Ғабиден Мұстафин туралы мәлімет

Ғабиден Мұстафин туралы мәліметҚазақ әдебиетінің тарихында кезінде Ғабит Мүсірепов «Алыптар тобы» деп атаған ғажайып бір ұрпақ бар, Олар — XX ғасыр басында Ахмет пен Міржақып шақыруымен оянып, қазақ халқының отаршылдық өзгіден азат болып, тәуелсіздік алуына, білім-өнер жолына ұмтылуына айрықша ынталы және үлес қосқан топ. Ахмет бастаған бір топ (Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек) ертерек репрессияға ұшырады да, қалғандары (Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит) қазақтың жаңа әдебиетін жасауға белсенді қатысты, халық емірінің барлық саласына араласып, ел болудың қамы үшін тер төкті. Олардың осындай ерлік еңбегін көзімен көріп, соған куә болған Ғабиттің «Алыптар тобы» деп атайтыны да осылар. Ад осылардан азғана кіші, әдебиетке сәл кеш келгенмең олар бастаған ояну дәуірін бірге кешкен бізде екі үлкен жазушы тағы бар, Олар — Ғабит пен Ғабиден. Түйдей құрдас екеуі әдебиетке де бір шамада (жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында) келді де, әр түрлі жағдайлармен өмірден ерте озған ағаларының арманын арқалап, ұзақ (83 жыл) өмір сүрді, Әдебиетте өлмес ірі туындылар қалдырып, көздері тірі кездің өзінде классик екендіктерін мойындатып кетті. Халқының құрметіне бөлеңді. Мұхтар мен Сәбиттің тірі кезінде үлкен үйдің төрт қабырғасындай бүкіл ұлттық әдебиетке тірек болған ағалардың өзара сыйластығын да, өздерінен кейінгілерге ұстаздығын да, халық қызметінен бас тартпаған қайраткерлітін де біз көріп өстік. Үкімет те олардың еңбегін бағалады, әрқашан биік шепте ұстады. Ол кездегі партияның ең жоғарғы ұйымы — Орталық комитетке де мүше (Мұхтардан басқасы) етті, Жоғарғы Кеңеске депутат та сайлады. «Халық жазушысы» (соңғы екеуі) атанды. Ұлттық Ғылым Академиясына мүше болды. Мемлекеттік сыйлықтар, неше дүркін жоғарғы дәрежедегі ордендер алды. Осы топта Ғабиден Мұстафиннің өзіндік орны болды.

Ғабиден Мұстафин өмірбаяны. Ғабиден 1902 жылы Теміртау жеріне таяу Жауыр тауы, Нұра өзені жағасындағы Сарытөбе деген елді мекенде дүниеге келген. Болашақ қаламгердің жастық шағы өз жерінде, ата-анасының жанында өтеді. Балалық шағында Ғабиден Мұстафиннің есінде жақсы жатталған бір жайт — туған елін орыс қызметкерлеріне тартып алып, елді Қарағандының Спасск заводына қараған бетіндегі қырға зорлап көшіруі еді. Жиырмасыншы жылдарда ауылда жаңа орнап жатқан өкімет жұмыстарына қатысады.

«1925 жылы көктемде Қазақстан астанасы — Қызылордаға оқу іздеп келдім, — дейді Ғабиден. — Оқуға түсе алмай, қызмет істеуге тура келді. Қазақстан жоғарғы сотында қатынас қағаздар тіркеуші болып отырып, газет оқуға үйрендім… 1925 жылдың күзінен бастап «Еңбекші қазақ» газетіне ұсақ хабарлар жаза бастадым. Келесі жылы (1926) очерк, фельетондар жазуға, Сәбиттің «Ақбөпесіне» еліктеп, әңгіме жазуға кірістім. Жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі -«Сәрсен мен Боқаш» 1927 жылы «Жыл құсы» альманағында жарияланған. 1929 жылы оның «Ер Шойын және басқа әңгімелер» деген кітабы Қызылордада басылады. Оларда Ғабиден сол дәуірдің ең бір өзекті тақырыбына үн қосып, теңдікке ұмтылған қазақ кедейлерінің алғашқы қадамын суреттеуге ұмтылады. Ол жаңа өмір үшін күрескен кедейді жаңа заманның негізгі кейіпкері ретінде таниды. «Кітапшаның мазмұның — деп жазды Ғабиден жинаққа жазған алғы сөзінде, — ауылдың жалшы кедейлері көрсетті. Мен соларды қорытып көзге елестетуге тырыстым».

