Гинекологиялық науқастарды зерттеу әдістері

 

Дене бітімінің типін анықтаудан басталады, себебі ол организмнің нервтік, эндокриндік және басқа да жүйелерінің қызметімен тығыз байланысты, калыпты дене бітімімен біте келесі оның типтерін ажырату керек: 1) инфантильді, 2) гиперстениалық (пикникалық); 3) интерсексуалды, 4) астениалық.

Гиперстениалық типіне бойъшың биік емес болуы (орташа), аяғының ұзындығы дене ұзындығымен салыстырғанда аз ерекшеленеді. Арқаның кифозы айқын емес, бел лордозы жоғары орналасқан, иық белдеуі салыстырмалы тар. Тері асты мен май қабаты жақсы дамыған. Әйел организмінің арнамалы қызметтері көп жағдайда өзгермеген.

Инфантильді типінде жалпы жетілмеу белгілерінсіз жалпы (универсальды) және жыныстық (генитальды) инфантилизм болады. Инфантильды тип бойынын кіші болуымен, сүт бездерінің дұрыс жетілмеуімен, жалпы біркелкі тарылған жамбаспен сипатталады. Алғашқы етеккірі әдеттегі мерзімнен кеш басталады, етеккірі ретсіз және ауырсынудың болуымен сипатталады.

Астениалық типке барлық бұлшықет және дәнекер ткандері жүйесінің анатомиялық және функционалді әлсіздігі тән. Астениалық типті әйелдерде жамбас түбінің және аралықтың бұлшықет және дәнекер тканьды аппаратының әлсіздігі байқалады, жиі етеккірдің күшеюі, ұзаруы жәые ауырсынуымен жүруі тән.

Интерсексуальды тип жынысының дифференцировкасының, әсіресе екіншілік жыныстық белгілерінің жетіспеушілігімен сипатталады. Әйелдердің бұл типіне еркек организміне тән физикалық және психикалық белгілер тән. Интерсексуальды типті әйелдерде тері жамылғысының түктері күшті дамыған, еркек тип бойынша, бет-әлпеті ер адам тәрізді, жыныс мүшелері гипопластикалық болады. Көрсетілгенконституция типтерінің ішінде әртүрлі өтпелі варианттары болады, оларға дененің әртурлі типтеріне тән белгілі бір белгілердің комбинациясы тән.

Гинекологиялық аурулардың клиникалық ағымы науқастардың орталық нерв жүйесімен байланысты типологиялық ерекшеліқтеріне негізделген. Бұл әйелдің жыныс жүйесі қызметінің психогенді бұзылыстарын түсінуге маңызды. Күшті, нерв жүйері мықты типті науқастар өзінде анықталған ауруға ұстамды болады. Күшті, бірақ нерв жүйесі тұрақты емес әйелдер жоғары қозғыштығымен, шыдамсыздығымен көрінеді. Әлсіз типті әйелдер әртүрлі шағымдарды көп айтады, тітіркенгіш, қорқақ болады.

Эндокриндік бұзылыстардың диагностикасында науқастарды антропометриалық зерттеу, сонымен қатар жыныстық белгілерінің даму дәрежесін және сипатын бағалау маңызды болып табылады.

Антропометриалық өлшеудің арнайы техникасы ұсынылған, ол келесілерді анықтаудан тұрады: 1) кеуде торшасының айналымы (тыныс шығару кезіиде) сүт бездері астынан; 2) жыныстан үлкен ұршықтың биіктігі; 3) бойы; 4) санның үлкен ұршығы аралығындағы қашықтық; 5) иық сүйектерінің үлкен бұдыры деңгейі аралығындағы қашықтық және басқа биометриальды көрсеткіштер. Бұл параметрлерді анықтау үшін сантиметрлік лента, ростомер және тазомер колданылады. Дені сау әйелдің морфограммасы антропометриялық өлшеу мәліметтері көрсетілген горизонатальды сызық түрінде болады. Май тканінің дамуы және оның таралуы эндокриндік бездердің қызметімен байланысты. Гипоталамустың аймақтық зақымдалуына алжапқыш тәрізді семіру тән. Май ткані көп мөлшерде жамбас сан буыны аймағында («галифе»), иықтың жоғарғы үштен бірінде жинақталады. Кушинг синдромында май клетчаткасы беті, денесі, арқасы және ішінде жинақталады. Аналық безінің қызметінің айқын әлсіреуі нәтижесінде пайда болатын климактериалық семіздік май клетчаткасының иықта VII мойын, I және II кеуде омыртқасы аймағында, кеудесі, іші, санында жинақталуымен сипатталады. Терісінің түктенуінің ерекшелігін анықтау клиникалық маңызды болып табылады. Түктенудің келесі түрлерін ажыратады: 1) lanugo; 2) екі жынысқа да тән түктену; 3) бір жынысқа тән түктену.

Lanugo — ұлпаны еске түсіретін нәзік түтік түктену, ол ұрықтың және жаңа туған нәрестенің терісін жабады және туылғаннан кейін бірнеше күннен соң жойылады. Әйелдерде қалыпты түтіктену қасаға және қолтық аймағында анықталады. Оның айқындалу дәрежесі аналық безінің, бүйрек үсті безінің гормональды белсенділігінен, сонымен қатар, андрогендердің әсерінен түк фолликулдарының сезімталдығына байланысты.

Дененің шектен тыс түктенуі гипертрихоз деп аталады. Бұл кезде әйел организміне тән орындарда айқын түктену болады (қасаға, үлкен жыныс ернеулері, қолтықасты). Гирсутизм дегеніміз еркектипі бойынша түктену. Әйелдерде гирсутизм болса бетінде, көкірек аралық жүлгеде, емізік айналасында, іштің ортаңғы сызығында түктену байқалады. Вирилизм дегеніміз — андрогендер әсерінен пайда болған еркек тәрізді сипаттағы белгілердің әйелдерде байқалатын белгілер жиынтығы.

Теріні қараған кезде ашық түйне көңіл аударады, ол негізінең қан тамырларының жағдайына және пигментацияға байланысты. Тері жамылғышының бозғыштығы қан аздық нәтижесінде болады. Депигментация және гиперпигментация эндокринді бездердін қызметінің бұзылуымен байланысты. Депигментация меланостимулин гормонын өндірілуінің төмендеуі (гипофиз қызметінің бұзылуы) нәтижесінде болады. Гиперпигментация (терінің қоныр тартуы) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметінің жетіспеушілігінде болады (Адшок ауруы).

Ішкі мүшелердің жағдайы жалпы қараудан кейін зерттеледі. Артериалды қан қысымын өлшейді, пульстың сипаты, тыныс алу жиілігі анықталады, жүректің, өкпенің перкуссиясы және аускультациясы жасалады.

Міндетті түрде сүт бездерің зерттеу жүргізіледі. Олардың дұрыс жетілмеуі инфантилизмге тән. Пальпация кезіңде консистенциясына және тығыздалудың болуына көңіл аударады. Тығыз түзіністерді табу, қосымша, тереңірек зерттеуді қажет етеді және қатерлі ісікті анықтау керек. Ішті караған кезде оның өлшеміне, конфигурациясына, кебуіне, симметриялылығына, тыныс алуға қатысуына, іші куысында бас сұйықтықтың болуына көңіл аударады. Қажет жағдайда іштің аумағын сантимерлік лентамен өлшеу жүргізіледі. Іш қабырғасын пальпациялау патологиялық түзілістердң анықтау да практикалық маңызды. Іш кабырғасының қатаюы ішпердесінің тітіркенуінің маңызды сиптомы болып табылады және жатыр қосалкыларының жедел қабынуына, жамбастың және диффуздық перитонитте байқалады. Перкуссия пальпацияны толықтырады және бөлек мүшелердің шектерән, ісіктің контурын анықтауға іш куысында бас сұйықтық болуын анықтауға көмектеседі. Іштің аускульпациясы диагностикалық маңызды болып табылады.

Арнайы (гинекологаялык) зерттеу. Сыртқы жыныс мүшелерін қараудан басталады. Қараған кезде қасаға аймағындағы түктену айқындынша, патологиялық өзгерістеріне (ісіну, ісік, атрофия, пигментация және т.б.), аралықтық пішініне және биіктігіне (биік, аласа) оның жыртылуына, жыныс өзегінің жағдайына (жабық немесе ашық), қынаптың кабырғасының түсуіне (өзбетінен және күшену кезінде) көңіл аударады, жыныс саңылауын ашқан кезде вульваның кілегей қабатының түйне, уретраның сыртқы саңылауының жағдайына, парауретралды жолдарға, қынап кіреберісінің үлкен бездерінің шығару өзектеріне, қынаптың бөлінісіне көңіл аудару керек. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап болғаннан кейін аналды аймақты қарау керек (жарылу, геммороидалды түйіндер және т.б.), сыртқы қынаптың жәті жатыр мойнының патологиялық өзгерістерін анықгауда маңызды. Кңнаттгьщ айна көмегімен қарау жатыр мойнының рак алды ауруларын және рактың алғашкы белгілерін, сонымен қатар, басқа патология түрлерін анықтауға көмектеседі, сондықган айна көмегімен әйелді зерттеу әрбір гинекологиялық зерттеудің міңдеті болып табылады.

Қынап арқылы зерттеу қынапқа II және III саусақты енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбас түбінің бұлшық еттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, қынаптың күмбездердің тереңдігің, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын анықтау мүмкін болады (қалпы, көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынуы және т.б.). Бұл зерттеу сонымен қатар, жамбас қабырғасының жағдайы туралы (сүйекті экзостоздар) ойлауға көмектеседі.

Ректальды зерттеуді II саусақпен жүргізеді. Ол жатыр мойнының, паравагинальды және параректальды клетчатканың жағдайын анықтауға, тік ішектегі өзгерісті анықтауға (тарылуы, ісікпен басылу, кдбырғасының инфильтрациясы және т.б.) көмектеседі. Бұл зерттеуді жыныстық өмір сүрмейтін науқастарда жасайды. Ректовагинальды зерттеу II саусақты қынапқа, III саусақты тік ішекке енгізу арқылы жасалады. Бұл біріккен зерттеуді параметральды клетчатка және тік ішек — жатырлық бұлшық еттін патологиялық өзгерістеріне күмән болғанда жасайды. Зерттеуді гинекологиялық креслода жүргізеді. Инструменталды зерттеу әдісі қынапты және жатыр мойнының қынаптық бөлігін айна көмегімен кдрау, жатырды зондтау, қынаптьщ артқы күмбезі арқылы іш куысының пункциясы, биопсия (жиі жатыр мойны), жатыр куысының құрамын алудан тұрады.

Жатырды зондтау — жатырлық зонд арқылы жүргізіледі. Ол ұзындығы 20-25 см, ұшы дөнгелектеніп қалыңдаған металл стерженнен тұрады. Зондтау арқылы жатыр куысындағы деформацияны (полип, кілегей астылық түйіндер), даму ақаулары (перде, екі мүйізді және т.б.), жатыр қуысының ұзындығын анықтауға болады.

Атқы күмбез арқылы іш куысын пункциялауды 12 см қалың инемен жүргізеді. Бұл зерттеуді жатырдан тыс жүктілік және жатыр қосалқыларының кдбыну арасындағы екшеу диагностикасы мақсатында жүргізеді.

Микроскопиялық зерттеуге биопсия объектісі — жиі жатыр мойны болып табылады. Жатырдың биопсиясына көрсеткіш жиі әртүрлі патологиялық процестер, әсіресе оның қатерлі екендігіне күмән туса. Сирек вульваның және қынап қабырғасының биопсиясын жасайды. Жатыр мойнының биопсиясы зақымдалған және өзгермеген тканнен сына тәрізді аймақ кесіп алудан тұрады.

Хромодиагностика — айқындалған биопсиясы орындау үшін қажет. Айналар көмегімен жатыр мойнын ашады және кілегейден тазартады, сосын Люголь ертіндісімен ылғалданған тампонды жатыр мойнына енгізеді, 1 минуттан кейін тампонды алып тастайды және тканьдердің боялуын бағалайды. Кұрамында гликоген жеткілікгі өзгермеген эпителий тегіс қоңыр түске боялады. Патологиялық аймақтар құрамында гликоген мөлшері жеткіліксіз болғандықган Люголь ерітіндісімен боялмайды және қоңыр фонда әртүрлі акщыл дән түрінде көрінеді. Қынаптық эпителийдегі гликогеннің құрамы физиологиялық өзгеріп отырады. Сондықтан бұл сынамада тек қана түсіне емес тканнің боялу тегістігіне көңіл аудару керек. Йодпозитивті деп санаймыз егерде қоңыр түске тегіс боялатын болса. Және йоднегативті деп санаймыз егер арасында бөлек ақшыл аймақтар болса. Бұл зерттеулерді акушер-гинекологкд бірінші рет қаралған әйелдердің барлығына жасайды. Жатыр мойны кілегей қабатын және жатыр денесін бөлек диагностикалық қыру әртүрлі қатерлі және қатерсіз процестерді анықтауда жүргізіледі (гипероластикалық процестер рак алды өзгерістері, рак және т.б.), бөлек диагаостикалық қыруды жасау үшін жатыр мойнын айнамен ашады және қысқашпен бекітеді, сосын жатыр куысын зондтайды, жатырдың орналасуьш және ұзындығын анықтайды. әрі қарай бесар кеңейткіштерімен жатыр мойны каналын кеңітеді, әрі қарай жатыр қуысына кіші размерлі кюветканы енгізеді және жатыр түбінен ішкі ернеуіне дейін біртіндеп жатырдың кілегей кдбатының қыруын жасайды. Сосын жатыр мойны каналының қыруына көшеді. Алынған қырындыларды формалин бар ыдысқа салып, гистологиялық зерттеуге жолдайды. Бұл операция стационарда жасалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *