің қызметі бұзылған жағдайда зәр арқылы қант бөлініп, бұлшық еттерде гликоген қоры азайып, соңында организмнен су көп бөлініп, жануарлар жиі шөлдеп, арықтап азып кетеді.