1930 жылы Ғабиден Қарағандыға қайтып оралады. Жаңа ашылып жатқан өндірісте жұмыс істейді. Аз уақыт «Қарағанды пролетариаты» газеті редакциясында жауапты хатшы болады. 1933 жылы Новосибирск қаласында «Қызыл ту» атты қазақ газеті ашылып, соған Қазақстаннан жіберілген қызметкерлердің қатарында Ғабиден де кетеді. Онда ол 1938 жылға шейін істейді. Бұл жылдары ол газеттік әңгімелер мен очерктер, «Мазасыз мейман» атты пьеса жазады.

Ғабиден Алматыға 1938 жылы ғана ауысқан Осы кезден жазушы өмірінің жаңа кезеңі басталады. Үлкен өмір мектебін өтіп, біраз тәжірибе жинақтап қайтқан Ғабиден өзін үлкен прозаға дайындайды. Қарағанды өмірінен «Өмір не өлім» атты роман жазуға кіріседі. Роман соғыстың алдында (1941) басылады.

Ұлы Отан соғысы жылдары проза мен драматургияның шағын үлгілерін («Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден») жазған Ғабиден қайтадан жаңа роман жазуға отырады. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде тарыдан мол өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаған атақты тарышы Шығанақ Берсиевтің өмірі мен еңбегін зерттейді. «Шығанақ» романы 1945 жылы басылады. Осыдан бастап Ғабиден шығармашылығы оқырман назарына ілігіп, орыс және шет ел тілдеріне аударылады. Сол арқылы әлем оқырмандары кітапханасынан орын ала бастайды.

Бұдан кейінгі жылдары жазушы үздіксіз іздену, өсу, өрлеу жолына өтті. «Миллионер» (1947), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1957), «Көзкөрген» (1963) сияқты романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен, тақырыптық жаңалығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, авторын әдебиетіміздің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді.

1953-1957 және 1961-1964 жылдары Ғабиден Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (кейін бірінші хатшысы) болып істеді. Осы екі мерзімнің арасында және соңында одақты Ғабит басқарды. Екеуі де СССР Жазушылар одағының хатшысы болып сайланды. Осы екі үлкен ағалар басқарған жылдар Жазушылар одағының ең бір өркен жайған кезі саналады. Одақтың, жазушының беделі өсті. Кейін «алпысыншы жылдардың ұрпағы» делініп жүрген жаңа, жас таланттар әдебиетке келіп, олардың еңбегі қолдау тапты. Жазушыларға қамқорлық артты, оларға арналып бірнеше тұрғын үй тұрғызылды. Облыстарда Жазушылар одағының бөлімшелері ашылды. Халық пен мемлекет алдында беделі зор екі классигіміз сұрағанын ала да, алғанын тиянақты іске асыра да білетін жандар еді. Қызметтен кеткеннен кейін де екеуі одақ президиумының, ақсақалдар кеңесінің мүшесі ретінде ақыл-кеңесімең жанашыр көңілімен одақ жұмысына көмектесіп отырды. Осындай үлкен істерде Ғабиденнің мінезінің тұрақтылығы, айтқанын екі етпейтін табандылығы, ойланбай, асығыс шешімге келмейтін сабырлылығы айрықша көрінетін. Жазушы есебінде ол да заманының жыршысы болды, соған қызмет етті.

Ғабиден заманы қайшылықты, күрделі заман болғаны бүгін елдің бәріне аян. Бір жағынан, қазақ халқын екі дүркін аштыққа душар етіп қырғынға ұшыратқан қатыгездік, кеңестік империяның ұсақ ұлттардың үнін шығармай, басып ұстаған өктемдігі, ұлттық интеллигенцияны ұлтшылдық айыппен мезгіл-мезгіл жойып отырған коммунистік идеология үстемдігі — оның ішінде халыққа айрықша апат әкелген — 1937 жыл да бар, — қазақ жеріне басқа халықтарды көшіру арқылы жергілікті ұлтты азшылыққа айналдырып, оның тілің әдет-ғұрпын жоюға бет алу; екінші жағынаң аз жылдың ішінде дүние жүзіндегі ең қуатты мемлекетті орнатқан кеңес өкіметі, соның қолымен жасалған алып құрылыстар, өндіріс орындары, ауылда миллиардтап астық алғаң мал өнімін өндірген шаруашылықтар, халықты жаппай сауаттандырып, мектептер, жоғары оқу орындарың ұлттық академия мен театрлар ашқан мәдени революция, тағы басқалар. Адам еркімен есептеспей, оның азаматтық құқын жойып, еріксіз еңбекке жеккен заман солардың қолымен осындай кереметтер де жасаған.

Ғабиден осы заманның жыршысы болды. Сол дәуірдің проблемаларың табыстарың қайшылық-қиыншылықтарын көтерді. Ол өмірге оптимистік көзбен қарады. Сондықтан да қиыншылықтарды көре отырып, келешекке сенді, оның алып өндіріс — Қарағандыны жырлауы, ауылдағы өзгерістерге мұрындық болған Шығанақ сияқты шаруаның жаңа бейнесін жасауы, техникалық прогрестің жаңа жолына ұмтылған миллионер колхоздар болса деген арманы осыны аңғартады. Ол революциядан кейінгі ауылды советтендіру жылдарының қайшылықты тіршілігін ашып жазады. Феодалдық-патриархалды өмір кешіп келген қазақты бірден кеңес өкіметіне тарту, көшпелі елді бірден отырықшы етіп, оларды ортақтастыру оңай болмағаның таптар тартысы саясатының да халық басына аз ауыртпалық әкелмегенін жасырған жоқ. Сөйте тұра ол жаңа үкімет саясатының жеңісін құптады. Мұның өзі өмір шындығы еді.

Көшпелі елдің орнығуы, жермен кәсіп етуге үйренуі, жаңа өмір жасауға қажет кадрларды кедейлер мен бұрын езіліп келген топтардан , халықты сауаттандыруға бет алу — барлығы да жалпы қазақ тарапынан қолдау тапты. Халық сеніміне ие болып алып, жаңа өкіметтің артынан халықтың өзіне қол салуы — кейінгі мәселе.

Қаламгерлер де, шығатын кітаптар сапасы да әр түрлі болады. Олардың ішінде саясатқа ыңғайланғыш, жалаң ұранға құрылған үгіттік әдебиет те аз емес еді. Олар өмірде болғанның бәрін де мадақтап, жылтыратып көрсетуге тырысты. Ғабиден ұлы суреткер есебінде мұндай жеңіл жолға барған жоқ. Ол — нағыз творчество адамына тән еңбектің азабын тартқан жазушы. Ол заман идеологиясының жолымен емес, шындықтың жолымен жүрді. Оның кітаптарының мәңгілік сипаты да осында. Оларда жазушы өмір сүрген дәуірдің кең жасалғаң панорамалық суреті мен заман қиыншылықтарын кеше отырып, ілгері ұмтылған жаңашыл халық бар, сол халықтың ісі, қызметі, армантілегі бар. Егер «Көз көргеннен» бастап, «Дауылдан кейінге», «Шығанақ» пен «Миллионерге», «Қарағандыға» қарай жүрсек, олардан біз XX ғасырдың басынан бастап, жарты ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ халқы бастан кешкен күрделі де қайшылықты өмірдің кең жасалған суреттеріне кездесеміз. Заманның қоғам дамуы алдына қойған өткір проблемалары мен оны шешу жолындағы адамның тіршілігің қимылын көреміз. Бұлардың негізінде отаршылдық пен езгіге қарсы күресе отырып, халықтың өз билігі, азаттығы үшін күресі, рухани ізденісі, адамның қоғамдық өзгерістер легінде жаңаруы, өсуі, өшуі, тағы басқа мәселелер қойылады. Осы түрғыдан алғанда, Ғабиден романдарының проблемалық сипатын ерекше атауға болады. Ол нені, кімді суреттемесің сол кездің, кейіпкердің тағдырын дәуірдің өзекті мәселелерімен байланыста ашады. Сол арқылы әр қилы тарихи тартыстар фонындағы адамның тіршілік жолы бейнеленеді.

Әрине, әдебиет әлеміндегі характерлер де біркелкі бола бермейді. Олардың уақытқа бой алдыратыны да, алдырмайтындары да болады. Заман өзгергенмең адамның ұғым-түсінігі, адамгершілік қылықтары, заман ағымы туралы ойлары қалады. Ғабиден кейіпкерлері де осы тұрғыдағы биік талапқа жауап бере алады. Ол адамды замаң уақыт жағатын бояулардың түсімен емес, ісімең адамгершілік қылықтарымең ой-талғамымен өлшейді.

Осылардың бәрі кезьнде Ғабиден творчествосын жаңаны көргіш, қабылдағыш, өмірге батыл араласқан жаңашыл творчество есебінде әйгіледі. Оның еңбектері Одақ, дүниежүзілік көлемде кең талқыланды. Көптеген шет тілдеріне аударылды. Бұл тұрғыда қазақ жазушыларының ішінен Әуезовтен кейін одақтық аренаға танылған кісі Ғабиден болды. Фадеев оның романдарын елімізде ғана емес, шет елдерге барып та мақтады. Ғабиден әдебиет өмірде болған нәрсені ғана тізуші емес, өмірдің өзіне де ой салып отыру қажеттігін қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі боп ұқты. Оның романдарының проблемалығы, жаңашылдығы да осыдан туындады. А. Гайдардың «Тимур және оның командасы» кітабы өмірде болған фактылардан алынбай, кейін кітап шыққан соң ғана тимуршылар отрядтары құрылғанын ескерсек, жазушы идеясы жалпы әдебиет тәжірибесімен жалғасып жатқанын түсінеміз. Ғабиденнің емірмен байланысы нық, творчестволық жағынан белсенді жазушы аталуы мен оның өз дәуірінің жыршысы есебінде мойындалуының сырлары да осында.

Жазушы шығармашылығының осы ерекшеліктері оның атап айтарлық тағы бір сипатын еске түсіреді. Өз заманының ойшыл жазушысы есебінде Ғабиден ойлары, қоғамдық құбылыс, болмыс туралы сезінулері оның кітаптарында толық көрініс тапқан. Ол роман қаһармандарының ойы, сезімі, әрекеті ретінде танылады. Өз құрбыларының бойынан Ғабиденнің өзіне ұқсастық тауып, жастар бейнесінен оның ізденімпаз алғырлығың ұшқыр ойларын танитынымыз да сондықтан. Жазушы алғашқы қадамынан бастап өз тақырыбын, өз кейіпкерлерін тапты. Оның шығармашылық жолының табысты өтуі де осымен байланысты болды. М. Әуезов мұны жазушы жолындағы «үлкен бір ырысты сәттілік» деген еді. Ұлы жазушы өзінің тете інісінің еңбектерінен оның өз бойына біткен ойлылықты, ақыл-парасатты, жазушылығына жетекші болған тәлім-тәрбиені көріп қуанды.

Бұлардың бәрі Ғабиден шығармашылығының өмірмен біте қайнасқандығың онымен тығыз байланысты болғандығын танытады. Сонымен бірге үлкен жазушылықтың ар жағында үлкен Адам, Азамат тұрғанын көрсетеді. Жазушылығына қоса Ғабиденді халқына құрметті еткен оның осы кесек тұлғасы азаматтығы, ақсақалдығы еді. Ол сөзіне тұрақты, ісіне берік, бір сөзді адам болды. Әдебиетте де осындай адамдық сапаларды бейнеледі.Үнемі ой үстінде жүретін сабырлы, мінезді адамның ішкі қалтарысы да, мұрат-мақсаты да үлкен болғанын білеміз.

Ғабиден — таза жазушы емес, үлкен қоғам қайраткері болды. Қоғамдық, әлеуметтік істерге араласып, елдің, ұлттың дамуы жайында көптеген пікірлер айтқан адам. Ол әдебиет дамуының маңызды мәселелерін талқылауға белсенді араласып, өз тәжірибесін жас қаламгерлерге үлгі етіп әңгімелеп жүрді. Әдебиеттің қоғамдық белсенділігін көтеру, өмірмен байланысын арттыру, көркемдік шеберлікке жетілуі сияқты мәселелер жайындағы ойларын ортаға салды. Сөйтіп өз шығармаларындағы ойларын сыншылдық пікірлерімен толықтырып отырды.

Өзі еңбек сүйгіш, талғампаз жазушы әріптестеріне де сондай талап қоюшы еді. «Еңбекке төзімді болмайынша, ұзақ түндерде көз майын тауыса отырып бір жолды, бір бетті сан рет өшіріп, көшіріп жазуға шыдамайынша, нағыз жазушы болу мүмкін емес,-деп жазды ол-бір мақаласында. — Шабыт дегеннің өзі осы ұзақ, ауыр, ардақты еңбектің үстінде келеді… Бойға біткен дарынды ғажап өсіруге де немесе мүлде өшіруге де болады. Ол тек дән ғана. Дән ерінбей, ебін тауып күтсе өнеді, өседі. Әйтпесе, семіп қалады».

Табиғатында адал, адамдармен қарым-қатынаста әдепті де сыпайы, моральдық тұрғысы биік жазушы есебінде Ғабиден қаламгердің жеке басының мәдениеті, білімділігі, ізденімпаздығы, моралдық бейнесі барлық жағынан сай болуы, көпке үлгі болуы қажет деп санады. «Әдебиеттің, көркем сөздің беделін тек жаман жазылған шығармалар ғана түсірмейді. Жазушылардың да жаман қылық, мінездері де түсіреді. Жазушы деген өте ардақты ат. Әдебиетті сүйген адам жазушыны да сүймей қоя алмайды. … «Аяғына қарап асын іш» дегенді халық тегін айтпаған. Мейіріңді қандыратын мөлдір шығарма тек мөлдір көңілден шығады. Оны пасық көңілден іздеу лай судан балық іздеумен бірдей. Тіпті ішің жарқырап-ақ тұрсын сыртың былық болса, жиренеді жұрт. Халық дәстүрі қатал, ол дәстүрді бұзушының басы алтын болса да аяққа басылады. Сондықтан жазушы болам деген жас түзде түгілі, үйінде мораль, дәстүр, мінез, қылықтарды мықты ұстауы керек. Жазушы боларсың, болмассың, ал Отаныңның азаматы болуға міндеттісің».

Бұл — аға жазушының кейінгіге, жас ұрпаққа қалдырған үлгісі, өсиеті, ұлағаты. Жазушының жазғандарын бүгін қарап отырсаңыз, оның қазақтың ұлттық мұраларын жинап, қадірлеп сақтау мәселелеріне айрықша көңіл бөлгенін көреміз. Ғабиденнің өзінің құпия ойларын жазып жүретін «Сыр дәптері» атты күнделігі жеке бір үзінділері болмаса, әлі толық жарияланған жоқ. Соның беттерінде кейінһге үлгі, ғибрат боларлық ойлар тіпті мол

«Абайдан кейін біздің заманымызға дейін қазақтан туған білімді, талантты адамдардың ішінде аты мәлім төрт адам атаусыз ұмытылып барады, — депті ол бір жазбасында. — Олар — Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев. … Қазір уақыт өзгерді, қауым жанарды, тарихымызға сынай қарап, дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс дейтін шақ жетті. Сонда да Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдердің ғылыми, әдеби тамаша еңбектері әлі көмулі жатыр… Мен осы жайды кейінгі бес-алты жылда өзіміздің Орталық Комитетке (Қонаевқа) үш рет кіріп айттым. Кірген сайын бір сағат, сағат жарым әңгімелестім. Пушкин, Толстой, Горький сияқты әдебиет алыптары бар орыс халқы Буниң Есенин сияқты аласапыран күндерде қателескендердің қатесін кешіріп, қатарына қосып алды. Олардың еңбегі халық игілігіне айналды. Біз неге сүйтпейміз? Орыстан мәдениеттіміз бе, орыстан білімді адамға баймыз ба? Бұл сұрақтарға толымды жауап таба алмай, көмулі қазынаны ашып бере алмай, қиналады Қонаев, сөзбұйдаға сала береді… Саясатта Қонаев, әдебиетте мен сияқтылар кеңес дәуірінің бұрынғысы мен қазіргісін басынан кеше отырып, әділетті бүркеп кетсек, кейінгілер не демек? Біз бүркегенмен олар ашады. Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжаң Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес. Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан мен «Сыр дәптеріне» жазып кеттім, кейінгілердің қарғысына ұшырамауды ойладым. Дүниеден өзің кеткенмең ізің қалса болғаны. Сол ізбен келіп, сырыңды ашады кейінгілер».

Бұл сөзді ол 1979 жылы 6 ақпан күні жазыпты. Аталған жазушылардың ақталуынан дәл он жыл бұрын. Қандай көрегендік, данышпандық танытқан. Ғабиденнің ұлттық мұрат, мүдде жөнінде айтқандары бүгін елдің аузында жүр. «Бір кезде ұлтшылдықпен күресіп едік, енді ұлтсыздықпен күресу керек» дейтін қанатты сөзді де Ғабиден айтқан. «Сыр дәптерінде» жазылған «Қазақ тілінің қайғысы» деген шағын мақаласында да Ғабиден ұлттық тіл тағдырының жай-күйіне қатты алаңдатушылық білдірген. «Қазақ мектептері азайып барады, қазақ балалары көбінесе орысша оқиды. Қазақ бола тұра әке мен бала орысша сөйлесетіндер аз емес. Қазақ тіліндегі кітаптарды қазақ жастарының талайы орысша аудармасынан оқып жүр. Мұндай жағдайда қазақ тілі қалай күнелтеді?» — деп жазады ол. Жазушы осы іске мұрындық болып жүрген кейбір адамдардың атын атап сынайды. «Өнер алды — қызыл тілді» ұлт болып жасаған. Тілі жоқтың — ұлты жоқ. Ұлты жоқтың бойында ұлттық қасиет жоқ. Өз ұлтының қасиеті бойына дарымаса, басқа ұлттыкі қалай дариды? Интернационалист болу үшін бойында әуелі ұлттық қасиет болу керек. Сонда ғана басқа ұлттардың қасиетін бағалауға болады. Мұнсыз құр интернационалистпін деу — алдау не алдану» -деп қорытады ол ойын.

Ғабиденнің жазушылық шеберлігі, ұлттық сөз өнеріндегі орны бүгін ешкімге де талас емес. Ол — барша халық мойындаған тіл шебері. Аз сөзге көп мағына сыйғызғаң ұтымды, тапқыр, бейнелі сөз үлгісін тудырушы.

Осылардың бәрі Ғабиденге алдындағы ағаларымен қатар «Алыптар тобының» қатарына Тұруға право береді. Оның еңбектері жазушы жасаған дәуірдің көркем шежіресі есебінде жасайды. Жазушы позициясы заманға, қоғамға, халыққа, сенімге негізделеді. Бүгін оның ақталғаны бар, ақталмағаны да аз емес. Алайда Ғабиден туындыларында болашаққа деген адам арманы мен сенімі әрқашан алда тұрады. Олар осынысымен бағалы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *