XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра калдырды. Ғабең көзінің тірісінде-ақ аса дарындылығымен, талғампаздығымен, шығармашылық шеберлігімен халкының зор құрметіне бөленген болатын. Жазушының шын өмірі өзі мәңгілік ғұмырға кеткеннен кейін басталады. Сөз зергері атанған Ғ. Мүсіреповтің інжу-маржандай кұлпырған көркем шығармалары қазірде окырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде; өмірдің кұпияларына терең бойлатып, асқақ идеалдарды уағыздауда; жүректерге жалын, рухани куат беріп жарқын болашақтарға бастауда; эстетикалык ләззат кұйып, адамдардың бакытты өмір сүруіне көмектесуде. XXI ғасырға қадам басқан қазақ әдебиетін Ғ.Мүсіреповсіз көзге елестету киын.
Ғабит Мүсірепов ең алдымен, жазушы. Оның каламынан шыққан «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне», ана такырыбына жазған әңгімелеріқазақ әдебиетінің алтын корына косылған асыл дүниелер. Жазушы шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, арман-аңсары кемел көркемдікпен шебер бейнеленді; сөз өнерінің асқан шебері ретінде академик-жазушы атанды.
Ғабит Мүсірепов — дарынды драматург. Күні бүгінге дейін қазақ театрларының сахнасынан түспей келе жаткан «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Акан сері-Ақтоқты» сиякты пьесалары қазақ драматургиясының классикалық үлгілерінен саналады. «Амангелді», «Болашакка аманат» та тарихи кайраткерлерді көркем сомдай білген кесек туындылардын катарында.
Ғабит Мүсірепов — алмастай өткір алымды сыншы. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде Ғабең пікір білдірмеген жазушы, елеулі мәселе жоқ десе де болғандай. Оның басты сын-зерттеу еңбектері «Суреткер парызы», «Заман және әдебиет», «Күнделік», т.б. жинактарында топталған.
Ғабит Мүсірепов — шебер аудармашы да. Ол М.Горькийдің, М.Шолоховтың, О.Генридің, А.Островскийдің, В.Шекспирдің Мольердің, т.б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті.
Ғабит Мүсірепов — көркем очерктің майталманы. Жазушы -«Аттың сыны», «Жапон әсерлері», «Кездесулер» сиякты тамаша очерктердің авторы.
Ғабит Мүсірепов — киносценарист. Ол «Амангелді» (Б.Майлин мен В.Ивановпен бірге), «Қыз Жібек» кинофильмдерінің сценариін жазған.
Ең бастысы, ол — еліне абыройлы азамат болды. «Ақын болмасаң болма, азамат болуға міндеттісің» деп Некрасов айткандай, Ғабит Мүсірепов — отанына адал кызмет еткен, қазақ халкының жаркын болашағы үшін әдебиет майданында аянбай күресіп, сөз өнерінен биік рухани мұнара тұрғызған абзал азамат. Ғабең бізге осысымен де кымбат.
Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазакстан облысы Жамбыл ауданында туылған. Сауатын ауыл молдасынан ашкан ол он төрт жасында Омбыдағы екі кластық орыс мектебіне окуға түседі. Осы мектепте оған белгілі педагог, жазушы Бекет Өтетілеуов орыс тілі мен әдебиетінен дәріс береді. Болашак жазушының әдебиеттің жолына түсуіне бұл жағдай айтарлықтай ыкпал жасайды. Бұл турасында жазушы кейіннен «Бекет менің киссаға кұмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тарта бастады» деп жазды.
Екі кластық орыс мектебін бітірген соң ол Б.Өтетілеуовтің тікелей көмегімен Пресногорьковтағы жоғары бастауыш мекгепте білімін жалғастырады. Осында жүргенде орыс, батыс әдебиеттеріне зер сала танысады. Көркем әдебиетке деген кұштарлығы арта түседі. Ғабит Мүсірепов жоғары бастауыш мектепті 1921 жылы бітіреді.
Төңкерістен кейінгі қазақ даласындағы әлеуметтік өмір дүмпулі болатын. Ғабит Мүсірепов ел ішіндегі саяси науқандарға араласып кетеді; мектепті бірге бітірген жиырма шақты бала «Ақмола облысының оңтүстік партизандарының группасы» деген отрядқа келіп косылып, ақ қазақтарға карсы күреседі. Содан кенін ауылда әскери комиссар, аудандык милиция бастығының орынбасары қызметтерін аткарады. Сол кезде елге танымал болып калған Мұкановпен кездесіп, оның кеңесімен Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (раб.фак) окуға түседі. 1923-1926 раб.факта оқыған кезде әдебиетке бет бұрғандай болды. Алғашкы әңгімесі қабырға газетінде жарияланады. 1925 жылы «Едіге» деген қысқа әңгімесі «Еңбекші қазақ» газеті бетінде жарык көрді.
Жұмысшылар факультетін бітірген соң ол Омбы каласындағы ауылшаруашылык академиясында бір жыл (1926) оқиды. Мұнда жүргенде де әдебиетпен айналысуын токтатпады. Мамандығына байланыста «Американ бидайығы»деген кітапша шығарды. Рабфакта окып жүргенде жазған «Тулаған толқында» атты әңгімесін кайтадан повеске айналдырып жазады.
1927-1928 жылдары Шортандыдағы (Щучинск) орман шаруашылығы техникумында окытушылық кызмет істейді. Осы кездерден бастап көркем шығармашылыкпен белсенді түрде айналыса бастайды. Ол 1928-1938 жылдар аралығында кеңес, партия, баспа орындарында әртүрлі кызметтер атқарады: «Қазақстан» баспасының директоры; Қазақ АССР оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі (1933); «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы (1934-1935); БК(б)П Қазақстан өлкелік Комитетінің баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1936); Қазақстан Орталық партия Комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937).
Ғабит Мүсірепов 1938 жылдан 1955 жылға дейін бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды. 1955-1966 жылдарда «Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1966 жылдан өмірінің соңына дейін тек шығармашылықпен айналысты. Социалиетік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, КСРО және Қазақ ССР Жоғары Советтерінің депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің мүшесі, КСРО және Қазақстан жазушылар одактары басқармаларының хатшысы, Азия-Африка елдерімен достық-ынтымақ жөніндегі советтік комитеттің және Еуропа мәдениеті коғамы аткару комитетінің, Лениндік және Мемлекеттік сыйлыктар жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде қыруар қоғамдық жұмыстар аткарды. Ол қазақ әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі үшін көптеген ордендермен, медальдармен марапатталып, әдеби, ғылыми сыйлыктардың иегері атанды.
Ғабит Мүсіреповтің тырнакалды туындыларында төңкерістен кейінгі қазақ даласында болып жаткан саяси-әлеуметтік оқиғалар көрініс тапкан. Алдында әңгіме болып жазылып, кейіннен (1928) повеске айналып, жарық көрген «Тулаған толкында» жиырмасыншы жылдардағы ел өмірінде орын алған саяси күрес, оның жекелеген адамдардың тағдырына тікелей әсері суреттеледі. Қазақ даласын ояткан Октябрьдің дабылы мен дауылы ел ішіне өзгерістер әкелді. Повесте екі айрылып, бір жағы актар, екінші жағы қызылдар болып соғысып жаткан елдің аянышты халі біршама сәтті көрініс тапқан.
«Тулаған толкында» қазақ ағартушы-демократтарының тікелей әсерімен жазылған. Мұнда да қазақ кызы Шәйзаның бас бостандығы үшін күресін көрсету негізгі мақсат тұтылған. Сонымен бірге ел ішіндегі Оспан, Итемген сиякты бай-болыстардың өркөкірек, менмен мінездері, озбырлык, жыртқыштық әрекеттері аяусыз ажуаланады. Повестің сюжеттік желісі ауылдағы байлар мен кедейлердің арасындағы таптық тартыска, ескі мен жаңаның арасындағы күреске кұрылған.
Ғабит Мүсіреповтің алғашкы туындысында-ақ суреткерлікке тән таланты өзіндік ерекшеліктерімен айқын көрінді. «Ұзамады, ұзын астауға салынып балқыған бағланның еті келді. Бүгілген тізелер жазылыл, көсіліп, мінгескен аяктар жиналды. Еріндегі насыбайлар кілемнің астына тасталды. Екі кұлағы қапқайып, езуі ыржиып, таңдайы көрініп жатқан козының басы мен теңкиіп жаткан сары қазысы бар ұзын астау ортаға келіп сылқ ете түсті» — деген жолдардан Ғабит Мүсіреповтің стиліне тән жылы юмор, бейнелілік, ықшамдылык байкалады.
Дегенмен де жазушының тырнақ алды туындысында арқауының солғындау түскен тұстары да кездеседі. Бұл повестің сюжеті мен композициялык кұрылымының босаңдау өрілуіне байланысты болатын. Ауылдағы таптық тартыстар, ақтар мен қызылдар арасындағы күрес, Біржан мен Шәйзаның арасындағы сүйіспеншілік сияқты бірнеше окиға тізбегі суреттеліп, бұлардың біртұтас сюжеттік желі, композициялык кұрылым түзе алмай, шашыраңкы шығуы, жымдаскан тұтастыктың жетіспеуі повестің негізгі кемшілігі ретінде көрінеді. «Толқында туған» повесінен соң Ғ.Мүсірепов қалам қарымын әңгіме жанрында байкап көрді.
«Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Бір адым кейін, екі адым ілгері» (1932), «Талпақ танау» (1934) сияқты әңгімелерінде төңкерістен соң қазақ даласында болған саяси өзгерістер-байларды тәргілеу, халықты ұжымдастыру суреттеледі.
«Қос шалкар» әнгімесінде осы аттас көлдің жағасында өмір сүріп жаткан елдің тұрмыс-тіршілігі, жаңа заман әкелген жаңалыктар әсерлі бейнеленеді. Әңгіменің сюжеті карапайым да шебер кұрылған. Автор «Қос шалкарда» үш рет болған. Әр жолы болғанында көргендерін көркем баяндау аркылы бұл өңірде болып жаткан өзгерістерді шынайы бейнелей алған. «Қос шалқар» бұрын Қасым байдың иелігінде болып келсе, соңғы келгенінде халыктың меншігіне айналған. Еңбекші жұрт ұжымдасып, шаруашылық кұрған. Бірігіп еткен еңбек алғашкы жемістерінде бере бастаған. Елдің еңсесі көтеріліп, ертеңгі күнге деген сенімі арта түскендей.
«Алғашқы адымдарда» колхоз құрылысының қазақ шаруаларының тіршілігіне, психологиясына әкелген өзгерістері көрініс тапкан. Әңгімедегі Ақан мен Қиналған «қой аузынан шөп алмайтын» жуас, момын жандар болатын. Кедейшілік қысып, жігері кұм болған екеуі кейіннен колхозға кірген соң өз еңбектерінің нәтижелерін көріп, жігерлене бастайды; сана-сезімі оянып, бақытын маңдай терімен табуға ұмтылады. Ал «Көк үйдегі көршілер» колхоз кұрылысына жасалынған зиянкестіктерді суреттейді. Момын шаруа Сәрсен колхозға карсы Ташкеннің ықпалына түсіп, шаруашылыққа біраз зиян келтіреді. Кейін райынан кайтады; іштей катты күйзеліп, «Ұсынған мойынды қылыш шаппас» дегендей, өзі келіп кылмысын мойындайды. Сәрсеннің сана-сезіміндегі өзгерістер, толғаныстар шебер көрінген.
«Талпақ танау» (1933) — Ғ.Мүсіреповтің ғана емес, отызыншы жылдардағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табыстарының бірі. Колхоз болып ұжымдаскан шаруалардың дәстүрлі кәсіптерімен бірге оның жаңа түрлерін де игере бастағаны, шаруашылыктағы жаңалыктардың ауыл кедейлерінің психологиясына айтарлыктай өзгерістер әкелгендігі шебер суреттеледі. Колхоз бастығы Сәден көрші шаруашылықтың шошқа өсіріп, үлкен пайда тауып отырғанын көріп, іштей есеп кұрып, бірнеше шошка сатып әкеледі. Шошқаны кәпірдің малы деп есептейтін ауыл адамдары алғашында оған үрке қарайды. Есен деген момын адамды жабылып жүріп шошқа бағуға көндіреді. Арада біраз уақыттар өтеді. Шошқалар торайлап, өсіп береді. Оның етін мемлекетке өткізіп, колхоз көп пайда табады. Колхозшылардың тұрмысы жақсарады. Шошқа баққан Есенге кешегі күлушілер бүгін қызыға да қызғана карайды.
Әңгіменің композициялық құрылымы шебер жымдасып, әсем көмкерілген. Ғ.Мүсіреповтің суреткерлік стиліне тән риясыз юмор, психологизм барынша жарқырап көрінген. Жаңа түлік шошқаның төңірегіндегі оқиғаларды, айтылып жаткан әнгімелерді мырс етпей оқу киын. Суреткер кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді бергенде шын шеберлік танытады. Сырлы сөзбен сұлу сомдалған кейіпкерлер, дәл детальдар, әсерлі окиғалар, көрікті көріністер психологиялық толғаныстармен тұтаса келіп, өзгеге ұксамайтын өзгеше бір шынайы әсемдік әлемін кұрайды, Ғ. Мүсірепов қаламының көркемдік қуат, дарын даралығы бар болмысымен жаркырап көрінеді.
Ғабит Мүсіреповтің алғашқы әңгімелерінде төңкеріс әкелген адамдардың тұрмыс-тіршілігіндегі, сана сезіміндегі жаңалықтар шынайы көріністер тапты. Жазушының бұл процесті қуана қарсы алғандығы, шабыттана жазғандығы көрінеді. Сонымен бірге социализмді тезірек орнату максаты мен кадрлардың сауатсыздығы, асыра сілтеушілігі салдарынан ел ішінде орын алған аса қиын жағдайлар жазушы жанын мазаламай койған жок. Байларды тәргілейміз деп, жай халыктың күн көріп отырған бес-алты малын тартып алу, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі ерекшеліктерін ескермей, күшпен бір жерге жинап ұжымдастыру сияқты мүлдем кате шаралардың «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ калмасын» деген екі жүзді әсіре ұрандармен жүргізілуі елді ашаршылыққа ұрындырып, халыктың жаппай қырылуына әкеліп соктырды. Міне, осындай саясатқа карсы Ғ.Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесін жазды. Бұл — С.Сейфуллиннің «Қызыл аты» секілді сол кездегі ел басқарып отырған коммунист басшылардың солакай саясатын барынша әшкерелеген, оған қаймықпай қарсылық көрсеткен, жазушының туған халкы алдындағы азаматтық парызын адал орындаған, осы шындықты шебер бейнелеген шынайы туындысы.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығында ана тақырыбы айрықша орын алады, Ол аналарға арнап он шакты әңгіме, повесть («Ұлпан») жазды. Жалпы әйел тағдыры қазақ жазушыларының көбін толғандырған. М.Әуезов шығармаларындағы кер заманда қорлықпен өмір сүрген корғансыз жандардың талайлы тағдыры тебірентпей коймаса, Б.Майлин жаңа заманның лебімен әлеуметтік мәселелерге, болашак үшін күреске араласа бастаған қазақ әйелдерінің бейнесін жасады. Ал Мүсіреповтің қаламынан шыққан әйелдер аса кайратты, жігерлі, сана-сезімі ояу, әрі нәзік, әрі қайтпас кайсар, балаға, адамға деген махаббаты аса күшті, жеңімпаз болып көрінді. Сонымен бірге өршіл романтизм мен шыншыл реализм шебер шешімін тауып, кейіпкерлер бірде асқак, бірде қарапайым көрінеді.
Ғабит Мүсірепов — сан кырлы, сан сырлы үлкен дарын иесі. Мөлдіреген тіл тазалығы, образдар мен окиғаларды бейнелеудегі шынайы шеберлікке жеткізген нәзік психологизм мен буырқанған драматизм, женіл юмор, адамзаттық асыл армандардың асқақ бейнеленуі жазушы каламынан шыққан шығармаларды қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларының катарына косты.